Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 25-қосымша, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-жолмен толықтырылсын:
26 |
Талдамалық зерттеулер жүргізу жөнінде қызметтер көрсету |
Саясаттың басым салаларды айқындау және қазақстандық заңнаманың Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының стандарттарына сәйкестігін талдау; Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының негізгі комитеттері қатарынан толық мүше/тұрақты байқаушы мәртебесі алу бойынша алдын-ала ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына мүшелікке кіруі жөніндегі іс шаралар жоспарын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ" |
001 "Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету" |
10000 |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов