Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1260 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1260 қаулысымен  
бекітілген     

Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аттестаттау – ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың білімін және кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында жүргізілетін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім;
      2) тестілеу – тестілік тапсырмаларды пайдалана отырып жүргізілетін аттестатталушының теориялық білімін және практикалық дағдыларын тексеру нысаны;
      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;
      4) уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрi - ведомствоның аумақтық бөлімшелері) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ведомствоның аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
      3. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) жүргiзедi.
      Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аттестаттау, осы заңды тұлғаның ветеринариялық мамандарын аттестаттау жолымен жүргізіледі.
      Ветеринариялық маман аттестаттаудан өткен және ол басқа заңды тұлғаға жұмыс iстеуге өткен жағдайда, маманды аттестаттау мерзiмі аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап есептеледі және аттестаттауды  нәтижелері үш жыл бойында жарамды.
      Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – Кәсіпкерлер), ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кейінгі үш жыл өткен соң аттестатталуға тиіс.
      4. Аттестаттауды жүзеге асыру үшін ЖАО бөлімшелері аттестациялық комиссияларды (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      5. Аттестаттау екi кезеңнен тұрады:
      тестiлеу және әңгiмелесу, олар бір күнде өткізіледі.
      Егер мәлiмдемемен бiрге (кемiнде 10 жылдық жұмыс тәжiрибесi бар, бiлiм беру қызметіне мемлекеттiк лицензиясы бар оқу орындарда аттестацияланатын мамандығы бойынша бiлiктiлiкті арттыру курстарын тамамдаған) аттестаттауға мәлiм етiлетiн облыстағы жұмыстың түбегейлi тәжiрибесi туралы куәландыратын құжаттарды ұсынса, кәсiпкерлерге тестілеудi өткiзусiз аттестациядан өтуге рұқсат етiледi.

2. Аттестаттауды өткiзу тәртiбi

      6. Аттестаттауды өткiзуге дайындық мынадай iс-шараларды қамтиды:
      1) Аттестаттауды өткiзу үшін Кәсіпкерге қажеттi құжаттарды дайындау;
      2) аттестаттауды өткiзу кестелерiн әзiрлеу және бекiту;
      3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
      4) аттестаттауды өткiзу мақсаттары мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын ұйымдастыру;
      5) аттестаттауды өткiзу басталғанға дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей аттестатталушы тұлғаларды оны өткiзу мерзiмi туралы жазбаша хабардар ету;
      6) аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдауды және талдауды жүзеге асыру.
      7. ЖАО бөлімшелерінің басшысы Комиссия төрағасы, аттестаттауға жататын адамдардың тiзiмi, тестiлеу сұрақтары бекітілетін, аттестаттауды өткiзу мерзiмi мен аттестаттау комиссиясының құрамын, сондай-ақ оның жұмыс кестесi белгіленетін шешімді қабылдайды.
      Комиссия кем дегенде бес адамнан және комиссия хатшысынан құрылады. Комиссияның мүшелері 5 жылдан кем емес тәжірибелі жұмыс өтілімі бар, жоғарғы ветеринариялық білімі бар тұлғалар болып табылады.
      ЖАО бөлімшелерінің комиссиясының құрамына ЖАО бөлімшелерінің өкілдері, сонымен қатар ведомствосының аумақтық бөлімшелердің мамандары келісім бойынша кiредi.
      8. Кәсіпкер жазбаша хабар алғаннан кейін аттестаттауды өткiзу басталғанға дейiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке куәліктің көшірмесі;
      2) соңғы 3 жылда бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткенi туралы сертификаттардың көшiрмелерi (болған жағдайда);
      3) ғылыми дәрежесiнiң, атағының бар екендiгi туралы куәлiктердi  көшiрмелерi (болған жағдайда).
      9. Тестiлеу қағаз тасымалдаушыда тест сұрақтарын қолдану арқылы жүргізіледі (1 сұрақ 1 ұпайға теңеледі, барлығы 100 сұрақ).
      10. Тест тапсырмаларын орындауға берілетін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.
      11. Тестілеудің нәтижесін есептеу Комиссиямен дұрыс жауаптар кодтарын қолдану арқылы өткізіледі, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысатын болса заңды деп саналады.
      12. Сұрақтардың жалпы санынан кемiнде 70% дұрыс жауап алған жағдайда аттестатталатын тұлға үшiн тестiлеу нәтижесi төмен деп саналады.
      13. Тестілеудің нәтижелері есептеліп болған соң Кәсіпкерге осы Қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша нәтижесі беріледі.
      14. Тестiлеуден өту кезінде теріс нәтиже алған Кәсіпкер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді (әңгiмелесу).
      Қайта тестiлеу осы Қағидада айқындалған тәртiппен бастапқы тестiлеу өткен күннен бастап алты айдан кейiн өткiзiледi.
      15. Әңгiмелесу әр Кәсіпкермен жеке ауызша түрде өткізіледі, берілетін сұрақтың саны бес сұрақтан артық емес.
      16. Дауыс беру нәтижелерi ашық түрде комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Хатшы дауыс бере алмайды.
      17. Комиссия ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушы тұлғамен әңгiмелесе отырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) қайта әңгiмелесуге жатады;
      3) аттестатталмады.
      18. Қайта әңгiмелесу осы Қағидада айқындалған тәртiппен бастапқы әңгiмелесу өткен күннен бастап бір айдан соң өткiзiледi.
      Комиссия, қайта әңгімелесу қорытындылары бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталған жоқ.
      19. Комиссиясының шешiмi отырыс хаттамасымен рәсiмделедi, оған оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
      20. Кәсіпкер Комиссиясының шешiмiмен аттестациядан өткен күні танысады.
      21. Комиссияның бекітілген шешiмдері аттестаттау парағына еңгізіледі, ол аттестация аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кәсіпкерге табысталады.
      Кәсіпкердің аттестаттау парағы, тестілеу нәтижелері, отырыс хаттамасы үш жыл мерзімінде аттестацияны өткізген органда сақталады.

3. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерiне шағымдану

      22. Аттестаттауды өткiзу (тестiлеу, әңгiмелесу) кезiнде туындаған даулар сот тәртiбiнде қаралады.

Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу
қағидаларына 1–қосымша     

Тестілеудің нәтижелері

      1. Тегі, аты, әкесінің аты:______________________________
      2. Ветеринариялық маман жүзеге асыратын қызметтің түрі:
      _____________________________________________________
      3. Лицензиия №:______________________________________
      4. Білімі:___________________________________________
      5. Туған жылы:_______________________________________
      6. Жынысы: _________________________________________
      7. Ұлты: ____________________________________________
      8. Тестілеу өткізу орны:_____________________________

Р/с

Тесттің атауы

Өту пайызы

Тесттегі сұрақтардың саны

Дұрыс жауаптардың саны

Нәтиже













      Комиссия төрағасы ________________________________________
      Комиссия хатшысы _________________________________________
      Комиссия мүшелерi: _______________________________________
      __________________________________________________________
      Атестаттау өткiзiлген күн 20____ жылғы «__»_______________
      аттестаттау парағымен таныстым____________________________
                                         (кәсіпкердің қолы және күнi)

      М.О.

Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және 
заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу
қағидаларына 2–қосымша     

Аттестациялық парақ

      Аттестатталушы адамның тегi, аты, әкесiнiң аты______________
      ____________________________________________________________
      Туған жылы__________________________________________________
      Бiлiмi туралы мәлiметтер____________________________________
      ____________________________________________________________
      Бiлiктiлiгiн арттыру туралы мәлiметтер (соңғы 3 жылдағы)____
      ____________________________________________________________
      Жалпы еңбек стажы___________________________________________
      Мамандығы бойынша жұмыс стажы_______________________________
      Бiлiктiлiк санатын беру туралы маман сертификатының болуы
      немесе болмауы______________________________________________
      Тестiлеу нәтижелерi __________%
      Отырысқа аттестаттау комиссиясының ___________ мүшелерi қатысты
      Дауыстар саны:
      ________ «иә» деп дауыс бердi
      ________ «қарсы» деп дауыс бердi
      ________ «дауыс беруден қалыс қалғандар»
      Комиссия шешiмi ____________________________________________
      Комиссия төрағасы __________________________________________
      Комиссия хатшысы ___________________________________________
      Комиссия мүшелерi: _________________________________________
      ____________________________________________________________
      Аттестаттау өткiзiлген күн 20____ жылғы «__»_________________
      аттестаттау парағымен таныстым______________________________
                                          (кәсіпкердің қолы және күнi)

      М.О.

Об утверждении Правил проведения аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2011 года № 1260. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 13.03.2015 г. № 7-1/221.



      В соответствии с подпунктом 18) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 1 ноября 2011 года № 1260

Правила
проведения аттестации физических и юридических лиц,
осуществляющих предпринимательскую деятельность
в области ветеринарии

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", определяют порядок проведения аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) аттестация - периодически осуществляемая процедура, проводимая в целях оценки знаний и профессиональных качеств физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии;
      2) тестирование - форма проверки теоретических знаний и практических навыков аттестуемого, проводимое с использованием тестовых заданий;
      3) ведомство уполномоченного государственного органа в области ветеринарии (далее - ведомство уполномоченного органа) - комитет уполномоченного государственного органа в области ветеринарии, осуществляющий государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор;
      4) территориальные подразделения ведомства уполномоченного органа (далее - территориальные подразделения ведомства) - территориальные подразделения ведомства, расположенные на соответствующих административно-территориальных единицах (область, район, города областного или республиканского значения, столица).
      3. Аттестация физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии, проводится подразделениями местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения), осуществляющими деятельность в области ветеринарии (далее - подразделения МИО).
      Аттестация юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии, проводится путем аттестации ветеринарных специалистов данного юридического лица.
      В случае, когда ветеринарным специалистом пройдена аттестация и он переходит работать в другое юридическое лицо, срок аттестации специалиста исчисляется с момента прохождения аттестации и результаты аттестации действительны в течение трех лет.
      Аттестации подлежат физические и юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность в области ветеринарии (далее - Предприниматели), по истечении последующих трех лет, при осуществлении предпринимательской деятельности в области ветеринарии.
      4. Для осуществления аттестации подразделениями МИО создаются аттестационные комиссии (далее - Комиссия).
      5. Аттестация состоит из двух этапов: тестирования и собеседования, которые проводятся в один день.
      Допускается аттестация предпринимателей без проведения тестирования в том случае, если вместе с заявкой представляются документы, свидетельствующие о значительном опыте работы в заявляемой области аттестации (опыт работы не менее 10 лет, пройдены курсы повышения квалификации по аттестуемой специальности в учебных заведениях, имеющих государственную лицензию на образовательную деятельность.

2. Порядок проведения аттестации

      6. Подготовка к проведению аттестации включает в себя следующие мероприятия:
      1) подготовка необходимых документов для проведения аттестации;
      2) разработка и утверждение графиков проведения аттестации;
      3) определение состава аттестационных комиссий;
      4) организация разъяснительной работы о целях и порядке проведения аттестации;
      5) письменное уведомление предпринимателей о сроках проведения аттестации не позднее тридцати календарных дней до начала ее проведения;
      6) осуществление приема и анализа документов лиц подлежащих аттестации.
      7. Руководитель подразделения МИО принимает решение, которым утверждается председатель Комиссии, список лиц, подлежащих аттестации, вопросы тестирования, устанавливаются сроки проведения аттестации и состав аттестационной комиссии, а также график ее работы.
      Комиссия состоит в количестве не менее пяти человек и секретаря комиссии. Членами Комиссии являются лица с высшим ветеринарным образованием, с практическим стажем работы не менее 5 лет.
      В состав Комиссии подразделения МИО входят представители подразделения МИО, по согласованию специалисты территориального подразделения ведомства.
      8. С момента получения уведомления предприниматель не позднее пятнадцати календарных дней направляет в Комиссию следующие документы:
      1) копию удостоверения личности;
      2) копию сертификата о прохождении курсов повышения квалификации за последние 3 года (при наличии);
      3) копии удостоверений о наличии ученой степени, звания (при наличии).
      9. Тестирование проводится с применением тестовых вопросов на бумажном носителе (1 вопрос приравнивается к 1 баллу, всего 100 вопросов).
      10. Общее время, отпущенное на выполнение тестовых заданий, составляет 90 минут.
      11. Подсчет результатов тестирования проводится Комиссией с использованием кодов правильных ответов, считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.
      12. При набранных менее 70 % правильных ответов от общего количества вопросов, результат считается отрицательным.
      13. По окончании подсчета результатов тестирования предпринимателю вручаются результаты тестирования по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      14. Предприниматель, получивший при прохождении тестирования отрицательный результат тестирования, не допускается ко второму этапу аттестации (собеседованию).
      Повторное тестирование проводится через шесть месяцев со дня проведения первоначального тестирования в порядке, определенном настоящими Правилами.
      15. Собеседование проводится в устной форме индивидуально с каждым предпринимателем, количество задаваемых вопросов составляет не более пяти.
      16. Результаты собеседования проводятся Комиссией путем открытого голосования и определяются большинством голосов членов комиссии. При равенстве голосов членов Комиссии голос председателя комиссии является решающим. Секретарь комиссии права голоса не имеет.
      17. По результатам собеседования Комиссия принимает одно из следующих решений:
      1) аттестован;
      2) подлежит повторному собеседованию;
      3) не аттестован.
      18. Повторное собеседование проводится через один месяц со дня проведения первоначального собеседования в порядке, определенном настоящими Правилами.
      Комиссия, по итогам повторного собеседования, принимает одно из следующих решений:
      1) аттестован;
      2) не аттестован.
      19. Решение Комиссии оформляется протоколом заседания, который подписывается председателем, членами аттестационной комиссии и секретарем, присутствовавшими на ее заседании.
      20. Предприниматель ознакамливается с решением Комиссии в день прохождения аттестации.
      21. Утвержденные решения Комиссии заносятся в аттестационные листы, которые вручаются предпринимателю по окончании аттестации, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Аттестационный лист предпринимателя, результаты тестирования, протокол заседания хранятся в органе, проводившем аттестацию в течение трех лет.

3. Обжалование решений аттестационной комиссии

      22. Споры, возникающие при проведении аттестации (тестировании, собеседовании) рассматриваются в судебном порядке.

Приложение 1          
к Правилам проведения аттестации 
физических и юридических лиц,  
осуществляющих предпринимательскую
деятельность в области ветеринарии

Результаты тестирования

1. Фамилия, имя, отчество: __________________________________________
2. Подвид деятельности, осуществляемый
ветеринарным специалистом: __________________________________________
3. № лицензии (при наличии): ________________________________________
4. Образование: _____________________________________________________
5. Дата рождения: ___________________________________________________
6. Пол: _____________________________________________________________
7. Национальность: __________________________________________________
8. Место прохождения тестирования: __________________________________

Название теста

Процент
прохождения

Количество
вопросов в
тесте

Количество
правильных
ответов

Результат

























Председатель Комиссии _______________________________
Секретарь Комиссии __________________________________
Члены Комиссии:
____________________________________________________________________
Дата проведения тестирования "___" _______________ 20__ год
с результатами тестирования ознакомился
____________________________________________________________________
                             (подпись предпринимателя и дата)

    МП

Приложение 2          
к Правилам проведения аттестации 
физических и юридических лиц,  
осуществляющих предпринимательскую
деятельность в области ветеринарии

Аттестационный лист

Фамилия, имя, отчество аттестуемого лица ____________________________
_____________________________________________________________________
Дата рождения _______________________________________________________
Сведения об образовании _____________________________________________
Сведения о повышении квалификации (за последние 3 года)
_____________________________________________________________________
Общий трудовой стаж _________________________________________________
Стаж работы по специальности ________________________________________
Наличие сертификата специалиста о присвоении квалификационной
категории или без таковой ___________________________________________
Результаты тестирования _______ %
На заседании присутствовало _________ членов Комиссии
Количество голосов:
проголосовало "за" _________
проголосовало "против" _____
"воздержалось от голосования" ______
Решение Комиссии ____________________________________
Председатель Комиссии _______________________________
Секретарь Комиссии __________________________________
Члены Комиссии:
_____________________________________________________________________
Дата проведения аттестации "__" _______________ 20__ год
с аттестационным листом ознакомился _________________________________
                                   (подпись предпринимателя и дата)

МП