Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Сәрсенов - Қазақстан Республикасының Байланыс
Сәкен Сейітжаппарұлы және ақпарат вице-министрі»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Сүлейменов - Қазақстан Республикасының
Тимур Мұратұлы Экономикалық даму және сауда вице-министрі»
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов