Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 100 қаулысымен.
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 50-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген |
Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың қоғамдық бақылау
комиссияларын құру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 50-бабына сәйкес әзірленді және арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
2. Қоғамдық бақылау комиссиялары (бұдан әрі - Комиссиялар) арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбегін, демалысын және оқуын ұйымдастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдем көрсету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.
Комиссиялар заңды тұлғалар болып табылмайды.
3. Комиссиялар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады.
4. Комиссиялар еріктілік, тең құқықтық және заңдылық қағидаттарының негізінде әрекет етеді.
2. Комиссияларды құру тәртібі
5. Комиссиялар арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға ниет білдірген қоғамдық бірлестіктің (одақтың, (қауымдастықтың), қоғамдық бірлестіктердің) бастамасы бойынша құрылады.
6. Тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын Комиссиялардың құрамына өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіруі мүмкін.
Комиссияларды құру бастамашысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және өзге де тәсілдермен Комиссияны құру ниеті туралы қоғамдық бірлестіктерге хабарлайды.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға ниет білдірген қоғамдық бірлестіктер Комиссияларды құру бастамашысына ресми ұсыныспен өтініш білдіріп, құрылатын Комиссиялардың құрамына өз мүшесіне өкілеттіктерін беруге құқылы.
7. Арнаулы мекемелерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында облыстық, Астана және Алматы қалаларының Комиссиясы құрылады және жұмыс істейді.
8. Комиссия 3-тен 11 адамға дейінгі құрамда құрылады. Комиссияны Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланатын төраға басқарады, ол Комиссияның жұмысын жоспарлайды, оған басшылық жасауды және қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Комиссияға мүше болу, мүшелікті алу және жоғалту шарттары мен тәртібі, мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Комиссия отырысының хаттамалық шешімімен айқындалады.
9. Қарамағында арнаулы мекемелер бар аумақтың органдарға бір уақытта дербес құрамы бекітілген және төрағасы сайланған Комиссияның бірінші отырысының хаттамалық шешімін ұсыну Комиссия қызметінің басталуы болып табылады.
10. Комиссия мүшесінің өкілеттігі:
1) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берген;
2) қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген;
3) осы кандидатураны ұсынған қоғамдық бірлестіктердің оны кері шақыртып алу туралы шешімі;
4) осы кандидатураны ұсынған қоғамдық бірлестік таратылған;
5) Комиссияның хаттамалық шешімі кезінде тоқтатылады.
11. Комиссияны тарату заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияның немесе соттың шешімімен жүргізіледі.
12. Қағиданың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде бұл туралы Комиссия мүшесі немесе Комиссия төрағасы қарамағында арнаулы мекемелер бар аумақтық органдарға хабарлайды.