Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.10 № 1284 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Бектұров Азат Ғаббасұлы, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Жақсалиев Бақытжан Мұхаметқалиұлы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов