Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 358-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 491-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.11.15 N 491-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.  

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
      2011 жыл – 1 200 000 000 мың теңге;
      2012 жыл – 1 200 000 000 мың теңге;
      2013 жыл – 1 200 000 000 мың теңге.
      2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 30-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады