"2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 838 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 25-қосымша, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-жолмен толықтырылсын:

26

Талдамалық зерттеулер жүргізу жөнінде қызметтер көрсету

Саясаттың басым салаларды айқындау және қазақстандық заңнаманың Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының стандарттарына сәйкестігін талдау; Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының негізгі комитеттері қатарынан толық мүше/тұрақты байқаушы мәртебесі алу бойынша алдын-ала ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына мүшелікке кіруі жөніндегі іс шаралар жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ"

001 "Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету"

10000

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады