Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
12-баптың 3-тармағының 12) тармақшасындағы «адамдарды» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) жол-көлік оқиғаларын және жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарды арнайы есепке алу iсiн жүргiзудi жүзеге асырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті