"Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 874 Қаулысы

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы іске асыратын "Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру" жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасын;
      2) "2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде Азия Даму Банкіне (бұдан әрі – Банк) 22200000000 (жиырма екі миллиард екі жүз миллион) теңге мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша "Даму" КДҚ" АҚ-ның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілсін.
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Даму" КДҚ" АҚ-ның мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

О предоставлении государственной гарантии по проекту "Финансирование субъектов малого и среднего бизнеса через банки второго уровня за счет средств Азиатского Банка Развития"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2011 года № 874

      В целях организации эффективного финансирования проекта "Финансирование субъектов малого и среднего бизнеса через банки второго уровня за счет средств Азиатского Банка Развития", реализуемого акционерным обществом "Фонд развития предпринимательства "Даму", Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) заключить с акционерным обществом "Фонд развития предпринимательства "Даму" (далее - АО "ФРП "Даму") и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" соглашение о предоставлении государственной гарантии;
      2) предоставить Азиатскому Банку Развития (далее - Банк) государственную гарантию Республики Казахстан в качестве обеспечения обязательств АО "ФРП "Даму" по привлекаемому займу в размере 22 200 000 000 (двадцать два миллиарда двести миллионов) тенге в пределах лимита предоставления государственных гарантий, утвержденного Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы".
      2. Рекомендовать акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить выполнение АО "ФРП "Даму" требований, предъявляемых к лицам, претендующим на получение государственной гарантии.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов