«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысындағы «Ақтау» мұнай айдау станциясында 2011 жылғы 11 қазанда болған, адамдар қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Ақтау» мұнай айдау станциясында 2011 жылғы 11 қазанда болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кірісіп, топтық жазатайым оқиғаның себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, зардап шеккендерге және қаза тапқан адамдардың отбасына бірінші кезекте көмек көрсету женінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы C.F. Бисақаев топтық жазатайым оқиғаны тексеру нәтижелері және зардап шеккендерге және қаза тапқан адамдарды отбасына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1175 қаулысына
қосымша
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Ақтау» мұнай айдау станциясында болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Бисақаев - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серікқали Ғұмарұлы халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Бақылау және
әлеуметтік қорғау комитетінің
төрағасы - Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
еңбек инспекторы, төраға
Паритов - Маңғыстау облысы әкімінің
Бекет Зақарұлы орынбасары, төрағаның орынбасары
Маханов - Қазақстан Республикасы Мұнай және
Бақыт Әбділдаұлы газ министрлігінің Мұнай
өнеркәсібін дамыту департаменті
директорының орынбасары
Архарова - Маңғыстау облысы прокурорының
Жаңылсын Баянқызы орынбасары
Олжабаев - Маңғыстау облысы бойынша төтенше
Сергей Денментұлы жағдайлар департаменті бастығының
орынбасары, төрағаның орынбасары
Әбілов Чапай - Маңғыстау облысы жұмылдыру
даярлығы, азаматтық қорғаныс,
авариялар мен табиғи апаттардың
алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру басқармасының бастығы
Қоспаев - Маңғыстау облысы бойынша Бақылау
Жәнібек Кимұлы және әлеуметтік қорғау
департаменті директорының
орынбасары - Бас мемлекеттік
еңбек инспекторы
Есқұлов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Алпамыс Қожабайұлы сақтау министрлігінің «Сот
медициналық орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры
Қадырәлиев - «Жайық Строй Люкс» жауапкершілігі
Жанатбек Қожахметұлы шектеулі серіктестігінің
директоры (келісім бойынша)
Жанғалиев - «Құтқұрылысбастау» жауапкершілігі
Саламат Мерекеұлы шектеулі серіктестігінің
директоры (келісім бойынша)
Қоспанов - «Құтқұрылысбастау»
Нұрғали жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі еңбек
ұжымының өкілі (келісім бойынша)
Мамонов - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы
Фердинат Әбдірахманұлы Батыс филиалының директоры
(келісім бойынша)
Меңдіғалиев - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы
Қуаныш Оңғарсынұлы Батыс филиалының Маңғыстау
мұнайқұбыр басқармасының бастығы
(келісім бойынша)