Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы
16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Клаус Дидрихс - «Джей Пи Морган» Инвестициялық Банкінің
Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша
Директорлар кеңесінің төрағасы
Лакшми Венкатачалам - Азия Даму Банкінің вице-президенті
Пьера Франческо - «Финмекканика Групп» компаниясының Төрағасы
Гуаргалини және Бас атқарушы директоры
Серіков - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Асылхан Жұмағалиұлы технологиялар министрлігі Инвестиция
комитетінің төрағасы
Фердинандо - «Дженерал Электрик» компаниясының
Беккалли-Фалко президенті және Бас атқарушы директоры
Франс Мюллер - «Метро Кэш энд Кэрри Интернэшнл»
компаниясының Басқарма төрағасы;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Т.М. Жақсылықов, Лорд Робин Ренвик, Шаою Жао шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті