Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1338 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы 18-02/909 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 1338 қаулысымен 
бекітілген  

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) орманның генетикалық резерваты – генетикалық-селекциялық тұрғыдан алғанда бағалы өсімдіктер түрі, қосымша түрі таралымдарының бір бөлігі бар орман учаскесі;
      2) орман пайдалану – орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөнінде заңдық және экономикалық тұрғыдан реттелген қызмет;
      3) орман пайдаланушы – Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаюға жарамды алқаптарды анықтау тәртібі

      3. Шөп шабу мен мал жаюға болатын мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен орман орналастыру жобаларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер айқындайды.
      4. Шөп шабу үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және шөп шабу басталғанға дейін орманды табиғи немесе жасанды жолмен жаңарту, оларды жақсарту жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу көзделмейтін басқа да орман көмкермеген жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз екпелердің жекелеген учаскелері пайдаланылады.
      5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабуға болатын алқаптарды жыл сайын шөп шабу басталғанға дейін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық материалдарының, сондай-ақ ормандарды түгендеу мен тексеру материалдарының негізінде орман иеленушілер нақтылайды.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі

      6. Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын алқаптарда рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелер таңдау орман жайылымдарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдарын және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып, жүзеге асырылады.
      7. Жайылым айналымдары жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі.
      Жайылым айналымының алқабы:
      1) өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;
      2) жайылымдардың шығымдылық деңгейі;
      3) эрозияға ұшырау үдерістерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуы;
      4) жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;
      5) «демалыс» берудің орындылығы, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмау ескеріле отырып, белгіленеді.
      8. Мынадай мемлекеттік орман қоры учаскелерінде:
      1) «орманның генетикалық резерваттарын», «ерекше құнды орман алаптарын» қоса алғанда, «мемлекеттiк өңірлік табиғи қорықтардың», «мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнің ормандары», «ғылыми маңызы бар орман учаскелерi» мемлекеттік орман қоры санаттарында, сондай-ақ мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңірлік табиғи парктердің қорық режимі аймақтарында, мемлекеттік өңірлік табиғи резерваттардың қорықтық кіндігі аймақтарында;
      2) рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған кіші аймақтардағы «мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің ормандары» және «мемлекеттiк өңірлік табиғи парктер ормандары» мемлекеттiк орман қоры санаттарында; бүлдірілген ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы «мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары» мемлекеттiк орман қоры санатында; тапсырыс режимi аймағындағы «мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары» мемлекеттiк орман қоры санатында; «жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары», «орманның жемiс екпелерi», «aca биiк тау ормандары», «мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi», «эрозияға қарсы ормандар», «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» мен «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер», «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» мемлекеттiк орман қоры санаттарында;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Мал жаюға рұқсат етілген учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.
      10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкі жаюға арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана рұқсат етіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелері қысқа мерзімді (1 жылға дейін пайдалану мерзіміне) және ұзақ мерзімді (10 жылға дейін пайдалану мерзіміне) орман пайдалануға беріледі.
      12. Орман иеленушілер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 шілдедегі Жер кодексінің 3641-баптарына сәйкес шөп шабу мен мал жаюға жарамды мемлекеттік орман қоры учаскелерінен оларды алуға құқығы бар орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлеріне шөп шабу үшін қызметтік жер телімдерін, мал ұстайтын осы қызметкерлерге мал жаю үшін учаскелерді, сондай-ақ биотехникалық іс-шаралар өткізу шеңберінде қатаң жемшөп дайындау үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін бөледі.
      13. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларына сәйкес тендерлік негізде жүзеге асырылады.
      Бұл тармақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
      14. Шөп шабу мен мал жаюға жарамды қалған алқаптар туралы мәліметтерді (осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілгеннен басқа) орман иеленушілер тендер ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей береді.
      15. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінен шөп шабатын және мал жаятын жерлердің бөлінуіне мұқтаж орман пайдаланушылар:
      1) ұзақ мерзімді негізде (ұзақ мерзімді орман пайдалану) тендер өткізуді ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім-лоттарды орман иеленушілердің дайындауы үшін тиісті өтінімдер жібереді;
      2) қысқа мерзімді негізде (қысқа мерзімді пайдалану) шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей орман иеленушілерге орман пайдалану үшін учаскелер беру жөнінде өтініш жазады.
      16. Тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөнінде өткізілген тендерлердің нәтижелері негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды, оның негізінде тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар мен орман пайдаланушылар арасында осы учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт жасалады, оларда осы учаскелерді пайдалану жөніндегі талаптармен және тараптардың өзара қарым-қатынастарының шарттарымен қатар Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігін сақтауды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні орындау, оларға бөлінген шөп шабатын және мал жаятын жерлерді қорғау және олардың сапасын жақсарту іс-шараларын жүргізу жөніндегі соңғыларының міндеттері белгіленеді.
      17. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі өтінім-лоттарды дайындау кезінде көршілес аудандардың, облыстардың қажеттілігін ескеру керек.
      18. Орман иеленушілер өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша жасалған шарттарға сәйкес және орман пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде тендерлердің жеңімпаздарына орман билеттерін жыл сайын беріп тұруды және оларға шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің табиғи түрінде берілуін қамтамасыз етеді. Орман билетінде пайдалану алаңы мен орны, төлем мөлшері, шөп шабу мен мал жаюды жүргізу мерзімі мен шарттары көрсетіледі.
      19. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға да орман билеті жазып беріледі.
      20. Берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.
      21. Шөп шабу мен мал жаю үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 39-41-баптарына сәйкес тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде шөп шабу
және мал жаю қағидаларына
қосымша       

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі мал жаю алқаптарын анықтау

р/с

Табиғи аймақтар

Үй жануарларының түрлері

Мал жаю алқабы,
1 басқа га

1

2

3

4

1

Жартылай шөлейт және шөлейт

Қой
Ірі қара мал (ІҚМ) Жылқы

7,0
7,0
5,0

2

Далалы

Қой
(ІҚМ)
Жылқы

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Таулы

Қой
(ІҚМ)
Жылқы

0,75-1,5
0,75-1,5
1,0

Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2011 года № 1338. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2016 года № 105

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.02.2016 № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 12 октября 2015 г. № 18-02/909.


      В соответствии с пунктом 4 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 14 ноября 2011 года № 1338

Правила
сенокошения и пастьбы скота на участках
государственного лесного фонда

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и определяют порядок сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) лесной генетический резерват – участок леса с ценной в генетико-селекционном отношении частью популяции вида, подвида растений;
      2) лесопользование – юридически и экономически регламентированная деятельность по использованию лесных ресурсов и полезных свойств леса;
      3) лесопользователь – физическое или юридическое лицо, которому предоставлено право временного лесопользования в порядке, установленном Лесным Кодексом Республики Казахстан;
      4) ведомство уполномоченного органа в области лесного хозяйства – государственный орган, осуществляющий функции управления и контроля в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения.

2. Порядок определения площадей, пригодных для сенокошения
и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда

      3. Участки государственного лесного фонда, на которых возможно сенокошение и пастьба скота, определяются государственными лесовладельцами в соответствии с лесоустроительными проектами, утвержденными ведомством уполномоченного органа в области лесного хозяйства.
      4. Для сенокошения выделяются пригодные для этой цели, входящие в состав государственного лесного фонда площади сельскохозяйственных угодий, а также используются прогалины и другие, не покрытые лесом угодья, на которых не предусматривается естественное или искусственное возобновление леса, проведение других мероприятий по их улучшению до начала сенокошения, а также отдельные участки малоценных насаждений, не предназначенные под реконструкцию.
      5. Площади, где возможно осуществление сенокошения на участках государственного лесного фонда ежегодно до начала сенокошения уточняются лесовладельцами на основании планово-картографических материалов лесоустройства, утвержденных ведомством уполномоченного органа в области лесного хозяйства, а также материалов инвентаризации и обследований лесов.

3. Порядок пользования участками государственного
лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота

      6. Пастьба скота разрешается на участках государственного лесного фонда на площадях, определяемых согласно приложению к настоящим Правилам, при этом выбор участков для пастьбы скота осуществляется с учетом возможностей сезонного использования лесных пастбищ, пастбищеоборотов и допустимой нагрузки на них.
      7. Пастбищеобороты вводятся с целью более эффективного использования пастбищных угодий, повышения их продуктивности, снижения эродированности почв или ее предотвращения.
      Площадь пастбищеоборотов устанавливается с учетом:
      1) природно-климатических условий вегетативного периода;
      2) степени продуктивности пастбищ;
      3) потенциальной возможности и фактического проявления эрозионных процессов;
      4) возможности сбора особо ценных семян дикорастущих трав;
      5) целесообразности предоставления «отдыха», то есть полное исключение стравливания, сенокошения в течение года.
      8. Сенокошение и пастьба скота на участках государственного лесного фонда не допускается:
      1) в категориях государственного лесного фонда «леса государственных региональных природных заповедников», «государственных лесных памятниках природы», «участки леса, имеющие научное значение, включая лесные генетические резерваты», «особо ценные лесные массивы», а также в зонах заповедного режима государственных национальных природных парков и государственных региональных природных парков, зонах заповедного ядра государственных региональных природных резерватов;
      2) в категориях государственного лесного фонда «леса государственных национальных природных парков» и «леса государственных региональных природных парков» в зонах рекреационного использования, подзон, административно-производственного назначения, обслуживания посетителей и туристов; в категории государственного лесного фонда «леса государственных природных резерватов» в зоне восстановления нарушенных ландшафтов; в категории государственного лесного фонда «леса государственных заповедных зон» в зоне заказного режима; в категориях государственного лесного фонда «орехопромысловые зоны», «лесоплодовые насаждения», «субальпийские леса», «государственные защитные лесные полосы», «противоэрозионные леса», «запретные полосы лесов по берегам рек, озер, водохранилищ, каналов и других водных объектов» и «защитные насаждения на полосах отвода железных и автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения, магистральных трубопроводов и других линейных сооружений», «защитные лесные полосы вдоль железных дорог и автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»;
      3) исключен постановлением Правительства РК от 18.10.2013 № 1102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.10.2013 № 1102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      9. Перечень участков, на которых допускается пастьба скота, уточняется ежегодно государственными лесовладельцами с учетом происходящих изменений состояния земель государственного лесного фонда, а также планов мероприятий по воспроизводству лесовосстановительных работ и заготовок лесных ресурсов.
      10. Пастьба коз на участках государственного лесного фонда допускается только на специально отведенных огороженных участках.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 18.10.2013 № 1102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      11. Участки государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота предоставляются в краткосрочное (на срок пользования до 1 года) и долгосрочное (на срок пользования 10 лет) лесопользование.
      12. Лесовладельцы выделяют, в соответствии со статьями 3641 Земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, на участках государственного лесного фонда, из числа пригодных для сенокошения и пастьбы скота, служебные земельные наделы для сенокошения работникам лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, имеющим право на их получение, участки для пастьбы скота указанным работникам, содержащим скот, а также участки государственного лесного фонда для заготовки грубых кормов в рамках проведения биотехнических мероприятий.
      13. Выделение участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота, в долгосрочное лесопользование осуществляется на тендерной основе в соответствии с Правилами проведения тендеров по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2004 года № 32.
      Данный пункт не распространяется на особо охраняемые природные территории.
      14. Сведения об остальных площадях, пригодных для сенокошения и пастьбы скота (кроме указанных в пункте 13 настоящих Правил), представляются лесовладельцами организаторам тендеров не позднее чем за два месяца до начала сенокошения и пастьбы скота.
      15. Лесопользователи, нуждающиеся в выделении сенокосных и пастбищных угодий на участках государственного лесного фонда:
      1) на долгосрочной основе (долгосрочное лесопользование), направляют организаторам проведения тендеров соответствующие заявки для подготовки лесовладельцами лот-заявок на участие в тендере по предоставлению участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота в долгосрочное лесопользование;
      2) на краткосрочной основе (краткосрочное лесопользование) не позднее чем за два месяца до начала сенокошения или пастьбы скота обращаются к лесовладельцам с заявлением на предоставление участков для лесопользования.
      16. Организаторы проведения тендеров на основании результатов проведенных тендеров по предоставлению участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота выносят решение о предоставлении в долгосрочное лесопользование участков государственного лесного фонда, на основании которого заключается договор о долгосрочном лесопользовании этими участками между организаторами проведения тендеров и лесопользователями, в которых наряду с требованиями по эксплуатации этих участков и условиями взаимоотношения сторон устанавливаются обязанности последних по соблюдению нормативного правового акта, определяющего соблюдение пожарной безопасности в лесах Республики Казахстан, охране и проведению мероприятий по улучшению качества выделенных им сенокосных и пастбищных угодий.
      17. При подготовке лот-заявок по предоставлению участков государственного лесного фонда для отгонного животноводства следует учитывать потребность соседних районов, областей.
      18. Лесовладельцы по результатам проведенных тендеров, в соответствии с заключенными договорами и на основании документов, удостоверяющих оплату за лесопользование обеспечивают ежегодную выдачу лесных билетов победителям тендеров и предоставление им в натуре участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота. В лесном билете указываются площадь и место пользования, размер платы, сроки и условия проведения сенокошения и пастьбы скота.
      19. При предоставлении участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота в краткосрочное лесопользование лесопользователям также выписывается лесной билет на основании заявления лесопользователя и документов, удостоверяющих оплату за лесопользование.
      20. Сенокошение и пастьба скота на предоставленных участках государственного лесного фонда должны осуществляться в сроки, указанные в лесных билетах.
      21. Право лесопользования на участках государственного фонда, данное для сенокошения и пастьбы скота приостанавливается, ограничивается или прекращается в соответствии со статьями 39-41 Лесного Кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года.

Приложение        
к Правилам сенокошения и 
пастьбы скота на участках 
государственного лесного фонда

Определение площади выпаса скота на участках
государственного лесного фонда


п/п

Природные зоны

Виды домашних
животных

Площадь выпаса скота,
га на 1 голову

1

Полупустынные
и пустынные

Овцы
Крупный рогатый
скот (КРС)
Лошади

7,0
7,0
 
5,0

2

Степная

Овцы
КРС
Лошади

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Горные

Овцы
КРС
Лошади

0,75-1,5
0,75-1,5
1,0