Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 26-баптан қараңыз.

      Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты, жол битумын өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық.

      Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді:

      тұрақты – жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі;

      контейнерлік – мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі;

      жылжымалы – автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – тауарларға ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;

      4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде, мұнай өнімдері базаларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған, мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;

      5) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6) компаундтеу – белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу;

      6-1) қайта өңдеу өнімдері – мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері;

      7) қанықпаған мұнай өнімі – нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі;

      8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) мұнай өнімдері – мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут, жол битумы;

      10-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектісі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;

      11) мұнай өнімдерін беру жоспары - Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі;

      11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;

      12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші – мұнай өнімдерін одан әрі бөлшек сауда арқылы өткізу мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші – мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      14-1) импорттаушы – Қазақстан Республикасының аумағына меншікті мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің, импорттаушылардың мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін өткізуі жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      16) мұнай өнімдерін өндіру – мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;

      Мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерту мақсатында мұнай өнімдері базаларының резервуарында және (немесе) автожанармай құю станцияларының ыдыстарында жүзеге асырылатын компаундирлеу мұнай өнімдерін өндіруге жатпайды;

      17) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі – мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау;

      19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      20) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      21) мұнай өнімдерінің айналымы – мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;

      22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      23) мұнай өнімдерінің базасы – мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;

      24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор – өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор;

      24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер;

      24-2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің автоматтандырылған онлайн-берілуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;

      24-3) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі – технологиялық жабдықты, резервуар паркін, мұнай өнімдерін құю эстакадасын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қабылдауға, мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, ағызуға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;

      25) өндіріс паспорты – мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;

      26) резервуар – мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс;

      26-1) технологиялық қажеттіліктер – технологиялық отынды және (немесе) мұнай өнімдерін жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне пайдаланудың өндірістік процесі;

      26-2) технологиялық отын – шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу процесінде бөлінетін және мұнай өнімдерін өндіруші жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне жіберген ауыспалы құрамдағы газ тәрізді, сұйық және (немесе) қатты отын;

      27) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның хабарламасы – мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай берушіге, импорттаушыға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қағаз түріндегі немесе электрондық түрде жіберген жазбаша хабар;

      28) тауарларға ілеспе жүкқұжат – мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату мен қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті құжат;

      29) түпкі тұтынушы – мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз сатып алатын жеке және заңды тұлғалар;

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы

      Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заңның күші:

      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнімдерін кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз өткізуі кезінде туындайтын;

      2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі;

      3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізуі кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу

      Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:

      1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекіту;

      2) мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарын бекіту;

      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу;

      5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау;

      6) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      7) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу;

      7-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу;

      8) мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;

      9) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері

      1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

      2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері:

      1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;

      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;

      3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;

      4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) - 12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12-4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      12-5 алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12-6) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2) өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      2-1) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;

      2-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;

      3) алып тасталды – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;

      5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      10) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;

      11) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін беру жоспарларын бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;

      12-1) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      14) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      14-1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерінің өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;

      14-2) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бойынша барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;

      15) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;

      15-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;

      16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      17) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      19) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;

      20) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;

      21) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      21-3) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      21-4) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21-5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;

      21-6) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      21-7) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

      21-8) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2) мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асырады;

      5) мұнай өнімдерінің айналымына камеральдық бақылауды жүзеге асырады;

      6) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) хабарламалардың нысанын әзірлейді және бекітеді;

      9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);

      10-1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келіседі;

      10-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10-3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алудың бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды;

      11) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      12) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      12-2) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсынады;

      13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті

      1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган:

      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;

      2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға оның нәтижелерін ұсынады;

      3-1) ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау тәртібін, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу тәртібін бекітеді;

      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға айлар бөлінісінде мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында жылу беру кезеңіне мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;

      2-1) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау

      Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-1-бап. Мұнай беруші

      Өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін осы Заңда белгіленген шарттармен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға мұнай беруші болып табылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына дербес әкелінген (оның ішінде импортталған) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған және (немесе) оларды өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушіге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) беретін заңды тұлға да мұнай беруші болып табылады.

      Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай шарттардың кемінде біреуі сақталған кезде:

      мұнай берушіге жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;

      жер қойнауын пайдаланушыға мұнай берушідегі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;

      мұнай берушіні және жер қойнауын пайдаланушыны мұнай берушідегі және жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі тұлға бақыласа, жер қойнауын пайдаланушымен өзара байланысты тұлға мұнай беруші деп танылады.

      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері

      1. Мұнай өнімдерін өндірушілер:

      1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнімдерін өткізуді тең қолжетімділік және кемсітпеушілік шарттарымен жүзеге асыруға;

      2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;

      3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге және жүзеге асыруға;

      4) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға және осы кестені бұзбауға;

      7) мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынуға;

      8) мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) мұнай берушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы Заңның 18-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының, қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттар болған кезде оларды сатып алуға, қайта өңдеуге қабылдауға;

      11) технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отын көлемдерін есепке алуды жүргізуге;

      12) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алынатын және технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отынды мұнай берушілерден сатып алуға міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағының 6), 8), 11) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.

      3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге:

      1) оларды қайта өңдеу мақсатында алынған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізуге;

      2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге асыруға;

      2-1) қанықпаған мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүзеге асыруға;

      3) екі және одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына;

      4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға;

      4-1) белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыруға;

      5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға;

      6) жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) айналым саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыруға;

      7) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау құралдары арқылы өткізбей, жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жүзеге асыруға тыйым салынады.

      4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар

      1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

      2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу мен стандарттау объектілері болып табылады.

      3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдық пен техникалық құралдар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ техникалық регламенттерге сәйкес болуға тиіс.

      4. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және бөлу жөніндегі объектілерді жобалау мен салу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупі ескерілуге тиіс.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Мұнай өнімдеріне бағаларды мемлекеттік реттеу

      1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды мемлекеттік реттеу мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен белгіленуі мүмкін.

      2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.

      3. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағаларды асырмауға міндетті.

      Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағаларды асырмауға міндетті.

      4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды мемлекеттік реттеу жағдайларында шекті бағалар айына бір реттен артық белгіленбейді.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот

      Ескерту. 15-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері

      1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.

      2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.

      3. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша айырмашылықтар анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға хабарлама табыс етіледі.

      Хабарламада мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.

      4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе оның өкіліне жеке қолын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауаптың пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы алынған күнінен бастап не хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін табыс етілді деп саналады.

      Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

      2. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мынадай талаптарға сай болуға:

      1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасына иелік етуге тиіс.

      Мұнай өнімдері базасын жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;

      2) алып тасталды - ҚР27.12.2017 № 126-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер авиациялық отынды өткізген және (немесе) мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізген жағдайларда және мұнай өнімдерін импорттау жағдайларында меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасына немесе резервуарға иелік етуге;

      4) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер тізіліміндегі көтерме сауда арқылы берушілер үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасындағы резервуарға иелік етуге тиіс.

      3. Мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.

      4. Уәкілетті орган мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      5. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен мұндай қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

      Ескерту. 18-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнайды, қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарын бекітеді.

      2. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын қайта өңдеуге міндетті.

      3. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады.

      4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің жоспарланған көлемдерін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруге өтінімдер жібереді.

      5. Мұнай берушілер шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттар болған кезде оларды сатып алуға және (немесе) мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) өнім беруге құқылы.

      Шығарылған жерін растайтын құжаттарға мыналар жатады:

      1) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжат (сапа паспорты);

      2) кен орнының атауы және қайта өңдеу үшін шикі мұнай және (немесе) газ конденсаты берілетін мұнай өнімдерін өндірушінің (мұнай өнімдерін өндірушіге өткізген жағдайда) атауы көрсетілген, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу-сату және (немесе) беру шарты;

      3) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы, теміржол көлігі туралы, ішкі су көлігі туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілген тасымалдау құжаттары.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат түрінде беріледі.

      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      Мұнай өнімдерін беру жоспарында:

      1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілердің және мұнай өнімдерін өндірушілердің тізбесі;

      2) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші:

      тікелей беру шеңберінде;

      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі;

      3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші осы Заңда белгіленген шарттарда өз қалауы бойынша алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының аумағында не оның шегінен тыс жерлерге өткізуге құқылы мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.

      8. Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер және мұнай өнімдерін өндірушілер өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін беруді мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      Мұнай өнімдерін беру жоспары шеңберінде мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған мұнай өнімдерін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ғана өткізуге міндетті.

      8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.

      9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.

      10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру графигінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.

      10-1. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген ережелер мазутты беруге қолданылмайды.

      11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті.

      12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтеуге құқылы.

      13. 31.12.2020 дейін қолданыста болды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI Заңымен.

      14. Мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге осындай мұнай берушіге тиесілі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған технологиялық отынды өткізеді.

      Бұл ретте мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылған технологиялық отынды сатып алуға байланысты шығыстарды мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші арасындағы шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда өтейді.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.12.2013 N 152-V (10.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары

      Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнімдерін әкелуге және өткізуге, оның ішінде оларды одан әрі өңдемей сақтауға тыйым салынады.

      Осы тармақтың ережелері технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізу жағдайларына қолданылмайды.

      2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін:

      1) мұнай өнімдерін өндірушілердің – резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;

      2) мұнай берушілердің – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларының резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;

      3) импорттаушылардың – мұнай өнімдері резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;

      4) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің – мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан;

      5) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің – мұнай өнімдері базалары резервуарларынан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан өткізуіне жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жол битумын өткізуге қолданылмайды.

      3. Мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды:

      1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер – резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.

      Өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған мұнай өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектісінен мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер осындай мұнай өнімдерін мұнай берушінің автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не резервуарына немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау процесінде мұнай өнімдерін өндірушінің есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізеді.

      Импорттаушылар, сондай-ақ өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеуі нәтижесінде алған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау аспаптарынан міндетті түрде өткізе отырып, мұнай өнімдерін өткізуді;

      Мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады, бұл ретте мұнай өнімдері базаларының резервуарларында мұнай өнімдерін сақтау есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандырыла отырып жүзеге асырылады.

      2) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер – автожанармай құю станцияларының (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.

      Мазутты мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, оны өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау мен айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады. Бұл ретте мұнай берушінің технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізуі есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады.

      Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін осындай ыдыстардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) өткізуге жол беріледі.

      Жол битумын өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізу мұнай өнімдерін сақтауға арналған тиісті резервуарлардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) жүзеге асырылуы мүмкін.

      3-1. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      Мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін мұнай берушіге беруі автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде оған тиесілі резервуарға немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау арқылы жүзеге асырылады және қабылдау-тапсыру актілерімен құжаттамалық расталады.

      4. 01.01.2018 бастап 31.12.2020 дейін қолданыста болды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII Заңымен.

      4-1. Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер ғана ие болады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін ғана мұнай өнімдерін беру жоспарында көрсетілгеннен аспайтын көлемдерде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      Өзге тұлғалар мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

      Осы тармақта белгіленген шектеулер мазутты беруге қолданылмайды.

      4-2. Мұнай өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізуді осы баптың 2-тармағында көрсетілген субъектілер олардың шығарылған жерін растайтын мынадай құжаттар:

      1) сапасын растайтын құжат (сапа паспорты);

      2) мұнай өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу-сату және (немесе) өнім беру шарты;

      3) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы, теміржол көлігі туралы, ішкі су көлігі туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілген тасымалдау құжаттары болған кезде жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат түрінде ұсынылады.

      5. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.01.2024 бастап; мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары

      1. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Бірінші бөлігі 01.01.2018 бастап 31.12.2020 дейін қолданыста болды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII Заңымен (мәтін алып тасталды).

      Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатты алушы ресімдейді.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлға алушы ретінде көрсеткен оның филиалы;

      2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;

      3) мұнай өнімдерін сатып алушы, оның ішінде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау кезінде сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы деп танылады.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызмет объектілерінің ішінде мұнай өнімдерін тасуға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау деп танылады.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжат интернет-ресурс арқылы электрондық түрде ресімделеді.

      3. Шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      4. Шикі мұнайды, газ конденсаты мен мұнай өнімдерін сақтау және құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары

      1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ғана жол беріледі.

      2. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуі осы Заңда көзделген тәртіппен олардың мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізіліміне енгізілгені кезінде ғана жүзеге асырылады.

      3. Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай беруші, импорттаушы мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және (немесе) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мұнай берушінің меншікті алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын мазут пен жол битумын мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында басқа мұнай берушіге өткізу жағдайларына қолданылмайды.

      Мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер жыл сайын 1 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы және 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес стационарлық автожанармай құю станцияларының атына бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің көлемдерін беруге міндетті.

      4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы басқа берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

      5. Импорттаушылар мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сәйкестендіру нөмірін-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.

      6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерін тек мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және (немесе) автожанармай құю станцияларында ғана сақтауды есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыра отырып жүзеге асыруға міндетті.

      7. Мұнай өндірушілер, мұнай берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер осы бапта көзделген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізілуіне тыйым салынады.

      8. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге жатпайды.

      10. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің және 4-тармағының ережелері мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізуге қолданылмайды.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.01.2024 бастап; мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары

      Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, импорттаушыларға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.

      Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу жағдайын қоспағанда, түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.

      Кез келген түрдегі автожанармай құю станциясын иеленушінің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүддесінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізуіне (тиеп-жөнелтуіне) жол беріледі.

      Мұндай жағдайда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, жөнелту, растау, қабылдамау, кері қайтарып алу, қайтару және күшін жою жөніндегі міндет сенім білдірушіге жүктеледі.

      2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.

      Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге мынадай жағдайларда ғана:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы жиналған орындарда;

      теңіз, ішкі су немесе әуе көлігіне май құю кезінде жол беріледі.

      3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын екі және одан көп тұлғалардың бір мезгілде мұнай өнiмдерiн сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.

      4. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі

      1. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мынадай мониторингті жүзеге асырады, оған:

      1) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдері көлемінің, олардың түрлері бойынша мониторингі;

      2) Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізудің, оның ішінде мұнай өнімдерінің экспорты мен импортының мониторингі;

      3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің көтерме саудадағы және бөлшек саудадағы бағаларының мониторингі;

      3-1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өнімдері базаларындағы мұнай өнімдері көлемінің мониторингі;

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мұнай өнімдерін қажетсінуінің мониторингі кіреді.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды жыл сайын ұсынады.

      3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған мұнай өнімдерін өткізу туралы мәліметтерді ұсынады.

      4. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі деректерінің негізінде:

      1) алдағы күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнімдерін тұтыну, өндіру және өткізу балансының болжамын жасайды;

      2) мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекітеді;

      4) мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      5. Мұнай өнімдері базаларын иеленушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің келіп түсуі, тиеп-жөнелтілуі және сақтауда болуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттiк реттеудің ерекшеліктері

      1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жыл сайын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жұмыстарының межелі көлемдерін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұндай көлемдерді мұнай өңдеу жоспарларында ескеру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемі туралы ұсыныс енгізеді.

      2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.

      3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған, алдағы жылғы жылу беру кезеңіне жылумен жабдықтау ұйымдарына беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.

      4. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде: 1 наурыз – 31 мамыр және 1 тамыз – 31 қазан аралығы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, ал 31 қазан – 1 наурыз аралығы кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге міндетті.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң мыналарды:

      1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;

      2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;

      3) мыналар:

      астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;

      осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы "есепке алатын бақылау аспаптарымен" деген сөздер "мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен" деген сөздер болып есептелсін.

      3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіндегі "сәйкестендіру нөмірі" деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер деп есептелсін.

      4. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады