Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 722 Қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

      2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) әділет органдарында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:

      "

22-1.

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Шымкент қаласы


      ".

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрі

К Мәсімов


О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Южно-Казахстанский государственный педагогический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 722.

      В соответствии со статьей 133 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" от 1 марта 2011 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Южно-Казахстанский государственный педагогический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее - Предприятие).

      2. Определить:

      1) уполномоченным органом соответствующей отрасли в отношении Предприятия Министерство образования и науки Республики Казахстан;

      2) основным предметом деятельности Предприятия осуществление деятельности в области высшего и послевузовского образования, прикладных научных исследований.

      3. Министерству образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) представление на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устава Предприятия;

      2) государственную регистрацию Предприятия в органах юстиции;

      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:

      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581;

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2000 года № 1021 "Об утверждении Перечня государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 28, ст. 339):

      Перечень государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации, утвержденном указанным постановлением дополнить строкой порядковый номер 22-1 следующего содержания:

      "22-1. Республиканское государственное

      предприятие на праве хозяйственного ведения

      "Южно-Казахстанский государственный

      педагогический институт" г. Шымкент".

            Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов