Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:
6) тармақшадағы «конкурстар» деген сөзден кейін «мен фестивальдер» деген сөздермен толықтырылсын;
33), 34), 35), 36) және 48) тармақшалар алынып тасталсын;
56) тармақшадағы «бекіту.» деген сөз «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 39-1), 39-2), 57), 58), 59), 60), 61), 62) және 63) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізудің үлгілік ережелерін әзірлеу және бекіту;»;
«39-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;
39-2) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;»;
«57) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келісу;
58) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін берудің тәртібін бекіту;
59) Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту;
60) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту;
61) фильм индексі туралы ақпаратты көрсету жөніндегі стандарттарды бекіту;
62) фильмнің индексін айқындау өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
63) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
15-тармақта:
11) тармақшадағы «ұйымдары қызметкерлерін» деген сөздер «ұйымдарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
56) тармақшадағы «түсіндіру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.» деген сөздер «түсіндіру;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 33-3), 33-4), 57), 58), 59), 60), 61), 62) және 63) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық фильмдер жасау;
33-2) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
33-3) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;
33-4) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;»;
«57) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
58) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
59) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатын үйлестіру;
60) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
61) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл жасау;
62) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
63) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов