Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1210 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1210 қаулысымен 
бекітілген     

Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда ғана мұнай өнімдерін көтерме сатуға:
      1) мұнай өнімдерін өндірушілерді;
      2) дербес өндірілген және (немесе) импортталған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесінде шығарылған мұнай өнімдерін сататын көтерме сауда арқылы берушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге жол беріледі.
      3. Аккредиттеуді мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.
      4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді:
      1) аккредиттелетін субъектілердің құжаттарын қарауды;
      2) аккредиттеу туралы шешім қабылдауды;
      3) аккредиттеу аттестатын ресімдеуді, тіркеуді және беруді не бас тарту туралы дәлелді жауап жіберуді көздейді.
      5. Аккредиттелетін субъектілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
      1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасына немесе резервуарына ие болуы тиіс;
      2) мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдары болуы тиіс.

2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге аккредиттеу жүргізу тәртібі

      6. Аккредиттеу үшін мынадай құжаттар:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлға үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе заңды тұлға үшін - ұйым жарғысының нотариалдық куәландырылған көшірмесі және ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) өтініш берушінің меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасының немесе резервуарының болуын растайтын құқық белгілейтін немесе өзге де құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі беріледі.
      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
      7. Аккредиттеу туралы құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      8. Уәкілетті орган құжаттарды қарау нәтижелері бойынша аккредиттеу немесе ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      9. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда аккредиттелген субъектілер тізіліміне тиісті жазба енгізіледі және мұндай шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      Уәкілетті орган осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген субъектілер тізілімін жүргізеді.
      10. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады, мерзімсіз болып табылады, иеліктен шығарылмайды және басқа жеке немесе заңды тұлғаға берілмейді.
      11. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартылған жағдайда аккредиттелетін субъект анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағиданың талаптарына сәйкес қайтадан өтініш береді.

3. Аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу, қайта ресімдеу

      12. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
      1) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің жазбаша өтініші болғанда;
      2) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде жалған ақпарат бергенде;
      3) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай өнімдерінің базасына немесе резервуарға иелік ету тоқтатылғанда;
      4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, заңды тұлға бөлу нысанында қайта ұйымдастырылғанда;
      5) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің көтерме бағалары, эксперты және импорты бойынша күн сайынғы мониторинг бойынша ақпарат бермеген жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алуды жүзеге асырады.
      13. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға иелік ету тоқтатылған жағдайда мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.
      14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгертілген жағдайда аккредиттелген субъектілер аталған мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп және осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш жасайды.
      15. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.
      Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік күші жойылды деп танылады және аккредиттелген субъектілер тізіліміне тиісті ақпарат енгізіліп, уәкілетті органға қайтарылады.
      16. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күніне дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      Аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады және тізілімге тиісті жазба енгізіледі.
      17. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.
      18. Уәкілетті органның мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер ретінде аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

Мұнай өнімдерін көтерме сауда
арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасына     
1-қосымша          

Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге
аккредиттеу туралы куәлік беруге
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
           (дара кәсіпкердің Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (СТН, БСН, дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің
                            нөмірі мен күні)
____________________________________________________________________
(мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың орналасқан жері, атауы)

аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. _____________________________
2. _____________________________

Ұйым басшысы (лауазымы)
________ ____________________
(қолы)          (Т.А.Ә.)

МО   20___ж. "___"_____________

Мұнай өнімдерін көтерме сауда
арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасына    
2-қосымша         

Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

_____________________________________________________________________
         жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
      жеке немесе заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу
                          туралы куәлік.

СТН/ЖСН: ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың атауы мен орналасқан жері
_____________________________________________________________________
мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға иелік етуге негіздеме берілді.

Куәлік берген орган:

Басшы (уәкілетті органның)

Куәлікті ресімдеу күні ______________

Куәлік сериясы ______________________

Астана қаласы

Мұнай өнімдерін көтерме сауда
арқылы берушілерге аккредиттеу
жүргізу қағидасына     
3-қосымша         

Нысан

Көтерме сауда арқылы берушілер тізілімі

Р/с

Күні

Аккредиттеу
туралы куәлік сериясы

Көтерме сауда арқылы берушінің атауы

СТН/ЖСН

Мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың атауы

Мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың орналасқан жері

Байланыс деректері









Об утверждении Правил проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 2011 года № 1210. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2012 года № 1474

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.11.2012 № 1474 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 февраля 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 27 октября 2011 года № 1210

Правила проведения аккредитации оптовых
поставщиков нефтепродуктов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» и определяют порядок проведения аккредитации оптовых поставщиков нефтепродуктов.
      2. Оптовая реализация нефтепродуктов допускается оптовыми поставщиками нефтепродуктов только при наличии свидетельства об аккредитации, выданного уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов, за исключением:
      1) производителей нефтепродуктов;
      2) оптовых поставщиков нефтепродуктов, реализующих нефтепродукты, произведенные в результате переработки самостоятельно добытых и (или) импортированных сырой нефти и (или) газового конденсата.
      3. Аккредитация проводится уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов (далее - уполномоченный орган).
      4. Аккредитация предусматривает следующие основные этапы:
      1) рассмотрение документов аккредитуемых субъектов;
      2) принятие решения об аккредитации;
      3) оформление, регистрация и выдача аттестата аккредитации, либо направление мотивированного ответа об отказе.
      5. Аккредитуемые субъекты должны отвечать следующим требованиям:
      1) владеть на праве собственности или иных законных основаниях базой нефтепродуктов или резервуаром;
      2) иметь средства измерения, обеспечивающие учет нефтепродуктов.

2. Порядок проведения аккредитации оптовых
поставщиков нефтепродуктов

      6. Для аккредитации представляются следующие документы:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) копия свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве индивидуального предпринимателя - для физического лица или нотариально засвидетельствованная копия устава организации и копия свидетельства о государственной регистрации организации - для юридического лица;
      3) нотариально засвидетельствованная копия правоустанавливающего или иного документа, подтверждающего наличие у заявителя на праве собственности или иных законных основаниях базы нефтепродуктов или резервуара.
      Запрещается требование документов, не предусмотренных настоящим пунктом.
      7. Рассмотрение документов об аккредитации осуществляется в течение пятнадцати рабочих дней со дня поступления документов в уполномоченный орган.
      8. По итогам рассмотрения документов уполномоченный орган принимает решения об аккредитации или отказе в аккредитации в случае несоответствия представленных документов требованиям пунктов 5 и 6 настоящих Правил.
      9. В случае принятия положительного решения уполномоченным органом вносится соответствующая запись в реестр аккредитованных субъектов и заявителю выдается свидетельство об аккредитации по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам в течение пяти рабочих дней с момента принятия такого решения.
      Реестр аккредитованных субъектов ведется уполномоченным органом по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      10. Свидетельство об аккредитации действительно на всей территории Республики Казахстан, является бессрочным, неотчуждаемым и не может быть передано другому физическому или юридическому лицу.
      11. В случае отказа в выдаче свидетельства об аккредитации аккредитуемый субъект повторно подает заявление в соответствии с требованиями настоящих Правил после устранения выявленных несоответствий.

3. Отзыв, переоформление свидетельства об аккредитации

      12. Отзыв свидетельства об аккредитации осуществляется уполномоченным органом в следующих случаях:
      1) наличия письменного заявления оптового поставщика нефтепродуктов;
      2) предоставления оптовым поставщиком нефтепродуктов недостоверной информации при получении свидетельства об аккредитации;
      3) прекращения владения базой нефтепродуктов или резервуаром на праве собственности или ином законном основании;
      4) прекращения деятельности физического лица, ликвидации юридического лица, реорганизации юридического лица в форме разделения;
      5) непредставления оптовым поставщиком нефтепродуктов информации по ежедневному мониторингу оптовых цен, экспорта и импорта нефтепродуктов в уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов.
      13. В случае прекращения владением базой нефтепродуктов или резервуаром на праве собственности или ином законном основании оптовые поставщики нефтепродуктов уведомляют уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней.
      14. В случае изменения фамилии, имени, отчества физического лица и (или) наименования, организационно-правовой формы юридического лица аккредитованные субъекты подают заявление в уполномоченный орган о переоформлении свидетельства об аккредитации с приложением документов, подтверждающих указанные сведения, и соблюдением требований, указанных в пунктах 5 и 6 настоящих Правил.
      15. Уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней со дня подачи соответствующего письменного заявления переоформляет свидетельство об аккредитации.
      При этом свидетельство об аккредитации, выданное ранее, признается утратившим силу и возвращается в уполномоченный орган с внесением соответствующей информации в реестр аккредитованных субъектов.
      16. В случае утери свидетельства об аккредитации уполномоченный орган по письменному заявлению аккредитованного субъекта в срок до десяти рабочих дней выдает дубликат свидетельства об аккредитации.
      Оригинал свидетельства об аккредитации признается недействительным и соответствующая запись вносится в реестр.
      17. Уполномоченный орган обеспечивает изготовление, учет и хранение бланков свидетельств об аккредитации.
      18. Решение уполномоченного органа об аккредитации, либо об отказе в аккредитации в качестве оптовых поставщиков нефтепродуктов может быть обжаловано в установленном законодательством порядке.

Приложение 1        
к Правилам проведения    
аккредитации оптовых поставщиков
нефтепродуктов       

                            ЗАЯВЛЕНИЕ
               на выдачу свидетельства об аккредитации
                 оптовых поставщиков нефтепродуктов

__________________________________________________________________
      (Ф.И.О. индивидуального предпринимателя, наименование
                      юридического лица)

просит выдать свидетельство об аккредитации ______________________
__________________________________________________________________
(РНН, БИН, номер и дата свидетельства о регистрации индивидуального
               предпринимателя, юридического лица)

__________________________________________________________________
(местонахождение, наименование базы нефтепродуктов или резервуара)

прилагаемый перечень документов:
1. ____________________________
2. ____________________________

Руководитель организации (должность)
________________________________
(подпись) (Ф. И. О.)

МП « »______________ 20__ г.

Приложение 2        
к Правилам проведения     
аккредитации оптовых поставщиков
нефтепродуктов       

Форма

                 СВИДЕТЕЛЬСТВО ОБ АККРЕДИТАЦИИ

Выдано:
_____________________________________________________________
     Ф.И.О. физического или наименование юридического лица

_____________________________________________________________
  адрес, местонахождение физического или юридического лица:

_____________________________________________________________
         свидетельство о государственной регистрации/
перерегистрации индивидуального предпринимателя или юридического лица

РНН/ИНН:_____________________________________________________
  наименование и местонахождение базы нефтепродуктов или резервуара

_____________________________________________________________
     основание на владение базой нефтепродуктов или резервуара

Орган, выдавший свидетельство:

Руководитель (уполномоченного органа)

Дата оформления свидетельства ____________

Серия свидетельства ______________________

город Астана

Приложение 3          
к Правилам проведения аккредитации
оптовых поставщиков нефтепродуктов

Форма

                    Реестр оптовых поставщиков


п/п

Дата

Серия
свидетель-
ства об
аккредитации

Наименование
оптового
поставщика

РНН/
ИНН

Наименова-
ние базы
нефтепро-
дуктов или
резервуара

Местонахож-
дение базы
нефтепродуктов
или резервуара

Контактные
данные