"Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1276 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы 

      1-бап. «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 103-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) тақырыбындағы «бекіту» деген сөз «ратификациялау» деген сөзбен және мәтіндегі «бекітілсін» деген сөз тиісінше «ратификациялансын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) «Бреттон-Вудсте» деген сөздер «1-бап. Бреттон-Вудсте» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 2-баппен толықтырылсын:
      «2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады