"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 Қаулысы.

      "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен құрамына қосымшаға сәйкес "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамдағы мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 732 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына
қосымша

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.10.2018 № 672 қаулысымен.

Абаев
Дәурен
Әскербекұлы

Қазақстан Республикасының Ақпарат
және коммуникациялар министрі

Жұманғарин
Серік Мақашұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика вице-министрі

Еңсебаев
Руслан Сатбекұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі

Бажаева
Назгүл Аманқұлқызы

Казақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады