Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының Б қосымшасына түзетулер қабылдау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік
конвенциясына Киото хаттамасының Б қосымшасына түзетулер қабылдау туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2006 жылғы 17 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптары Конференциясының екінші сессиясында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының Б қосымшасына түзетулер қабылдансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
FCCC/KP/CMP/2006/10/Add.1
page 55
10/СМР.2 ШЕШІМ Киото хаттамасының Б қосымшасына түзетулер енгізу
туралы Беларусь ұсынысы
Киото хаттамасы Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар конференциясы.
Киото хаттамасының Б қосымшасына түзету енгізу және өзіне шығарындыларды қысқарту бойынша сандық міндеттерін алу бойынша Беларусь Республикасының ұсынысын назарға ала отырып,
Киото хаттамасының 3, 20, және 21-баптарына сілтеме жасай отырып,
өзінің 32/СМР.1 шешімінде сілтеме жасай отырып,
FCCC/KP/CMP/2006/2 құжатындағы Беларусь Республикасының ұсынысын назарға ала отырып;
Беларусь Республикасының күш-жігерін және оның парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту ісінде ол қол жеткізген процесін және Киото хаттамасының ережелерін сақтауын қолдай отырып,
Киото хаттамасы 21-бабының 7-тармағына сәйкес Киото хаттамасының Б қосымшасына FCCC/KP/CMP/2006/2 құжатындағы түзетуді қабылдауға Беларусь Республикасының жазбаша келісім бергенін атап өте отырып,
1. Киото хаттамасының Б қосымшасына осы шешімнің қосымшасындағы түзетуді қабылдайды,
2. Киото хаттамасы 3-бабының 4-тармағына және 16/СМР.1 шешімге сәйкес орман шаруашылығын ұтымды басқару нәтижесінде қайнаркөзден парниктік газдардың антропогендік шығарындыларын және сіңіргіштердің олардың абсорбциясы міндеттемелердің қолданылуының бірінші кезеңі ішінде есепке алмау бойынша Беларусь Республикасының шешімін қолдайды;
3. Беларусь Республикасының тиісті органдарынан келісім алу шартымен парниктік газдар шығарындыларына қарсы күрес жөніндегі одан кейінгі шараларды қабылдау мақсатында Киото хаттамасының 17-бабына сәйкес сатудан алынған кез келген кірісті Беларусь Республикасы пайдаланады деген фактіні қолдайды;
4. Беларусь Республикасы міндеттемелердің қолданылуының бірінші кезеңі ішінде өзінің ұлттық тізілімінде міндеттемелердің қолданылуының осы кезеңіне 11/СМР.1 шешімге қосымшаның 6-тармағына сәйкес есептелген резервке қосымша ретінде оның белгіленген мөлшерінің жеті пайызы мөлшерінде Киото хаттамасының 3-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес есептелген резервті сақтайды деп қаулы етеді;
5. Киото хаттамасының Тараптарын осы шешімнің қосымшасындағы түзетуді ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға шақырады.
FCCC/KP/CMP/2006/10/Add.1
page 57
ҚОСЫМША Киото хаттамасының Б қосымшасына түзету
«Австрия» және «Бельгия» деген жолдардың арасына мынадай мәтін енгізілсін:
«Беларусь*» 92
2006 жылғы 17 қарашадағы
10-шы пленарлық отырыс