«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен «Эгмонт қаржылық барлау бөлімшелерінің тобы» халықаралық бірлестігіне жыл сайынғы мүшелік жарна төлеу үшін валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 4265 (төрт мың екі жүз алпыс бес) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол койылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К. Мәсімов