"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 407 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы
16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Клаус Дидрихс           - «Джей Пи Морган» Инвестициялық Банкінің
                          Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша
                          Директорлар кеңесінің төрағасы

Лакшми Венкатачалам     - Азия Даму Банкінің вице-президенті

Пьера Франческо         - «Финмекканика Групп» компаниясының Төрағасы
Гуаргалини                және Бас атқарушы директоры

Серіков                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Асылхан Жұмағалиұлы       технологиялар министрлігі Инвестиция
                          комитетінің төрағасы

Фердинандо              - «Дженерал Электрик» компаниясының
Беккалли-Фалко            президенті және Бас атқарушы директоры

Франс Мюллер            - «Метро Кэш энд Кэрри Интернэшнл»
                          компаниясының Басқарма төрағасы;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Т.М. Жақсылықов, Лорд Робин Ренвик, Шаою Жао шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады