Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
2012 жыл – 1 200 000 000 мың теңге;
2013 жыл – 1 200 000 000 мың теңге;
2014 жыл – 1 200 000 000 мың теңге.
2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 23, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті