"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 шілдедегі № 850 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін
одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

      Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің – салық саясатын, бюджет саясатын, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - ауылдық аумақтарды дамыту саясатын әзірлеу, қалыптастыру және іске асыру саласындағы;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің – халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясының үйлестіру саласындағы;
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің - табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар аясындағы саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы;
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) – бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу мәселелері жөніндегі саясатты әзірлеу және қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттерін;
      2) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметінде:
      стратегиялық жоспарлау;
      әлеуметтік-экономикалық дамуды болжамдау және талдау;
      мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру саясатын әзірлеу;
      мемлекеттік инвестициялық саясат;
      экономика салаларындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
      мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру мен оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы мемлекеттік саясат пен ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларын іске асыру;
      өңірлерді дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      табиғи монополиялар салаларында тауарлар мен қызметтер нарықтарында тарифтік саясатты және баға белгілеу саласындағы саясатты айқындау;
      халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу саласындағы функцияларды күшейтуді;
      2) мыналарды:
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетін;
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетін;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетін құруды;
      3) мыналардың:
      осы Жарлықтың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тиісті штат санын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
      осы Жарлықтың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, берілетін функцияларды есепке ала отырып, жергілікті атқарушы органдардың тиісті штат санын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне беруді;
      4) қосымша штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне республикалық бюджетте көзделген және ол таратылғаннан кейін қалған қаражатты осы Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген функциялар мен өкілеттіктерді орындау үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері министрінің қызметін қамтамасыз ету және оның Хатшылығының функцияларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне бөлуді;
      5) мыналарды:
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының «Kazyna Capital Management» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлік басқаруға беруді;
      6) мыналарға:
      «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакетін ие болу және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;
      «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры», «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін ие болу және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне беруді;
      7) осы Жарлықтан туындайтын заңдардың жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуді;
      8) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 454-құжат) мынандай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «Қазақстандық ипотекалық компания»,» деген сөздер алып тасталсын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
              Президенті                         Н. Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2011 года № 850

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан О мерах по дальнейшему совершенствованию системы
государственного управления Республики Казахстан

      В целях повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Правительству Республики Казахстан обеспечить передачу:
      1) Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан функций и полномочий:
      Министерства финансов Республики Казахстан - в области выработки и формирования налоговой политики, бюджетной политики, политики в области таможенного дела, государственного и гарантированного государством заимствования и долга;
      Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан - в области выработки, формирования и реализации политики развития сельских территорий;
      Министерства иностранных дел Республики Казахстан - в области координации в сфере международного экономического сотрудничества;
      Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий - в области выработки и формирования политики в сфере естественных монополий и регулируемых рынков;
      Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) - в области выработки и формирования политики по вопросам защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности;
      2) Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства функций и полномочий местных исполнительных органов по вопросам государственного архитектурно-строительного контроля и лицензирования.
      2. Правительству Республики Казахстан обеспечить:
      1) в деятельности Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан усиление функций в сфере:
      стратегического планирования;
      прогнозирования и анализа социально-экономического развития;
      выработки политики управления государственными активами, в том числе повышения качества корпоративного управления;
      государственной инвестиционной политики;
      развития государственно-частного партнерства в отраслях экономики;
      реализации государственной политики и межведомственной координации в области совершенствования и оптимизации государственной разрешительной системы и государственного контроля и надзора за деятельностью субъектов частного предпринимательства, а также мер поддержки и развития частного предпринимательства;
      реализации государственной политики развития регионов и выработки предложений по вопросам местного самоуправления;
      определения тарифной политики и политики в сфере ценообразования на рынках товаров и услуг, в отраслях естественных монополий;
      международных экономических и финансовых отношений, в том числе регулирования международной экономической интеграции;
      2) образование:
      Комитета регионального развития Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан;
      Комитета развития предпринимательства Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан;
      Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;
      3) передачу соответствующей штатной численности:
      государственных органов Республики Казахстан, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящего Указа, Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан;
      местных исполнительных органов с учетом передаваемых функций, указанных в подпункте 2) пункта 1 настоящего Указа, Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства;
      4) выделение дополнительной штатной численности, а также средств, предусмотренных в республиканском бюджете Агентству Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы и оставшихся после его упразднения, Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан для выполнения функций и полномочий, предусмотренных в подпункте 1) пункта 2 настоящего Указа, в том числе для обеспечения деятельности Министра по делам экономической интеграции Республики Казахстан и выполнения функций его Секретариата;
      5) передачу в доверительное управление:
      пакета акций акционерного общества "Фонд развития предпринимательства "Даму" акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан;
      пакета акций акционерного общества "Банк развития Казахстана" акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан;
      пакета акций акционерного общества "Инвестиционный фонд Казахстана" акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан;
      пакета акций акционерного общества "Kazyna Capital Management" акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан;
      пакета акций акционерного общества "Экспертно-кредитная страховая корпорация "КазЭкспортГарант" акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан;
      6) передачу:
      Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан прав владения и пользования пакетом акций акционерного общества "Фонд стрессовых активов";
      Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства прав владения и пользования пакетами акций акционерных обществ "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана", "Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов", "Ипотечная организация "Казахстанская Ипотечная Компания";
      7) разработку и внесение на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проектов законов, вытекающих из настоящего Указа;
      8) принять иные меры по реализации настоящего Указа.
      3. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2008 года № 669 "О некоторых мерах по обеспечению конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 41, ст. 454) следующее изменение:
      в абзаце третьем подпункта 3) пункта 1 слова "Казахстанская ипотечная компания"," исключить.
      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев