БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2011 жылғы 27 тамызда «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 976 қаулысы қабылданды, сол қаулыға сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесіне енгізілді.
Осы қаулыны қабылдау «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК қызметкерлерін ынталандыруға және кадрлық нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі