Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
1-тармақтағы «және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «, «Босқындар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жеке істер бойынша Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және», «(келу-кету)» деген сөздер алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері мен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта бірінші абзацтағы «(кету)», «(кету-келу)» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «кету және кету-келу визаларын» деген сөздер «визалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші абзацтағы «және олардың қолданылу мерзімін ұзарту» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «турист ретінде және мемлекеттік емес ұйымдардың шақыруы бойынша» деген сөздер «жеке тұлғалардың шақыруы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта:
«Келу визаларын» деген сөздер «Визалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«туыстары мен таныстарының» деген сөздер «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оқуға» деген сөзден кейін «, емделуге» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«санаттары мен түрлерін» деген сөздер «санаттарын, дүркінділігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ» деген сөз «тәртібін, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұзартудың тәртібін» деген сөздер «ұзарту үшін негіздемені» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тіркеу шетелдіктердің жеке өтініш беруі не шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.»;
екінші абзацта:
«Кеден одағы елдерінің» деген сөздер «Кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұзартылуы мүмкін» деген сөздер «ұзартылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацта «рұқсаты бар шетелдіктерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта «оқитын шетелдіктерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Заңда белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарлаған шетелдіктерді тіркеу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді. Егер арыз бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданса, тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге ұзартылады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Оларға қатысты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған шетелдіктерді тіркеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беруді ресімдеу тәртібін, сондай-ақ олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда жеке басын анықтау рәсімін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп айқындайды.»;
17-тармақта:
бірінші абзацтағы «бесінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері,» деген сөздер алып тасталсын;
«тіркеу құқығы берілген қонақ үйлер» деген сөздер «тіркеу құқығы берілген заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінде,» деген сөздер алып тасталсын;
«қонақ үйлерде» деген сөздер «заңды тұлғаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта «уақытша келген» деген сөздерден кейін «, көшіп келушілер болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтағы «шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты» деген сөздер «Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен дипломатиялық арналар арқылы шет мемлекеттердің құзыретті органдарына қабылданған шаралар туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов