Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"G-3" санатта:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық басшысы (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру)";
"G-4" санатта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық басшысының орынбасары (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістеме, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру)";
2) көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
"Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов