Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға
байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923
Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., № 14, 107-құжат; 2005 ж., № 2, 10-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары осы Жарлықтың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгертулер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.».
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев