"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1171 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2012.01.16 N 56 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз
жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл және ақшаны қолма-қол
ақшаға айналдыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24; 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19-құжат; 25-құжат; 26-құжат; 28-құжат; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 161-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған тиісті жабдықтың (құрылғының) болмауы
      1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -
      дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға – елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдауға міндетті сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған тиісті жабдықтың (құрылғының) болмауы, -
      дара кәсiпкерлерге алпыс, заңды тұлғаларға – жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекет, -
      дара кәсiпкерлерге жетпіс, заңды тұлғаларға – бір жүз қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бапта көрсетілген сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.»;
      2) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «203-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде
                төлемдерді жүргiзу бойынша белгiленген
                шектеулердi бұзу
      Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаға бір мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомаға қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
      төлемдi жүзеге асырған заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызына дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 570-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық қызметi органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 88-1 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 163 (бiрiншi, екiншi, бесiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде), 161-1 (екінші, үшінші бөлiктерiнде), 166, 205 – 212, 213 (бiрiншi – үшiншi бөлiктерiнде), 215 – 218, 218-1 (бiрiншi – алтыншы, сегiзiншi бөлiктерiнде), 219, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      4) 570-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 159 (бірінші бөлігінде), 161 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 161-1 (бірінші бөлігінде), 164, 165, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының отыз төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 163-4 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 168-1, 203, 213 (төртiншi – алтыншы бөлiктерi), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгi), 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532-535-баптар);».
      2. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 13 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 257-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қосылған құн салығы, егер:
      1) осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi.
      Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады;
      2) негiзгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi;
      3) шот-фактурада көрсетілген, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса;
      4) төлемнің мерзімділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын шот-фактурасында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактура жазылған күнге қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселік мөлшерінен асатын болса есепке жазылмайды және осы Кодекстiң 100-бабының 12-тармағында белгiленген тәртiппен ескерiледi.
      2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өтеусiз негiзде алған кезде осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуiне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.»;
      2) 260-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiлерге төленуге жататын және импорт бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.».
      3. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7,
28-құжат):
      1) 11-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Санаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн сауда (қызмет көрсету) ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлемдердi төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдауға және сауда операциялары жүзеге асырылатын (қызметтер көрсетілетін) жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған тиісті жабдықтың (құрылғының) орнатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
      2) 21-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1 Заңды тұлғалардың арасындағы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселік мөлшерінен асатын мәмілелер бойынша төлемдер тек қана қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырылады.».
      4. «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру – ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жасанды мәміле жасау кезінде жалған құжаттарды пайдалану жолымен қолма-қол ақша алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар жасайтын іс-қимылдар»;
      2) 4-баптың 4-тармағында:
      «табылады.» деген сөз «табылады;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) ол заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп ұйғаруға негізі бар операцияны жасау.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма и обналичивания денег"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2011 года № 1171

      Сноска. Проект Закона отозван из Сената Парламента РК постановлением Правительства РК от 16.01.2012 № 56.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма и обналичивания денег».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам противодействия
легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и
финансированию терроризма и обналичивания денег

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г, № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9,   ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст.  22; №  5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст.   180; 2008 г., № 6-7, ст.  27; № 1.2, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 13-14, ст. 62, 63; № 15-16, ст. 70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст. 79, 80, 82; № 18, ст.84, 86; № 19, ст.88; № 23, ст. 97, 115, 117; № 24; ст.121, 122, 125, 129, 130, 133, 134; 2010 г, № 1-2, ст.1, 4, 5,  № 5, ст.23; № 7, ст. 28, 32; № 8, ст. 41; № 9, ст.44; № 11, ст. 58; № 13, ст. 67; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112, 114; № 20-21, ст. 119; № 22, ст. 128, 130; № 24, ст. 146, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3, 7, 9; № 2, ст. 19; ст. 25; ст. 26; ст. 28; № 3, ст. 32; № 6, ст. 50; № 8, ст. 64; Закон Республики Казахстан от 5 июля 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пересмотра компетенции уполномоченных государственных органов и Правительства Республики Казахстан на принятие нормативных правовых актов, устанавливающих требования к проверяемым субъектам», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и  «Казахстанская правда» 13 июля 2011 года):
      1) статью 161-1 изложить в следующей редакции:
      «Статья 161-1. Отказ в принятии платежей с использованием платежных карточек или отсутствие соответствующего оборудования (устройства), предназначенного для осуществления платежей с использованием платежных карточек
      1. Отказ в принятии платежей с использованием платежных карточек торговыми (обслуживающими) организациями, обязанными принимать их при осуществлении торговых операций (оказании услуг), -
      влечет штраф на индивидуальных предпринимателей в размере от двадцати до пятидесяти и на юридических лиц - в размере от пятидесяти до ста месячных расчетных показателей.
      2. Отсутствие у торговых (обслуживающих) организаций, обязанных принимать платежи с использованием платежных карточек при осуществлении торговых операций (оказании услуг) на территории Республики Казахстан, соответствующего оборудования (устройства), предназначенного для осуществления платежей с использованием платежных карточек, -
      влечет штраф на индивидуальных предпринимателей в размере шестидесяти, на юридических лиц - в размере ста двадцати месячных расчетных показателей.
      3. Деяние, предусмотренное частью второй настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влечет штраф на индивидуальных предпринимателей в размере семидесяти, на юридических лиц — в размере ста сорока месячных расчетных показателей.
      Примечание. К торговым (обслуживающим) организациям, указанным в настоящей статье, относятся индивидуальные предприниматели и юридические лица, категории которых утверждаются Правительством Республики Казахстан.»
      2) статью 203 изложить в следующей редакции:
      «Статья 203. Нарушение ограничений, установленных законодательными актами Республики Казахстан, по проведению платежей
      Осуществление юридическими лицами платежа в наличном порядке по гражданско-правовой сделке на сумму свыше тысячи месячных расчетных показателей другому юридическому лицу -
      влечет штраф на юридическое лицо, осуществившее платеж, в размере пяти процентов от суммы платежа.»;
      3) часть первую статьи 570 изложить в следующей редакции:
      «1. Органы налоговой службы рассматривают дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 88 (частями третьей, четвертой и пятой), 88-1 (частями второй, третьей), 163 (частями первой, второй, пятой и восьмой), 161-1 (частями второй, третьей), 166, 205 - 212, 213 (частями первой - третьей), 215 - 218, 218-1 (частями первой - шестой, восьмой), 219, 357-2 (частью первой), 358, 358-1, 360 настоящего Кодекса.»;
      4) часть первую статьи 570-1 изложить в следующей, редакции:
      «1. Органы финансовой полиции рассматривают дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 140 (частью первой), 141, 159 (частью первой), 161 (частями первой и второй), 161-1 (часть первая), 164, 165, 169-1, 176 (частью первой), 205 (частями первой, второй, четвертой и пятой), 207, 212, 215, 358-361 настоящего Кодекса.»;
      5) абзац тридцать четвертый подпункта 1) части первой статьи 636 изложить в следующей редакции:
      органов налоговой службы (статьи 154, 155, 156, 157, 163 (части третья, четвертая, шестая, седьмая и девятая), 163-4 (части третья и четвертая), 168-1, 203, 213 (части четвертая - шестая), 214, 218-1 (часть седьмая), 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (частями пятой, шестой, седьмой, восьмой, девятой), 532-535);».
      2. В Кодекс Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 22-I, 22-II, ст. 112; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18; № 13-14, ст. 63; № 15-16, ст. 74; № 17, ст. 82; № 18, ст. 84; № 23, ст. 100; № 24, ст. 134; 2010 г., № 1-2, ст. 5; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28, 29; № 11, ст. 58; № 15, ст.71; № 17-18, ст. 112; № 22, ст. 130, 132; № 24, ст. 145, 146, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 2, ст. 21, 25; № 4, ст. 37; № 6, ст. 50; Закон Республики Казахстан от 5 июля 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пересмотра компетенции уполномоченных государственных органов и Правительства Республики Казахстан на принятие нормативных правовых актов, устанавливающих требования к проверяемым субъектам», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 13 июля 2011 года):
      1) статью 257 изложить в следующей редакции:
      «1. Налог на добавленную стоимость не зачитывается и учитывается в порядке, установленном пунктом 12 статьи 100 настоящего Кодекса, если подлежит уплате в связи с получением:
      1) товаров, работ, услуг, используемых не в целях облагаемого оборота, если иное не предусмотрено настоящим подпунктом.
      Налог на добавленную стоимость относится в зачет, если подлежит уплате в связи с получением товаров, работ, услуг, предназначенных для использования (использованных) для целей необлагаемого оборота, в связи с наличием которого налогоплательщиком применен (будет применен) пропорциональный метод в соответствии со статьями 260 и 261 настоящего Кодекса;
      2) легковых автомобилей, приобретаемых в качестве основных средств;
      3) товаров, работ, услуг, по которым счета-фактуры выписаны с несоблюдением требований, установленных настоящим Кодексом;
      4) товаров, работ, услуг, указанных в счет-фактуре, оплата за наличный расчет которых с учетом налога на добавленную стоимость независимо от периодичности платежа превышает 1000-кратный размер месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на дату выписки счета-фактуры.
      2. При получении на безвозмездной основе имущества (товаров, работ, услуг) лицо, получившее такое имущество, не относит в зачет сумму налога на добавленную стоимость, подлежащую уплате лицом, передавшим безвозмездно такое имущество.»;
      2) пункт 1 статьи 260 изложить в следующей редакции:
      «1. По товарам, работам, услугам, используемым для целей необлагаемых оборотов, налог на добавленную стоимость, подлежащий уплате поставщикам И но импорту, не относится в зачет, за исключением случаев, указанных в части второй подпункта 1) пункта 1 статьи 257 настоящего Кодекса.».
      3. Закон Республики Казахстан от 29 июня 1998 года «О платежах и переводах денег» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 11-12, СТ. 177; № 24, ст. 445; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2003 г., № 4, ст. 25; № 10, ст. 49, 51; № 15, ст. 138; 2004 г., № 23, ст. 140; 2005 г., № 14, ст. 55; 2006 г., № 11, ст. 55; 2008 г., № 23, ст. 114; 2009 г., № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; 2010 г., № 7, ст.28):
      1) пункт 2-1 статьи 11 изложить в следующей редакции:
      «2-1. Торговые (обслуживающие) организации, категории которых устанавливаются Правительством Республики Казахстан, обязаны при осуществлении торговых операций (оказании услуг) на территории Республики Казахстан принимать платежи с использованием платежных карточек и обеспечить установку в местах осуществления торговых операций (оказания услуг) соответствующего оборудования (устройства),  предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек.»;
      2) пункт 4-1 статьи 21 изложить в следующей редакции:
      «4-1. Платежи между юридическими лицами по сделке, сумма которой превышает 1000-кратный размер месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на дату совершения платежа, осуществляются только в безналичном порядке.».
      4. В Закон Республики Казахстан от 28 августа 2009 года «О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2009 г., № 19, ст. 87; 2010 г., № 7, ст. 32):
      1) статью 1 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:
      «10) обналичивание денег, полученных незаконным путем - действия, совершаемые физическими и юридическими лицами с целью получения наличных денег, путем использования подложных документов при совершении мнимой сделки, направленной на легализацию (отмывание) денег»;
      2) в пункте 4 статьи 4:
      в подпункте 3) слово «экстремизма.» заменить словом «экстремизма;»;
      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      «4) совершение операции, по которой имеются основания полагать, что она направлена на обналичивание денег, полученных незаконным путем.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан