Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 103-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) тақырыбындағы «бекіту» деген сөз «ратификациялау» деген сөзбен және мәтіндегі «бекітілсін» деген сөз тиісінше «ратификациялансын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) «Бреттон-Вудсте» деген сөздер «1-бап. Бреттон-Вудсте» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 2-баппен толықтырылсын:
«2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті