Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1171 қаулысымен енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатынан кері қайтарып алынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов