Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 1079 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.";
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:
2-баптың 7) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов