Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "Шетел азаматтарының" деген сөздер "Шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10 N 688 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
 
      Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде: 
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн; 
      2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.06.27 N 956 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 465-құжат).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2000 жылғы 28 қаңтардағы
N 136 қаулысымен   
бекітілген     

      Ескерту. Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "Шетелдік азаматтардың", "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтарға", "шетел азаматтары", "шетел азаматтарын", "шетелдік азаматқа", "шетелдік азамат", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтың" деген сөздер тиісінше "Шетелдіктердің", "Шетелдіктерді", "шетелдіктерге", "шетелдіктер", "шетелдікке", "шетелдік", "шетелдіктің" деген сөздермен ауыстырылды -   ҚР Үкіметінің 2007.08.10 N 688 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және
болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан
кетуінің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы», «Босқындар туралы»«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес әзірленді және: z1100000477 Қараңыз 
      1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің; 
      2) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің; 
      3) шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің; 
      4) шетелдіктердің болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.03 № 166 , 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Осы Тәртіптің күші, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
      2-1. 2011.02.22 бастап қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 2010.10.19 № 1075 Қаулысымен.
      3. Шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдіктерге қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады. 
      Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  2. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

      4. Шетелдік, егер Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi - төлқұжат) бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi.
      Визаның қолданылу мерзiмi шетелдік паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.20 N 756, 2010.03.03 № 166 Қаулыларымен.
      5. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келiп кетуге визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген органдары бередi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары бередi. 
      Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдіктерге визалар берудi осы ұйымдар жүргiзедi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше мәртелiк виза берiлуi мүмкiн.
      8. Қазақстан Республикасының визаларын беру үшiн: .P1100000200
      1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi; 
      2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, жеке тұлғалардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдіктер үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге iшкi iстер органдарының рұқсаты; 
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері;
      4) өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi өкiлеттi органның өңiрлiк қаржы орталығында қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтiнiшi негiз болып табылады. 
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.29 N 595, 2006.09.07 N 854 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      9. Визалар берудiң негiздемесi шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына жеке тұлғалардың шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға, емделуге және турист ретiнде келген шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды. 
      Eгep Қазақстан Республикасының Үкiметi мен шетелдiк инвесторлар арасында рұқсат берудiң белгiленген тәртiбi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
      Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.20 N 756, 2006.08.01 N 725, 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      10. Визалардың санаттарын, дүркінділігін, оларды берудiң тәртібін, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзарту үшін негіздемені Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі айқындайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн.
      11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдікке көшi-қон карточкасы беріледi.
      Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс.
      Көшi-қон карточкалары:
      Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға;
      әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
      поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға;
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына;
      халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi.
      11-2. Оралмандарды, пана іздеген адамдарды, босқындарды Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматы болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, әрбір шетелдік Қазақстан Республикасына келуі кезінде болу және кету үшін: P031185
      ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын әуежайға дейін "Экономикалық" сынып бойынша кемінде авиабилеттің құны мөлшерінде;
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын станцияға дейін кемінде темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігіне, билеттің құны мөлшерінде;
      болатын әр күніне кемінде екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қажетті қаражатының бар екендігін растайтын мәліметтерді ұсынуы тиіс.
      Қаражатының бар екендігі туралы банктің анықтамасы төлем қабілеттілігін растайтын құжат бола алады;
      Қазақстан Республикасында болуы және одан шығуы үшін төлем қабілеттілігін растауды тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.13 N 241, өзгерту енгізілді - 2004.08.20 N 881, 2007.08.10 N 688, 2010.03.03 № 166 Қаулыларымен.

  3. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тiркеу

      12. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктердің өздерiмен бiрге осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркелген төлқұжаты болуы және оларды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша көрсетуге мiндеттi.
      Шетелдік төлқұжатын жоғалтқаны туралы тез арада, азаматтың өтiнiшi бойынша ол туралы анықтама беретiн, iшкi iстер органына хабарлауы қажет.
      Пана іздеген адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған пана іздеген адамның куәлігін немесе босқын куәлігін өзімен алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.03 № 166 Қаулысымен.
      13. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдіктерді тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
      Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.03.13 N 241, 2005.07.20 N 756, 2010.03.03 № 166 Қаулыларымен.
      14. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің төлқұжаттарын тiркеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi айқындайды.
      15. Тiркеу шетелдiктің ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен аспайтын кезеңге ресiмделедi.
      Тіркеу шетелдіктердің жеке өтініш беруі не шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасымен келудiң және болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылады.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар шетелдіктерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi.
      Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдіктерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi.
      Заңда белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарлаған шетелдіктерді тіркеу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді. Егер арыз бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданса, тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
      Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін.  
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.03.13 N 241, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 307 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      15-1. Оларға қатысты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған шетелдіктерді тіркеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беруді ресімдеу тәртібін, сондай-ақ олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда жеке басын анықтау рәсімін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп айқындайды.
      Ескерту. Қаулы 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен оның өкiлдiктерiнде: 
      1) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсететiн қызметшiлерiнiң, әскери атташе аппараты мен сауда өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ егер қонақтар көрсетiлген өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұратын болса, шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшылары қонақтарының; 
      2) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген және дипломатиялық немесе қызметтiк төлқұжаты бар шетелдiк мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерінің; 
      3) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында штаб-пәтерi бар халықаралық ұйымдардың жанындағы елдер өкiлдiктерiнiң халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң; 
      4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тиiстi визалар беретiн шетелдiк ұйымдар-инвесторлар басшыларының немесе өзге де басшы қызметкерлерiнiң; 
      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шақыруы бойынша келген адамдардың төлқұжаттары тiркеледi.
      17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының алтыншы абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдіктердің паспорттары тiркеледi.
      Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша шетелдіктердің паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi, тіркеу құқығы берілген заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және заңды тұлғаларда шетелдіктердің паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады. 
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.08.20 N 881 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3-1. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдіктерді есептiк тiркеу

       Ескерту. Ереже 3-1-бөлімімен толықтырыл - ҚР Үкіметінің 2003.07.17 N 702 қаулысымен.

      17-1. Дiни-ағартушылық қызмет (бұдан әрi - миссионерлiк қызмет) арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және (немесе) таратумен айналысатын шетелдіктерді есептiк тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
      17-2. Есептiк тiркеу үшiн шетелдіктер төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жергiліктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi;
      2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн;
      3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн;
      4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруын;
      5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
      Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді.
      17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдіктерді есептік тіркеуді құжат берілген күнінен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

4. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар беру

      18. Iшкi iстер органдары берген рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады.
      19. Өзге заңдық негiздемедегi шетелдіктер Қазақстан Республикасына уақытша келген болып саналады. Қазақстан Республикасына уақытша келген, көшіп келушілер болып табылатын шетелдіктер өздерiн тұрақты тұруға қалдыру туралы өтiнiш жасай алады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      20. Шетелдіктерді Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.03 № 166 Қаулысымен.
      21. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар:  шетелдік үшiн - Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi болып табылады. P092101 
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiштi, осы Тәртiптiң 20-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен, уәкiлеттi органдарға бередi. 
      Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұру құқығына арналған қолда бар құжаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы немесе жаңасын беру туралы өтiнiштi өздерiнiң тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына, оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей, ал ол жоғалған жағдайда - үш тәулiктен кешiктiрмей бередi.
      23. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша мыналарға бас тартылуы мүмкiн.
      Тұрақты тұру рұқсатын және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.
       Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.03.13 N 241, өзгерту енгізілді - 2005.07.20 N 756 Қаулыларымен.
      24. Шетелдіктер өз төлқұжаттарының қолданылу мерзiмi аяқталған күнiнен бастап 6 айдың iшiнде жаңа немесе ұзартылған құжаттарды көрсетпесе, iшкi iстер органдары оларға азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн бередi. 
      Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, егер оның иесi iшкi iстер органдарына жарамды төлқұжатын көрсетсе, ықтиярхатқа ауыстырылады.
      25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер, заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртіппен, тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тiркеуге жатады.

  5. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша жүрiп-тұруы мен транзиттiк өтуi және олардың
Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы

      26. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшiн ашық аумағы бойынша еркiн жүрiп-тұра және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұратын жердi таңдай алады. Жүрiп-тұру мен тұратын жердi таңдаудағы шектеулер, ол: мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен өнегесiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң немесе Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. P081170
      27. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы бойынша жүрiп-тұруының, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшiн жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) баруының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
      28. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi үшiн Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы ресiмделедi.
      29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.20 N 881 Қаулысымен.
      30. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мемлекеттерге олардың азаматтығының визасыз келу туралы келiсiм бар елдерге транзитпен өтетiн шетелдiктерде Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы болуы мiндеттi.
      31. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар бойынша ғана жүредi.
      32. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.

5-1. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысушылардың
Қазақстан Республикасына келуі, тіркелуі, аккредиттелуі,
сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі

      Ескерту. 5-1-бөлім 2011.02.22 бастап қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 2010.10.19 № 1075 Қаулысымен.

  6. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауаптылық. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуы мерзiмiн қысқарту және кетiру

      33. Осы Тәртiптiң нормаларын бұзу заңдармен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      34. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзiледi.
      35. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қабылдайды.
      36. Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдіктерді кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.
      Кетiру бойынша шығыстарды кетiрiлетiн шетелдіктер не шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, ал ерекше жағдайларда iшкi iстер органдары көтередi. 
      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшiн ол адамдарды әкелген көлiк ұйымы жауапты болып табылады. 
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.03.13 N 241, 2005.07.20 N 756 Қаулыларымен.
      37. Шетелдіктер заңдарда белгiленген тәртiппен өзiн Қазақстан Республикасынан кетiру және Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге шағымдануға құқылы.
      38. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын шетелдіктердің осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.

7. Халықаралық келiсiмдер

      39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiнде осы Тәртiпте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық келiсiмнiң ережесi қолданылады.

Шетелдіктердің Қазақстан      
Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан    
Республикасынан кетуінің тәртібіне
1-қосымша             

Аккредиттеу картасының нысаны

      Ескерту. 1-қоысмша 2011.02.22 бастап қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 2010.10.19 № 1075 Қаулысымен.

Шетелдіктердің Қазақстан      
Республикасына келуінің және болуының,
сондай-ақ олардың Қазақстан    
Республикасынан кетуінің тәртібіне
2-қосымша             

Сәйкестендіру картасының нысаны

      Ескерту. 2-қоысмша 2011.02.22 бастап қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 2010.10.19 № 1075 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады