Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормаларын бекіту туралы;
1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жоғары басшы құрамының нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің тиесілілік нормалары»;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.25-жолмен толықтырылсын:
«
2.25 |
Қара-қоңыр қорғаныш түсті табиғи қаракөл жағалы қысқы тері бушлат |
1 дана |
3 жыл |
** |
»;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «етегі сыртқа шығарылатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанындағы «шалбарға салынатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.6-жол алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың арнайы киімдері» деген 4-бөлімде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы киім нысаны»;
реттік нөмірі 4.1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Күнқағары бар қара-көк түсті тері құлақшын; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; капюшоны бар сырмалы жылы күрте және қара-көк түсті тік пішілген жылы шалбар; жылы құрым қысқа етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке; қара-көк түсті мойыншалғы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.2-жолмен толықтырылсын:
«
4.2 |
Жазғы арнайы киім |
1 жинақ |
3 жыл* |
Кокардасы бар қара-кек түсті далалық фуражка немесе кокардасы бар берет; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшкалар; погондары бар сырмалы далалық күрте немесе қысқа жеңді жейде және қара-көк түсті тік пішілген шалбар |
»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің аға және орта басшы құрамының нысандық киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормалары»;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.26-жолмен толықтырылсын:
«
2.26 |
Қара-қоңыр қорғаныш түсті тері жағалы қысқы бушлат |
1 дана |
3 жыл |
Полковниктер үшін қаракөл жағалы** |
»;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «етегі сыртқа шығарылатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанындағы «шалбарға салынатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.6-жол алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың арнайы киімдері» деген 4-бөлімде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы киім нысаны»;
реттік нөмірі 4.1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Күнқағары бар қара-көк түсті тері құлақшын; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; капюшоны бар сырмалы жылы күрте және қара-көк түсті тік пішілген жылы шалбар; жылы құрым қысқа етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке; қара көк түсті мойыншалғы»;
реттік нөмірі 4.2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Кокардасы бар қара-көк түсті далалық фуражка немесе кокардасы бар берет; қара көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; погондары бар сырмалы далалық күрте немесе қысқа жеңді жейде және қара-көк түсті тік пішілген шалбар»;
реттік нөмірі 4.3-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің кіші басшы және қатардағы құрамының нысандық киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормалары»;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «сыртқа шығарылған» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.5-жолдың 2-бағанындағы «шалбарға салынатын» деген сөздер алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың арнайы киімдері» деген 4-бөлімде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы киім нысаны»;
реттік нөмірі 4.1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Күнқағары бар қара-көк түсті тері құлақшын; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; капюшоны бар сырмалы жылы күрте және қара-көк түсті тік пішілген жылы шалбар; жылы құрым қысқа етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке; қара-көк түсті мойыншалғы»;
реттік нөмірі 4.2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Кокардасы бар қара-көк түсті далалық фуражка немесе кокардасы бар берет; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; погондары бар сырмалы далалық күрте немесе қыска жеңді жейде және қара-көк түсті тік пішілген шалбар»;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің аға және орта басшы құрамындағы әйелдердің нысандық киімі мен арнайы киім-кешектерінің тиесілілік нормалары»;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «сыртқа шығарылатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.4-жолдағы «шалбарға салынатын» деген сөздер алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың арнайы киімдері» деген 4-бөлімде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы киім нысаны»;
реттік нөмірі 4.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
4.1 |
Қысқы арнайы киім |
1 жинақ |
3 жыл* |
Күнқағары бар қара-көк түсті тері құлақшын; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; капюшоны бар сырмалы жылы күрте және қара-көк түсті тік пішілген жылы шалбар; жылы құрым қысқа етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке; қара көк түсті мойыншалғы |
»;
реттік нөмірі 4.2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Кокардасы бар қара-көк түсті далалық фуражка немесе кокардасы бар берет; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; погондары бар сырмалы далалық күрте немесе қысқа жеңді жейде және қара-көк түсті тік пішілген шалбар»;
реттік нөмірі 4.3-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің кіші басшы және қатардағы құрамындағы әйелдердің нысандық киімі мен арнайы киім-кешектерінің тиесілілік нормалары»;
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «етегі сыртқа шығарылатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанындағы «шалбарға салынатын» деген сөздер алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың арнайы киімдері» деген 4-бөлімде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы киім нысаны»;
реттік нөмірі 4.1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Күнқағары бар қара-көк түсті тері құлақшын; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; капюшоны бар сырмалы жылы күрте және қара-көк түсті тік пішілген жылы шалбар; жылы құрым қысқа етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке; қара көк түсті мойыншалғы»;
реттік нөмірі 4.2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Кокардасы бар қара-көк түсті далалық фуражка немесе кокардасы бар берет; кара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; погондары бар сырмалы далалық күрте немесе қысқа жеңді жейде және қара-көк түсті тік пішілген шалбар»;
көрсетілген қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға ескертпеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратында қызмет өткеретін қызметкерлерге далалық киім-кешек пен арнайы киім нысанын кию мерзімі 1 жылға ұлғайтылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізген, сондай-ақ жиындар мен арнайы жаттығуларға қатысқан кезде арнайы киім нысаны пайдаланылады.»;
12-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- ауа температурасы +200С-тан жоғары болғанда, галстуксыз қысқа жеңді қара-қоңыр қорғаныш немесе ақ түсті жейде»;
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормалары»;
көрсетілген қаулыға 7-қосымша:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық киімі мен арнайы киім-кешектерінің тиесілілік нормалары»;
мынадай мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:
«
7. Арнайы киім нысаны |
|||
7.1 |
Қысқы арнайы киім** |
1 жинақ |
оқу мерзіміне |
7.2 |
Жазғы арнайы киім*** |
1 жинақ |
оқу мерзіміне |
»;
Ескерту мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«**Күнқағары бар қара-көк түсті тері құлақшын; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; капюшоны бар сырмалы жылы күрте және қара-көк түсті тік пішілген жылы шалбар; жылы құрым қысқа етік немесе қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке; қара көк түсті мойыншалғы;
***Кокардасы бар қара-көк түсті далалық фуражка немесе кокардасы бар берет; қара-көк түсті футболка немесе қызғылтым жолақтары бар тельняшка; погондары бар сырмалы далалық күрте немесе қысқа жеңді жейде және қара-көк түсті тік пішілген шалбар.»;
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының мүкәммалдық және арнайы мүліктерінің тиесілілік нормалары»;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімдерінің үлгілерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімі мен арнайы киім-кешегінің үлгілері»;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімі мен арнайы киім-кешегінің үлгісінде:
мәтіндегі «I, II, ІІI, IV-I, V» деген цифрлар тиісінше «1, 2, 3, 4-1, 5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімі мен арнайы киім-кешегінің сипаттамасы»;
«Жоғары басшы құрамның киім нысаны» деген I тараудың «Күнделікті киім нысаны» деген б) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- табиғи қаракөл жағалы қара-қоңыр қорғаныш түсті қысқы бушлат (5.1-сурет)»;
«Аға, орта және кіші басшы құрамның киім нысандары» деген II тараудың «Күнделікті киім нысаны» деген б) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- қара-көк түсті тері жағалы қара-қоңыр қорғаныш түсті қысқы бушлат (23.1-сурет)»;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың киім нысандары» деген IV тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау Арнайы киім нысаны
Арнайы киім нысанының сипаттамасын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы осы қаулымен бекітілген нормалардың шегінде анықтайды және белгілейді»;
«Нысандық арнайы киім кешектерінің суреттері» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысандық киім мен арнайы киім-кешектің суреттері»;
мынадай суреттермен толықтырылсын:
«5-1 «Генералдардың бушлаттағы күнделікті киім нысаны»;
«18-1 «Генералдардың күртедегі жазғы далалық киім нысаны»;
«23-1 «Офицерлердің бушлаттағы қысқы күнделікті киім нысаны»;
«33-1 «Офицерлердің күртедегі жазғы далалық киім нысаны»;
«44-1 «Әйел-офицерлердің және кіші басшы құрамның күртедегі жазғы далалық киім нысаны»;
55, 56-суреттер алынып тасталсын.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері үшін нысандық киімі мен арнайы киім-кешек сатып алу кезең-кезеңімен, тиісті жылға арналған республикалық бюджет қаражатының шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов