Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығын қараңыз.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 сәуірдегі
№ 446 қаулысымен
бекітілген
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары 1. Жалпы ережелер
1. Осы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттау талаптары авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - Ұйым) қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттау талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері (бұдан әрі - ӘК), олардың жабдықтары, жиынтықтаушы бұйымдары, қозғалтқыштары мен тренажерлер;
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - АТ ТҚ) жөніндегі сыртқы желілік станция - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы оларға техникалық қызмет көрсету үшін құрған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерде әрекет ететін желілік станция;
3. рұқсат беруші персонал - әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, оның жүйесін немесе компонентін оларды АТ ТҚ және Ж орындалғаннан кейін пайдалануға рұқсат беру үшін куәландыратын авиациялық персонал;
4) инженерлік-техникалық персонал - ӘК және/немесе оның компонентін АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмысқа рұқсаты бар авиа маманның жарамды куәлігі бар авиациялық персонал;
5) ұшуға жарамдылық - әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін әуе кемесінің техникалық жай-күйі;
6) АТ ТҚ желілік станциясы - Қазақстан Республикасының аумағында АТ ТҚ негізгі базасы орналасқан әуежайдан тысқары кемінде үш ай мерзімге құрылатын АТ ТҚ жөніндегі ұйымның бөлімшесі;
7) ұшуға жарамдылықта ұстау - ӘК-нің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі және оларды жұмыс істеуінің пайдалану мерзімі бойында қауіпсіз пайдалану үшін қажетті күйде ұстау солар арқылы қамтамасыз етілетін шаралар кешені;
8) жөндеу - ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес анықталатын авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру;
9) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі жөніндегі нұсқау - АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен және АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызмет саласы, оның басшылығының функциялары мен міндеттері, инженерлік-техникалық персонал, құрылымы, өндірістік базасы, АТ ТҚ және Ж рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпараттан тұратын құжат;
10) сапа жөніндегі нұсқау - АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сапа саласындағы саясатын баяндайтын және сапа жүйесін сипаттайтын құжат;
11) басшы персонал - АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстарды өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес ресурстық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеткілікті өкілеттігі бар ұйым персоналының құрамындағы уәкілетті тұлғалар;
12) АТ ТҚ және Ж туралы куәлік - АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылықта баяндалған бекітілген деректер мен рәсімдерге сәйкес онда көрсетілген ТҚ жөніндегі жұмыстарды қанағаттанарлық орындауды растайтын мәліметтер бар құжат;
13) сапа жүйесі - сапа стандарттарына сәйкес сапаны әкімшілік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;
14) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі - ҰҚБЖ) - қажетті ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік сатылығын, басшылық ететін қағидаттар мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі көзқарас;
15) техникалық қызмет көрсету - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексеруді, алмастыруды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, жеке-жеке де, үйлестіріп те орындалатын ақауларды жою, сондай-ақ түрлендіруді немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
16) адам факторы - АТ әзірлеуде және сертификатауда, персоналды даярлауда, ұшуларды жүргізуде және ТҚ-да қолданылатын және адамның қасиеттерін тиісінше қарастыру және есепке алу жолымен адам мен жүйенің басқа да элементтері арасындағы өзара қауіпсіз іс-қимылға қол өткізуге бағытталған қағидаттар;
17) пайдалану құжаттамасы - ӘК-ні және ТҚ-ны қоса алғанда, компонентінің ұшуы мен техникалық пайдалануды регламенттейтін және пайдалану шектеулері, рәсімдер мен ұсынымдар бар құжаттама.
4. АТ ТҚ және Ж жөніндегі куәлікті авиациялық персоналға уәкілетті орган береді.
2. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар
5. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді (бұдан әрі - АТ ТҚ және Ж) жүзеге асыратын ұйымдар мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:
1) қызметтің мәлімделген саласында жұмыстарды орындау үшін жеткілікті бекітілген ұйымдық құрылымының және өз қызметін басқару жүйесінің болуы;
2) қызметтің мәлімдеген саласына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруға және орындауға қойылатын талаптарды айқындайтын жарамды және белгіленген тәртіппен ескерілген пайдалану құжаттамасының болуы;
3) ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті), ұшуға жарамдылық директивалары, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқаулары мен өкімдері, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат, ӘК әзірлеушінің (жасаушының) бюллетеньдері бойынша ӘК және оның құрамдауыштарына АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету;
4) АА-дағы қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және ұйымның ішкі құжаттамасының талаптары мен ережелерін (оның ішінде белгіленген тәртіппен бекітілген және қолданысқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) оларды уақтылы зерделеу және орындау мақсатында персоналдың назарына уақтылы жеткізу нұсқаулығының болуы;
5) жұмыстарды орындау және персонал үшін талап етілетін жағдай жасау үшін ғимараттардың, құрылыстардың, қажетті энергия түрлерінің, өндірістік, қойма, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлардың болуы;
6) қажетті құралдар мен аспаптардың, сондай-ақ оларды жарамды күйде ұстау жүйесінің болуы;
7) жұмыстарды орындауға қажетті құрамдас бөліктердің, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының қажетті қорының болуы;
8) ұйымның штатында жоспарланған жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін мөлшерде қажетті білікті персоналдың болуы;
9) персоналдың біліктілігін қолдау (арттыру), оны даярлау және қайта даярлау жүйесінің болуы;
10) АТ ТҚ және Ж, модификациялау, жөндеу жұмыстарының және АТ-дағы өзге де жұмыстардың орындалғандығы туралы деректерді жұмыстардың толық көлемде және АТ ТҚ және Ж (жөндеу, модификациялау) бағдарламасына (регламентіне) сәйкес орындалғандығын растайтын деректерді тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ету;
11) АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстардың тиісінше орындалуына кепілдік беретін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің болуы;
12) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылық пен АТ ТҚ және Ж сапасы туралы басшылықтың болуы;
13) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (ҰҚБЖ) болуы.
6. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) қолайсыз ауа-райы жағдайларынан қорғауды қамтамасыз ететін барлық жоспарланған жұмыстарды орындау үшін өндіріс қуаттарының, зертханалардың, учаскелердің болуы. Техникалық қызмет көрсетуді орындаған кезде қоршаған ортаны ластаудан және әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін қажетті, өзара бөлінген цехтар мен ангарлардың болуы;
2) барлық жоспарланған жұмыстарды басқаруды қамтамасыз ету, сондай- ақ белгіленген АТ ТҚ және Ж стандарттарына сәйкес өзінің міндеттерін табысты орындай алуы үшін рұқсат берілген персоналды орналастыру үшін жұмыс (офистік) үй-жайларының болуы;
3) жабдықтармен жұмыс істеу үшін ангарларды, цехтарды (зертханаларды, учаскелерді) қоса алғанда, өндірістік орта жағдайының және офистік үй-жайлардың онда орындалатын жұмыстарға сәйкес келуі, бұл ретте:
үй-жайлардағы температуралық режим Цельсий бойынша 16-22 градус аралығында ұсталуы тиіс;
шаң мен ауаның басқа да ластануы барынша азайтылуы тиіс, ӘК-нің/компоненттерінің беткі қабатына шаң қонуы көзге түскенде, жұмыс аумағының ластануының мұндай деңгейіне жол берілмейді. Шаң немесе беткі қабатына шаң қону түріндегі өзге де ластану пайда болған жағдайда қолайлы жұмыс жағдайларын қалпына келтіргенге дейінгі кезеңде ластануға сезімтал барлық жүйені тығыз жабу қажет;
жарық АТ ТҚ және Ж жөніндегі тексерулердің барлық түрлерін, қараулар мен басқа да жұмыстарды тиімді жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс;
шу персоналдың жұмыстарды орындауына кедергі келтірмеуге тиіс, шу көзін реттеу орынсыз болған жағдайда аталған персонал артық шудың жұмыстарды орындауға кері әсерін жоятын қажетті дербес шудан қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс;
АТ ТҚ және Ж жөніндегі нақты жұмыс жоғарыда айтылғандардан ерекше өндірістік ортаның айрықша жағдайларын жасауды талап еткен жағдайда, мұндай жағдай жасалуға тиіс, мұндай айрықша жағдай АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамада көрсетіледі;
жедел АТ ТҚ және Ж орындау шарты Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс, температура, ылғалдық, тұман, мұз, қар, жел, жарық, шаң немесе ауаның осындай өзге де ластануы бөлігінде жол берілмейтіндей деңгейге дейін жұмыс жағдайы нашарлаған жағдайда, нақты жұмыс немесе АТ ТҚ және Ж түрі қалыпты жұмыс жағдайын қалпына келтіргенге дейінгі кезеңге кейінге қалдырылуға тиіс;
компоненттерді, жабдықтарды, аспаптар мен материалдарды орналастыру үшін қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған қойма үй-жайларының болуы. Сақтау шарты кондициялық және кондициялық емес құрамдастар мен материалдарды және басқа да өзге құрамдастарды, материалдарды, жабдықтар мен аспаптарды бөлек сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Сақтау шарты АТ әзірлеушілердің нұсқауларына жауап беруге тиіс, ал бұл үй-жайларға шектеу қойылып, рұқсат тек уәкілетті персоналға ғана берілуге тиіс.
3. Персоналға қойылатын талаптар
7. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жауапты басшыны тағайындайды, оған жұмыстарға тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстарды қаржыландыру және уақтылы орындау бөлігінде жауапкершілік жүктеледі.
8. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда ұйымның осы талаптарға тұрақты түрде сәйкестігіне қатысты жауап беретін басшы персонал болады. Бұл басшы персонал тек ұйымның жауапты басшысына ғана бағынады, бұл ретте:
1) басшы персонал Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық және экспериментальды авиацияның авиация персоналын аттестаттау қағидасына сәйкес аттестатталады;
2) әрбір нақты адамның, олардың ұзақ уақыт болмай қалған жағдайда орнын ауыстырудың айқын рәсімдері болуға тиіс.
9. Жауапты басшы кері байланыс жүйесін қоса алғанда, сапа жүйесіне қатысы жауапты болатын адамды тағайындайды. Бұл тағайындалған адам сапа және талаптарға сәйкестік мәселелері бойынша жауапты басшыға тиісінше ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін жауапты басшыға тікелей кіре алуға тиіс.
10. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда жоспарлау, орындау, өндірісті басқару және жұмыстардың сапасын бақылау үшін оны бекіту саласына сәйкес қызметкерлердің жеткілікті өз штаты бар екендігін растайтын жүктеме жоспары болуға тиіс. Бұдан басқа, ұйымда қызметкерлердің іс жүзіндегі штаты нақты жұмыс ауысымы немесе жұмыс кезеңі үшін жоспарланғаннан аз болған жағдайда орындауға қабылданған жұмыстарды жедел қайта жоспарлау рәсімі болуға тиіс.
11. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген рәсімдерге сәйкес ТҚ орындауға, басқаруға немесе жұмыс сапасын бақылауға қатысатын персоналдың құзырет деңгейін белгілейді және бақылайды. Белгілі бір еңбек функциясына қатысты қажетті жұмыс тәжірибесінен басқа, құзыреттілік деңгейі адам факторы мәселелері мен осы адамның ұйымдағы тиісті функциясына байланысты адамның қасиеттерін түсінуді қамтиды.
12. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мысалы, ӘК және/немесе құрамдастарды бұзылмайтын бақылау сияқты ұшуға жарамды етіп ұстауға байланысты жұмыстардың арнайы түрлерін орындайтын немесе бақылайтын персоналда ӘК/компонент бөліктерді әзірлеушілердің нормативтік талаптарына сәйкес келетін біліктіліктің болуын қамтамасыз етеді.
13. Сапа жүйесіне қатысты жауап беретін адам, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атынан рұқсат етілетін персоналға рұқсаттар беруге де жауап береді.
14. Ұйым барлық инженер-техникалық персоналдың тізілімін жүргізеді. Персоналдың тізілімі мыналардан тұрады:
1) АТ ТҚ және Ж жөніндегі мамандардың куәліктері туралы мәліметтер;
2) персонал өткен барлық даярлық түрлері туралы мәліметтер;
3) берілген рұқсаттар саласында;
4) шектелген немесе бірнеше рұқсаты бар персонал жөніндегі деректер.
15. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым тізілімнің деректерін инженер-техникалық персонал құрамындағы адам осы ұйымнан жұмыстан кеткен күнінен не рұқсатты жойған күннен бастап кемінде екі жыл сақтайды. Бұдан басқа, рұқсат етілген персоналдың құрамындағы жұмыстан кететін адамның сұрау салуы бойынша АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым бес жұмыс күні ішінде оған тізілімнен үзінді көшірме береді.
16. Инженер-техникалық персоналдың құрамындағы адамның сұрау салуы бойынша оған бір жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған тізілімнің жеке деректеріне рұқсат беріледі.
4. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның жабдықтарына,
аспаптары мен материалдарына қойылатын талаптар
17. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды орындау үшін бекітілген қызмет саласына сәйкес АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қажетті жабдықтарға, аспаптар мен материалдарға ие болады.
Егер АТ әзірлеуші нақты құралды немесе аспапты қолдануды көрсетсе, онда АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым осы жабдықты немесе аспапты АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылықта жабдықтардың немесе аспаптардың өзге түрлерін қолдану жөнінде рәсімдер белгіленген жағдайларды қоспағанда, қолданады.
Жабдық немесе аспап оны іс жүзінде ұдайы пайдаланудың мүлдем қажеттігі болмайтындай сирек қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жабдық пен аспап АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның ұдайы билігінде болады. Мұндай жағдайлар АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауда егжей-тегжейлі сипатталады.
Кезеңді ТҚ орындауға бекітілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қол-жетімді қажетті құралдармен жабдықталады және онда ӘК мұқият тексеру үшін тексеру мен қарауды жүргізу үшін тұғырнамасы (немесе балама жабдығы) болады.
18. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жұмыс істеу қабілетін және дәлдікті қамтамасыз ететін кезеңділікпен бақылау құралдарын қоса алғанда, барлық жабдықтар мен аспаптарды есепке алуды және метрологиялық бақылауды қамтамасыз етеді. Ұйым осындай метрологиялық бақылау және бұл ретте қолданылатын стандарттар бойынша есептік құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамаға қойылатын талаптар
19. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның өз билігінде АТ ТҚ және Ж жөнінде қолданатын құжаттар болады және оны түрлендіру мен жөндеуді қоса алғанда, АТ ТҚ және Ж орындау кезінде пайдаланады.
20. АТ ТҚ және Ж жөніндегі қолданылатын құжаттар мыналарды білдіреді:
1) әзірлеуші шығарған кез келген қолданылатын талаптар, технологиялар, пайдалану директивалары немесе өзге де деректер;
2) әзірлеуші шығарған кез келген қолданылатын ұшу жарамдылығының директивалары;
3) АТ типті сертификатты және оған толықтыруларды ұстаушылар, сондай-ақ осындай нұсқауларды шығаратын басқа да ұйымдар шығарған ұшу жарамдылығын ұстау жөнінде қолданылатын нұсқаулар;
4) осы Сертификаттау талаптарының 27-тармағына сәйкес шығарылған кез келген қолданылатын құжаттар мен деректер.
21. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым өндірістік персонал пайдаланатын АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамада дәл емес, толық емес немесе дұрыс емес рәсімдерді немесе технологияларды, мәліметтерді немесе нұсқауларды тапқан жағдайда мұндай деректерді тіркеуді және АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттама авторын хабардар етуді қамтамасыз ететін рәсімдерді белгілейді.
22. Ұйым АТ ТҚ және Ж жөніндегі нұсқауды АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сапасы туралы басшылықта айқындалған тәртіппен ғана өзгертеді, бұл ретте жөндеу мен түрлендіруге арналған құжаттаманы әзірлеу процестеріне жол берілмейді. Мұндай өзгерістерге қатысты ұйым ТҚ баламалы немесе неғұрлым жоғары стандарттарын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді және ӘК типті сертификатты ұстаушыны осындай өзгерістер туралы хабардар етеді.
23. Ұйым өз қызметінде пайдалану үшін технологиялық жұмыс карталарын әзірлеудің жалпы жүйесін жасайды. Бұдан басқа, ұйым осы технологиялық жұмыс карталарына осы Сертификатталған талаптарда көзделген АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамадан ақпаратты не толық не дәлме-дәл көшіреді не жұмыс карталарында АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды орындау бойынша нақты нұсқауларға дәл сілтемелер береді. Технологиялық жұмыс карталарын компьютерді пайдаланып қалыптастыруға және электрондық базада сақтауға рұқсат етіледі.
Мұндай жағдайда ұйым дерекқорды қорды рұқсатсыз өзгертулерге қарсы қорғауды және негізгі дерекқорға кез келген өзгерісті енгізген сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде жаңартылуға тиіс резервтік дерекқордың болуын қамтамасыз етеді. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстардың күрделі түрлерін орындауды есепке алу үшін олардың технологиясы жұмыстардың айқын және түсінікті кезеңдеріне бөліп, технологиялық жұмыс карталарына көшіріледі.
Егер ұйым өзінің технологиялық жұмыс карталарының меншікті жүйесін пайдалануды талап ететін ӘК пайдаланушыға АТ ТҚ және Ж қызметтерін ұсынса, онда пайдаланушы карталарының осындай жүйесін пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда ұйым ӘК пайдаланушының технологиялық жұмыс карталарын дұрыс орындауды қамтамасыз ететін рәсімді қабылдайды.
24. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманы өз персоналының кедергісіз пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
25. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым уақтылы жаңартып отыруға кепілдік беретін АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманың жай-күйін бақылау рәсімін белгілейді. Егер құжаттаманың жай-күйін осындай бақылауды ӘК пайдаланушы/тапсырыс беруші жүзеге асыратын және өзі АТ ТҚ және Ж жөніндегі осы құжаттаманы ұсынатын болса, онда АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мұны пайдаланушыдан/тапсырыс берушіден АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамаға барлық міндетті өзгерістердің енгізілгендігін куәландыратын хат не АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманы пайдалануға жататын мәртебені айқындайтын шартты не ӘК-не пайдаланушы/тапсырыс беруші берген АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамаға өзгерістер есепке алынған парақты беру жолымен растайды.
26. Ұйымда жөндеу, технологиялық және бақылау құжаттамалары болуға тиіс.
27. Ұйымда белгіленген тәртіппен бекітілген, құрамы және саны бойынша:
1) Ұйымның барлық қажетті технологиялық құжаттаманы әзірлеуін;
2) қажетті жөндеу құралдарын әзірлеуді және даярлауды;
3) бұйымды жөндеу процесінде барлық бұзылуларды (ақауларды) табуды және оларды бағалау мен жою жөнінде шешімдер қабылдауды;
4) бұйымдарды түрлендіруді және қалпына келтіру жұмыстарын орындауды;
5) бөлшектерді дайындауды қамтамасыз ететін, есепке алынған конструкторлық құжаттама болады.
28. Ұйым:
1) конструкторлық құжаттаманы басқару жөніндегі рәсімдерді әзірлеуді;
2) жөнделенетін авиатехниканың әрбір түрі бойынша жөндеу үшін құжаттар ведомосының болуын;
3) қолданыстағы конструкторлық құжаттаманы есепке алу мен сақтауды ұйымдастыруды;
4) түсіп жатқан өзгерістерді дұрыс және уақтылы енгізу мен оларды орындаушылар мен техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлеріне жеткізуді;
5) жарамсыз конструкторлық құжаттаманы қолданыстан алуды қамтамасыз етеді.
29. Бұйымдарды жөндеу (түрлендіру) авиатехниканы жөндеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын сақтай отырып, Жасаушы (Әзірлеуші) белгіленген тәртіппен әзірлеген жөндеу жөніндегі құжаттама (Жөндеу жөніндегі нұсқау, Негізгі бөлшектеу мен жөндеу рұқсаттарының альбомы және басқалар) бойынша жүзеге асырылады. технологиялық құжаттамада жұмыстарды орындау тәсілдері, кезектілігі және шарттары, бақыланатын параметрлер мен бақылау тәсілдері, технологиялық құрылғы, құрал мен материалдар, бұйымдарды зақымданудан және ластанудан қорғауға, өндірістік ортаға қойылатын талаптар, бөлшектерді сәйкестендіру тәсілдері көрсетілуге тиіс.
Жасаушының (әзірлеушінің) конструкторлық және технологиялық құжаттамасы, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік, салалық стандарттар мен өнеркәсіптің технологиялық нұсқаулықтары негізінде Ұйым әзірлеген технологиялық құжаттама қолданылуы мүмкін. Мұндай құжаттама Жасаушымен әзірлеушімен) келісілген.
Ұйым технологиялық құжаттаманы пайдалануды, өзгерістер енгізуді, орындаушыларға жеткізуді, есепке алу мен сақтауды жүзеге асырады.
Әуе кемелерінің (компоненттердің) жекелеген даналарын түрлендіру Әзірлеушінің құжаттамасы бойынша немесе онымен келісіліп орындалады.
30. Бұйымдарды жөндеудің (түрлендірудің) барлық сатысында:
1) бұйымның атауы мен нөмірінен;
2) түрлендіруді және конструкторлық құжаттаманың және технологиялық құжаттаманың (техникалық шешімдер парақтары, рұқсат карталары және басқалары) талаптарынан жіберілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнынан;
3) бөлшектердің, бұғаулардың және бұйымдардың іс жүзіндегі сипаттамалары мен параметрлерінен;
4) жұмыстарды орындау мен бақылау күнінен;
5) орындаушылар мен бақылаушылардың тегінен және қолынан (мөртаңбасынан, жеке таңбасынан) тұратын бақылау құжаттамасы ресімделеді.
31. Өндірістік-бақылау құжаттамасының (эталондық Жөндеу ісі) құрамы мен нысанын қолданыстағы нормативтік құжаттама негізінде бұйымның типіне және жөндеуді ұйымдастыруға қолданылатындай етіп Ұйым әзірлейді, бекітеді және түзетеді.
Бұйымдар ресімделген өндірістік-бақылау құжаттамасы «Бұйымды жөндеу ісінің» құрамында жинақталады.
32. Бұйымның әрбір данасына ресімделген «Жөндеу ісі» эталондық бұйымды жөндеу ісіне» сәйкес келуге тиіс.
«Бұйымды жөндеу ісі» бұйымды есептен шығарғанға дейін ұйымда сақталады.
Ұйым таратылған жағдайда «Жөндеу ісі» азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықтаған ұйымға беріледі.
33. Пайдалану құжаттамасының номенклатурасы мен оны жүргізу тәртібі уәкілетті орган бекіткен стандарттар мен авиациялық техниканы пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруге тиіс.
6. Өндірісті жоспарлауға қойылатын талаптар
34. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне жауап беретін және барлық ресурстарды: персоналды, жабдықтарды, аспапты, материалдарды, АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттаманы және АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін қажетті өндірісті үй-жайларды жоспарлау үшін пайдаланатын өндірісті жоспарлау жүйесі болады.
35. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен жұмыс ауысымын ұйымдастыру адамның психофизиологиялық шектеулерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
36. Ауысымға немесе орындаушылар құрамының өзгеруіне байланысты АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарды жалғастыру немесе аяқтау қажет болған жағдайда тиісті ақпарат ауысатыннан жаңадан келген персоналға дәлме-дәл беріледі.
7. АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстар туралы мәліметтерді
есепке алуға қойылатын талаптар
37. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым орындалған жұмыстар туралы бүкіл ақпаратты тіркейді. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жұмыстардың қосалқы медігерлері (тарапты ұйымдар) ресімдейтін, АТ-ны пайдалануға рұқсат беру туралы құжаттарды қоса алғанда, ТҚ туралы куәліктерді ресімдеуге қатысты барлық талаптарды сақтауды растау үшін қажетті есептік мәліметтерді сақтайды.
38. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым ӘК пайдаланушының билігіне ол ресімдеген әрбір АТ ТҚ және Ж туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ осы жөндеуді немесе түрлендіруді орындаған кезде пайдаланылған жөндеуге немесе түрлендіруге арналған кез келген бекітілген құжаттаманың көшірмесін береді.
39. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстар туралы есептік мәліметтерді және АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмыстарға байланысты кез келген құжаттаманы осы жұмыстар орындалған нақты ӘК немесе ӘК құрамдас бөлігін осы ұйымнан шығарған күннен екі жыл ішінде мынадай тәсілмен сақтайды:
1) осы тармақта көзделген мәліметтер оларды бүліну және жоюдан қорғауды қамтамасыз етеді;
2) деректерді мұрағаттау мен резервтік сақтау үшін пайдаланатын барлық компьютерлік жабдықтар деректердің жұмыс көшірмелерінен тұратын жабдықтардан бөлек және осы жабдықтар мен мұрағат деректердің жақсы күйде ұстауды қамтамасыз ететін жағдайда орналасады;
3) ұйым өз қызметін тоқтатқан жағдайда соңғы екі жылда АТ ТҚ және Ж жұмыстары туралы барлық сақталған есептік мәліметтер соңғы тапсырыс берушіге немесе тиісті ӘК немесе компонентінінің иесіне беріледі не оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқауларына сәйкес сақтау қамтамасыз етіледі.
8. Ұшуға жарамдықтың бұзылуы туралы есептілікке қойылатын талаптар
40. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға, ӘК тіркеу мемлекеті мен ӘК немесе компонентінің үлгілік конструкциясы немесе үлгілік конструкциясын түрлендіру үшін жауапты ұйымға және қажет болған жағдайда пайдаланушының мемлекетіне осы ұйым кез келген анықтаған ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін немесе осындай әсер етуі мүмкін ӘК-нің немесе құрамдас бөлігінің ұшу жарамдылығының бұзылуы туралы есепті жібереді.
41. АТ ТҚ жөніндегі ұйым осы сертификаттау талаптарының 41-тармағының ережелеріне сәйкес есептілікке жататын оқиғаларды бағалау нәтижелері бойынша іріктеу рәсімдерін қоса алғанда, осындай есептілік деректерін жинау мен бағалауды қамтамасыз ететін ұшу жарамдылығының бұзушылықтары туралы есептіліктің ішкі жүйесін құрады және АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылықта баяндайды. Аталған рәсімдер кемшіліктерді жоюға қабылданған түзетуші іс-әрекеттердің теріс үрдістерін анықтайды, сондай-ақ қаралатын оқиғалар бойынша барлық қолда бар ақпаратты талдау тәртібі мен осы ақпаратты қажет болған жағдайда тарату әдістерін қамтиды.
42. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және нысан бойынша есептілікті жібереді және ұйым айқындаған бұзушылықтар, олардың анықтау шарттары және оларды талдау нәтижелері туралы барлық қажетті ақпаратты қамтиды.
43. Егер АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым ӘК ұшу жарамдылығын оның коммерциялық пайдаланушысымен шарт бойынша қолдауды жүзеге асыратын болса, онда осы ұйым, сондай-ақ ӘК пайдаланушыға да аталған пайдаланушыға тиесілі ӘК-нің немесе құрамдас бөліктің ұшу жарамдылығына әсер ететін кез келген осындай оқиға туралы ақпарат үшін есеп жібереді.
44. Ұйым есептілікті мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде, бірақ кез келген жағдайда міндетті есептілікке жататын оқиғаны АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым тапқан сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей әзірлейді және жібереді.
9. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы
нұсқауға қойылатын талаптар
45. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай ақпаратты қамтитын АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауды табыс етуге тиіс:
1) қызыметін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқаудың ережелеріне және онда көрсетілген барлық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырған кезде жауапты басшы қол қойған ұйым қызметінің осы «сертификаттау талаптарының шарттарына сәйкестігі туралы декларация, сондай-ақ осы сәйкестікті үнемі қолдау міндеттемесі. Егер жауапты басшы ұйымдағы бірінші тұлға болып табылмаса, онда бұл тұлға осы декларацияға қол қоюға тиіс;
2) сертификаттау талаптарына сәйкес қауіпсіздік және сапа саласындағы ұйым саясаты;
3) олар бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым атынан тікелей жүгінуге құқылы болатын мәселелерді қоса алғанда, осы Сертификаттау талаптарының 7-тармағына сәйкес тағайындалған тұлғалардың тең бағыныстылығын көрсете отырып, тектері мен лаузымдарының, олардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі, ұйымды басқару құрылымы;
4) инженерлік-техникалық персоналдың тізілімі;
5) ұйым қызметкерлері құрамының жалпы сипаттамасы;
6) өтінімде көрсетілген ұйым мекен-жайларының әрқайсысы бойынша орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаттамасы;
7) сұрау салынған бекіту саласына сәйкес ұйым қызметі саласының сипаттамасы;
8) қызмет туралы басшылыққа өзгерістер енгізу рәсімдері;
9) осы талаптарға сәйкес ұйымда белгіленген және сапа бойынша басшылықта жазылған рәсімдер мен сапа жүйесі;
10) олар үшін ұйым АТ ТҚ және Ж қызметтерін көрсететін ӘК
пайдаланушымен және/немесе АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл тәртібі, егер мұндайлар болса;
11) АТ ТҚ және Ж орындауға тартылатын қосалқы мердігер (тарапты) ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі, егер мұндайлар болса;
12) ТҚ желілік/сыртқы желілік станцияларымен өзара іс-қимыл тәртібі, егер мұндайлар болса.
46. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы нұсқауға ұйымның ағымдағы жай-күйін көрсететін өзгерістер уақтылы енгізіліп тұрады. Қызмет туралы нұсқау және оған өзгерістер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
10. Метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
47. Ұйым жөндеу өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету Өлшем бірліктерінің қамтамасыз ету жүйесі стандарттарын сақтай отырып жүзеге асырылады және өзіне:
1) метрологиялық зертханалар мамандарын оқыту мен аттестаттауды;
2) өлшеу құралдарын тексеруді;
3) өлшеу құралдарын паспорттау мен метрологиялық аттестаттауды;
4) өлшеу құралдарының тіркелімін жүргізуді;
5) технологиялық және конструкторлық құжаттамаларға метрологиялық сараптаманы қамтиды.
48. Ұйым авиациялық техника бұйымдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті мониторинг және өлшеу үшін құрылғыны орнатады.
49. Жабдық:
1) белгіленген кезеңде немесе оны халықаралық немесе ұлттық эталондармен салыстырғанда бірлік мөлшерлерін беретін үлгі эталондары бойынша қолданудан бұрын калибрленген немесе тексерілген болуға тиіс. Ондай эталондар болмаған жағдайда, калибрлену немесе тексеріс үшін пайдаланылатын база тіркелген болуы тиіс;
2) реттелген;
3) калибровка мәртебесін белгілеу мақсатында сәйкестендірілген;
4) өлшеу нәтижелерін жарамсыз етуі мүмкін реттелулерден қорғалған;
5) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сақтау барысында зақымданудан және жай-күйінің нашарлануынан қорғалған болуға тиіс.
50. Егер жабдықтың талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, Ұйым өлшеудің алдыңғы нәтижелеріне бағалауды және тіркеуді жүргізеді.
51. Ұйым бұзылған және тексерілмеген өлшеу құралдарының технологиялық процестерден уақтылы алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ техникалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру кестелерінің жай-күйі мен сақталуын бақылау үшін жауапты адамдарды тағайындайды.
11.Авиациялық техниканы жөндеудің технологиялық
процестеріне қойылатын талаптар
52. Ұйым бөлімшелерде нормативтік, ұйымдастырушылық-тәртіптік, техникалық және өндірістік-бақылау құжаттамаларын басқару бойынша рәсімдерді жоспарлауы және әзірлеуі қажет.
Бұйымдарды жөндеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қолданыстағы стандарттың және нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
53. Ұйымда жоспарланған жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде ангарларды, цехтарды, қоймаларды, қызметтік және тұрмыстық бөлімшелерді, жөнделетін бұйымдарды, жөндеу құралдарын орналастыру үшін, сондай-ақ персоналды орналастыру үшін жеткілікті өндірістік алаңдар болуы қажет.
Бұл ретте өндірістік алаңдар:
1) көлемі, жоспарлануы, жарықпен қамтамасыз етілуі, температурасы, ылғалдылығы, тазалығы және басқа да параметрлері бойынша нормативтік құжаттама мен технологиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді;
2) жұмыстарды орындау үшін қажетті энергия көздерімен және коммуникациялармен (электр энергиясымен, сығылған ауамен, жылумен, сумен, жеделдеткішпен және басқалармен) жарақтандырылады;
3) жұмыс істеу аймақтарының қауіпсіздігін (бақылау жүйелерінің және өрттен, жарылстан, уытты әсерден және басқалардан қорғаудың болуы) қамтамасыз етеді.
Бұйымдарды жинау учаскелері қиқым, металл және абразивтік шаңдар мен басқа да кірлерді жасайтын кез келген механикалық өңдеу түрлері орындалатын жерлерден оқшауландырылады. Бұйымдарды тазалау, жуу, бояу учаскелері де басқа жұмыс орындарынан оқшауландырылады.
Жөндеу жұмыстарын өндірістік үй-жайлардан тысқары жерлерде орындау технологиялық құжаттамада айтылған, бірақ бұл ретте жұмыстарды температура, ылғалдылық, шаңдану және атмосфералық жауын-шашын бойынша қолайлы ауа-райы жағдайында ғана орындауға жол беріледі.
54. Материалдарды, бұйымдарды, құрал-саймандар мен жабдықтарды сақтау үшін қойма үй-жайларын қарастыру қажет. Сақтау жағдайы нормативтік құжаттаманың талаптарына жауап береді.
55. Ұйым қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Персонал жұмыс істейтін қызметтік үй-жайларды жоспарлауды жүзеге асыру мен өндіріске басшылық ету, сапаны басқару, персоналды қолайсыз ауа-райынан және өндірістік факторлардан қорғау үшін, сондай-ақ құжаттаманы ресімдеу мен зерделеу үшін жобалау және жабдықтау қажет.
56. Ұйымда технологиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін (ұқсас немесе бірдей) жоспарланған жұмыстарды орындау үшін жөндеу құралдары болуы қажет.
Қолданылатын жөндеу құралдары сәйкестендірілген (таңбалау, паспорт беру) және Ұйымның тиісті бөлімшесі аттестаттаған.
Жөндеу құралдарын мерзімдік тексеруді, калибровкалауды, оларға қызмет көрсетуді, жөндеу мен сақтауды нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ қойылған талаптарға сәйкес келмейтіндерін оқшаулау қажет.
12. Бұзылмайтын бақылау
57. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым:
1) бұзылмайтын бақылау бөлімшелерінің қызметін бақылау рәсімдерін;
2) бұзылмайтын бақылаудың барлық қолданылатын әдістері үшін нормативтік құжаттарды;
3) құйын тәрізді ток, ультрадыбыстық, магнитті, капиллярлық бақылау үшін салалық бақылау және жұмыс үлгілерін қолдануды регламенттейтін рәсімдерді;
4) бұзылмайтын бақылаудың технологиялық процестеріне технологиялық нұсқаулықтарды;
5) жөнделіп жатқан авиациялық техниканың бұғаулары мен бөлшектерінің бұзылмайтын бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімін қабылдау жөніндегі, өндірістік-бақылау құжаттамасына бақылау нәтижелерін тіркеу жөніндегі рәсімдерді әзірлейді.
58. Бұзылмайтын бақылау кезінде қолданылатын жабдық өлшемнің дәлдігіне кепілдік беру үшін мерзімді метрологиялық салыстырып тексеруден және калибрлеуден өтеді.
59. Бұзылмайтын бақылау орындалатын жұмыс орны бұзылмайтын бақылау жөніндегі технологиялық құжаттамамен қамтамасыз етілген және жабдықты баптау үшін эталондармен жарақтандырылған.
60. Ұйымда бұзылмайтын бақылауды жүргізу үшін жеке үй-жайлар, зертханалар немесе арнайы жабдықталған жұмыс орындары, сондай-ақ құйын тәрізді ток, ультрадыбыстық, магнитті ұнтақты, капиллярлық бақылау әдістері кезінде қолданылатын салалық стандартты үлгілердің жеткілікті саны болады.
13. Жөндеу процесінде әуе кемесі мен компоненттерге техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
61. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым:
1) пайдалану құжаттамасына өзгерістер енгізу бойынша;
2) инженерлік-техникалық персонал үшін рұқсаттарды ресімдеу бойынша;
3) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету түрлерін орындауды ұйымдастыру бойынша;
4) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің жалпы түрлерін, сақтау кезінде жедел, маусымдық, техникалық қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсетудің айрықша түрлерін орындауды ұйымдастыру бойынша жөндеу процесінде әуе кемелеріне және құрамдас бөліктеріне техникалық қызмет көрсетуді орындау рәсімдерін әзірлейді.
62. Ұйымда әуе кемелеріне Техникалық пайдалану туралы басшылық талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін құралдар болады, ол жауапты лауазымды тұлғалардың техникалық қызмет көрсету нәтижелерін орындау және ресімдеу сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
63. Ұйым тиісті Сертификат болған жағдайда әуе кемелеріне мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындайды.
14. Істен шыққан бұйымдар бойынша ақпарат жүйесі
мен шаралар қабылдау
64. Ұйым қауіпті істен шығулар туралы есептерді әзірлейді:
1) ұшу жарамдылығына байланысты барлық анықталған қауіпті істен шығулар (ақаулар) туралы ақпаратты жинау, есепке алу және уәкілетті органның назарына жеткізу тәртібін әзірлейді.
2) пайдаланудан істен шығуларды (ақауларды) жедел жою жөнінде шаралар қабылдау тәртібін анықтайды;
3) авиациялық жағдайлар мен оқиғаларға қызметтік тергеу жүргізу жөніндегі талаптарды анықтайтын нормативтік-техникалық құжаттардың болуын қамтамасыз етеді.
65. Ұйымда:
1) жөндеу және бұйымдарды жөндеуден кейін пайдалану процесінде анықталған істен шығулар (ақаулар) бойынша ақпараттарды жинау, есепке алу мен талдау және ақпаратты тікелей орындаушылар мен қызметтерге жеткізу жүйесі;
2) жауапты бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларды анықтай отырып, бұйымдардың ақауларына қызметтік тергеу жүргізу және себептерін белгілеу жүйесі бар;
3) бұйымдарға зерттеу жүргізу кезінде Жасаушымен, Әзірлеушімен және ғылыми-зерттеу ииституттарымен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.
66. Ұйым жөнделіп жатқан авиатехниканың істен шығуын болдырмау жөнінде алдын алу шараларын жасайды және жөнделіп жатқан бұйымдардың істен шығуын ескерту мен түзететін және алдын алатын іс-қимылдарды іске асыру тәртібін регламенттейтін рәсімдерді әзірлейді.
15. Ұшуға жарамдылықты бағалау және ресімдеу.
Бұйымды пайдалануға қайтару
67. Ұйым бұйымның ұшу жарамдылығын қорытынды бағалау және ұйымды пайдалануға қайтару мен ұшуға жарамдылық нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау туралы шешім қабылдау рәсімдерін әзірлейді.
68. Жөндеуден (түрлендіруден) өткен бұйымдардың ұшуға жарамдылық олардың формулярларындағы (паспорттарындағы) жазбалармен мыналарды:
1) қолданыстағы технологиялық құжаттамаға сәйкес орындалған жұмыстарды;
2) пайдалануға уәкілетті тұлғалар қол қойған бұйымның ұшу жарамдылығы бойынша орындалған түрлендірулер мен іс-шаралар;
3) белгіленген аралық жөндеу және кепілдік ресурстар мен қызмет мерзімдері;
4) бұйымның жиынтықтылығы;
5) бұйымның массасы мен орнықтылығы (әуе кемелері үшін) және басқа да ерекшеліктері көрсетіліп расталады.
69. Ұйым белгіленген тәртіппен бұйымдарды жөндегеннен кейін пайдалану процесінде пайда болатын істен шығуларды жоюды жүзеге асырады және жөндеуден өткен авиатехниканы пайдалануға қайтару рәсімдерін әзірлейді.