Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 846 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 458-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мына редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2 баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
5-тармақ «куәлікті» деген сөзден кейін «не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетімен қоса өтінішті беру және инспекцияның кеңсесінде тіркеу - 30 минут;»;
в) тармақша алынып тасталсын;
9-тармақтағы «күн сайын» деген сөздерден кейін «жұмыс күндері» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақтағы «Инспекция басшылары» деген сөздер «Инспекциялар бастықтары мен функциялары мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
22, 23-тармақтарда «күн сайын» деген сөздерден кейін «жұмыс күндері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1 тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов