Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік
кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының,
машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлік құралдарының
халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсiптiк
кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының,
машиналардың, механиздердің, жабдық пен көлiк құралдарының
халықаралық лизингiн дамыту туралы
келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң үкiметтерi,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрi – ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құру туралы шарттың ережелерiн негiзге ала отырып,
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң 2005 жылғы 24 наурыздағы № 204 шешiмiмен бекiтiлген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк саясатының тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,
мына:
Қоғамдастық мемлекеттерiнiң агроөнеркәсiптiк кешендерiнiң техникалық жарақтандырылу деңгейiн арттыру;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсiптiк кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлiк құралдарының өндiрiсiн дамыту;
агроөнеркәсiптiк кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлiк құралдарының халықаралық лизингiн дамыту;
Қоғамдастық мемлекеттерiнде ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң және тұтас Қоғамдастықтың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру көлемiн ұлғайту;
Қоғамдастықта агроөнеркәсiптiк кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлiк құралдарының халықаралық лизингi субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау тетiктерiн қалыптастыру;
Қоғамдастық мемлекеттерiнiң агроөнеркәсiптiк кешендерiне инвестициялар тарту мақсатында келiсiлген саясат жүргiзуге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
лизинг шарты – лизинг берушi оған сәйкес лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын лизинг алушы айқындаған сатушыдан (өнім берушіден) меншiкке сатып алуға және бұл нысананы лизинг алушыға шартта айқындалған талаптарда ақылы түрде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенетiн шарт. Лизинг шартында сатушыны (өнім берушіні) және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушiнiң жүзеге асыруы көзделуi мүмкiн;
лизинг – лизинг шартын iске асыруға, оның iшiнде лизинг нысанасын сатып алуға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы;
сублизинг – лизинг алушы лизинг берушiден лизинг шарты бойынша алынған және лизинг нысанасынан тұратын мүлiкті сублизинг шартының талаптарына сәйкес белгiлi бір мерзiмге ақылы түрде үшінші тұлғаға иеленуге және пайдалануға беретiн лизинг шартының түрi. Бұл ретте лизинг шарты бойынша лизинг алушы сублизинг алушыға қатысты Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында және шартта белгiленген тәртiппен және талаптар ескерiлiп, сублизинг шарты бойынша лизинг берушiнiң құқығын ала отырып, лизингке берушi алдында лизинг шартында көзделген мiндеттемелер мен жауапкершiлiктен босатылмайды;
лизингтiк қызмет – лизинг берушiнiң лизинг нысанасын сатып алу және оны лизинг алушыға лизинг шарты бойынша беру үшін меншікті және/немесе тартылған қаражат (инвестициялар) салуына байланысты инвестициялық/кәсiпкерлiк қызмет түрi;
лизинг берушi – мүлiкті меншiгiне сатып алатын және оны лизинг нысанасы ретiнде лизинг алушыға белгiлi бiр ақыға, белгiлi бiр мерзiмге және лизинг шартында айқындалған талаптарда лизинг шарты аяқталған соң лизинг нысанасына меншік құқығының лизинг алушыға өтуімен немесе өтпей, уақытша иеленуге және пайдалануға беретін жеке (егер Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделсе) немесе заңды тұлға;
лизинг алушы – лизинг нысанасын белгiлi бiр ақыға, белгiлi бiр мерзiмге, лизинг шартында айқындалған талаптарда уақытша иелену және пайдалану үшiн қабылдауға мiндеттенетiн жеке немесе заңды тұлға;
резидент – Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес резидент мәртебесi бар жеке немесе заңды тұлға;
резидент емес – Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес резидент мәртебесi жоқ жеке немесе заңды тұлға;
халықаралық лизинг – лизинг шартын iске асыруға байланысты лизинг түрi, онда лизинг берушi мен лизинг алушы Тараптардың әр түрлi мемлекеттерiнiң резиденттерi болып табылады;
лизинг нысанасы – ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлiк құралдарының кез келген түрлерi;
сатушы (өнім беруші) – лизинг берушiмен жасалған сатып алу-сату (жеткiзу) шартының талаптарына сәйкес лизинг нысанасы болып табылатын мүлiктi келiсiлген мерзiмде лизинг берушiнің меншiгіне беретiн жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (өнім беруші) бiр лизингтiк құқықтық қатынас шегiнде лизингке алушы ретiнде әрекет ете алады.
2-бап
Осы Келiсiмде белгiленетiн талаптарды Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң агроөнеркәсiптiк кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлiк құралдарының халықаралық лизингiн (сублизинг) дамыту үшiн қолданады.
3-бап
Тараптар халықаралық лизинг субъектiлерiне өз мемлекеттерiнiң аумағында халықаралық құқық нормалары мен Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасымен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк бередi.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес меншiкке (халықаралық лизинг нысанасына) қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етедi және халықаралық лизингтi дамыту үшiн коммерциялық құрылымдардың, банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қаражатын жұмылдыруды өз мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген шеңберде көтермелейдi.
4-бап
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда, халықаралық лизинг шарттары бойынша өздерiнiң резидент-лизинг алушыларына лизинг төлемдерiн төлеуге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн өтеуге бюджет қаражатын бөлу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн. Халықаралық лизинг шарттары бойынша лизинг төлемдерiн төлеуге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн өтеуге бюджет қаражатын беру тәртiбiн Тарап айқындайды.
Лизинг нысанасы шығарылған ел халықаралық лизинг шарттары бойынша өздерiнiң резидент-лизинг алушыларына лизинг төлемдерiн төлеуге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн өтеуге бюджет қаражатын бөлу туралы Тараптың шешiм қабылдауы үшiн жалғыз немесе бiрнеше шарттың бiрi бола алмайды.
5-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген шеңберде Тараптар лизинг берушiлерге (лизинг алушыларға) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне халықаралық лизинг шарттары бойынша жеткiзiлетiн ауыл шаруашылығы техникасына, машиналарға, механизмдерге, жабдық пен көлiк құралдарына қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiнде қызметтер көрсететiн сервистiк орталықтар құруға және дамытуға жәрдемдеседi.
6-бап
Егер осы шартта өзгеше көзделмесе, сатушы мүлiктi жеткiзген сәттен бастап және лизинг шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн лизинг нысанасы жоғалу (қирау), жеткiлiксiз болу немесе зақымдану қауiптерiнен сақтандырылуы мүмкiн. Сақтандырушы және пайда алушы ретiнде әрекет ететiн Тараптар, сондай-ақ лизинг нысанасын сақтандыру кезеңi лизинг шартымен айқындалады.
7-бап
Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
8-бап
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар бiрiншi кезекте консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
Егер дау Тараптардың бірі екiншi Тарапқа консультациялар және/немесе келiссөздер жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күннен бастап алты ай iшiнде осылайша реттелмесе, онда өз араларында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаса, Тараптардың кез келген дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн бере алады.
10-бап
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн ЕурАзЭҚ мүшелiгiне қабылданған басқа мемлекеттердiң қосылу үшiн ашық. Осы Келiсiмге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келiсiм депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшiне енедi.
11-бап
Әрбiр Тарап осы Келiсiм қолданысының тиiстi бесжылдық кезеңi аяқталғанға дейiн кемінде 6 ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, одан шыға алады.
12-бап
Осы Келiсiм депозитарий болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi Тараптардың оның күшiне енуі үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, осы мерзiм өткен соң Келiсiмнің қолданысы келесi бесжылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетiнде сақталады, ол қол қойған Тараптарға оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін