«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына және «2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуіріндегі № 473 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу мақсатында, осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 5500000000 (бес миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.21 № 835 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 693 қаулысына
қосымша
Мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.21 № 835 Қаулысымен.
Р/с № |
Облыстардың атауы |
Ұйымның атауы |
Шығыстар сомасы, |
1 |
2 |
3 |
4 |
Барлығы: | 5 500 000 | ||
---|---|---|---|
1. |
Ақмола облысы |
Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы «Көкше Жәрдем» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
138 669 |
Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы «Горкоммунхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
17 187 |
||
Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
50 394 |
||
2. |
Ақтөбе облысы |
«Табыс Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
343 750 |
3. |
Алматы облысы |
«Қапшағай тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
69 515 |
«Текелі қаласының тұрғын үй-пайдалану кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
7 791 |
||
«Талдықорған қаласының тұрғын үй қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
197 694 |
||
4. |
Атырау облысы |
«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
343 750 |
5. |
Шығыс Қазақстан облысы |
Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» Өскемен көпсалалы кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
446 875 |
«Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» (СКПК) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
171 875 |
||
6. |
Жамбыл облысы |
«Тұрғын үй жөндеу-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
206 250 |
7. |
Батыс Қазақстан облысы |
«Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Орал Құрылыс Жөндеу Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
275 000 |
8. |
Қарағанды облысы |
Қарағанды қаласы әкімияты жанындағы «Қалалық коммуналдық шаруашылық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
515 625 |
9. |
Қостанай облысы |
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-эксплуатациялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
240 625 |
10. |
Қызылорда облысы |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
275 000 |
11. |
Маңғыстау облысы |
Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
275 000 |
12. |
Павлодар облысы |
Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Горкомхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
275 000 |
13. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Петропавл қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрғын үй пайдалану қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
275 000 |
14. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
343 750 |
15. |
Астана қаласы |
«Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
343 750 |
16. |
Алматы қаласы |
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы тұрғын үй» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
687 500 |