Қазақстан Республикасы азаматтарының тегi мен әкесiнiң атын қазақша жазу тәжiрибесiн қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлерiне сәйкес келтiру жөнiндегi көптеген өтiнiш-тiлектерiн ескере келiп, қаулы етемiн:
1. Ұлты қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Бұл ретте әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай "ұлы" немесе "қызы" сөздерi қосылып, бiрге жазылады.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Жарлықтың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгерістер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.02.04 N 265 Жарлығымен.3. Азаматтың тегi мен әкесiнiң атының жазылуын өзгертуi оның құқықтық субъектiлiгiн қозғамайды, яғни тегi мен әкесiнiң атының бұрынғы жазылуында алған құқықтары мен мiндеттерiн доғаруға немесе өзгертуге негiз бола алмайды.
4. Азаматтардың тегiн, есiмiн, әкесiнiң атын өзгертуге байланысты қалған барлық өзге мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес шешiледi.
5. Республика Үкiметi өзiнiң құқықтық нормативтiк актiлерiн және республиканың орталық атқарушы органдарының актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
6. Осы Жарлық, 1996 жылдың 1 мамырынан күшiне енетiн 2-тармағын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |