Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы мен "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын біріктіру жолымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі — Қор) акционерлік қоғамын құратын болсын;

      2) Қорды — негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен баска да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындасын;

      3) екі апта мерзімде:

      Қор қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумды ;

      мемлекеттік акциялар пакеттері Қордың жарғылық капиталына берілетін, соның ішінде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы", "Eurasian Natural Resources Corporation", "Қазақмыс" корпорациясы", "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры", "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарын қамтитын: "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына қатысты — кейіннен жарғылық капиталға берумен сенімгерлік басқаруға берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;

      4) Қорды тіркеу рәсімін жүргізгеннен кейін бір апта мерзімде, кейіннен жарғылық капиталға берумен сенімгерлік басқаруға берілетін "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін оның жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін;

      5) бір ай мерзімде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;

      6) осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.08.10 № 136 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады