"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1483 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1146 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 524-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістерін, Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған:
      1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістері;
      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістерінде:
      1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бөлім. Атыс, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруға, оның патрондарына, сондай-ақ қаруға құрылымдық жағынан ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар";
      1-бөлімнің 2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Атыс, белгі беретін, газды, электрлі, пневматикалық қаруға қойылатын жалпы криминалистік талаптар";
      2-тараудың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Үрмелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі - Дж) жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден (бұдан әрі - мм) астам атыс, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қарудың механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін пайдаланып, оның ішінде лазермен орындалған, тереңдігі кемінде 0,2 мм өзін дараландыратын таңбалу белгісі (сериясы, нөмірі) болуға тиіс.";
      20-тараудың 125-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "125. Ойық және тегіс ұңғылы атыс қарулары ұңғысыз, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қарулар, олардың патрондары сияқты, сондай-ақ отандық және шетелде шығарылған қаруға құрылымы ұқсас бұйымдар.";
      21-тарау алынып тасталсын;
      23-тараудың 130-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "130. Объектілерді сынау келіп түскен материалдарды тіркеген күннен бастап 20 тәуліктің ішінде жүргізіледі.";
      26-тараудың 165-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) барлық зерттелетін объектілерді криминалистік сынақтың анықтамасына ақпараттық парақтың деректерімен (зерттеу объектілермен бірге берілетін не Ақпараттық парақтар жинағында жарияланған немесе ақпараттық-іздеу жүйесінде бар) міндетті түрде салыстыру;";
      мынадай мазмұндағы 166-1, 166-2, 166-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "166-1. Қорытындыға қосымша ретінде 4-қосымшаға сәйкес "Криминалистік сынақтардың анықтамасына ақпараттық парақтың" (бұдан әрі - ақпараттық парақ) екі данасы ресімделеді. Ақпараттық парақта: анықтаманың нөмірі және күні, сыналған үлгінің атауы, базалық үлгінің түрлендіру нөмірі, жасаушы, жасаушы ел, қысқаша қорытынды көрсетіледі және оның жалпы түрінің фотосуреті қоса тіркеледі.
      Ақпараттық парақ қорытындының немесе анықтаманың артқы бетінде орналастырылады және сәйкестігін растау жөніндегі органға жіберіледі.
      Атыс, сигнал, газды, электрлі, пневматикалық қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ құрылымы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық парақтар сыналған үлгіні Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына енгізу туралы мәселені шешу үшін әкімшілік полиция бөліністеріне жіберіледі.
      166-2. Ақпараттық парақтар, олардың мөрмен куәландырған көшірмелері, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңіндегі (бір жылғы) жинақ түрінде жарияланған ақпараттық парақтар зерттеулер мен сараптамалар жүргізген кезде ресми анықтамалық-әдістемелік материалдар болып табылады.
      166-3. Бөлек парақта ресімделген анықтамаға ақпараттық парақтардың телнұсқалары бақылау данасы ретінде мұрағат ісінде сақталады.
      Ақпараттық парақтардың көшірмелері күнтізбелік жылдың ақпараттық парақтарының жинағы даналарын жасау үшін пайдаланылады.
      Ақпараттық парақтардың файлдары сақталады және жинақтардың ақпараттық-іздеу жүйесі түріндегі электрондық нұсқасын жасау үшін дерекқор құрады.
      Қорытындыларға қосымшалардың көшірмелері мұрағатта сақталады.»;
      27-тарау алынып тасталсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларымен толықтырылсын;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістеріне 12 және 3-қосымшалар алынып тасталсын;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістеріне 4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Криминалистік сынақтардың анықтамасына ақпараттық парақ 20  ___ жылғы "____"________ №_________ анықтама".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1483 қаулысына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 1146 қаулысымен 
бекiтiлген     

Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленген және азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру тәртібін айқындайды.

2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру тәртібі

      2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистiк талаптарға сәйкестігіне қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) алу үшін арыз беруші қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттар мен объектілерді:
      1) сынақтар жүргізуге арызды;
      2) стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды немесе техникалық тапсырманы, жұмыс сызбаларын, фирманың каталогын, қару паспортының түпнұсқасын және оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мемлекеттік және орыс тілдерінде;
      3) арыз беруші фирманың басшылығы растаған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сынау объектісін сатып алу туралы шарттың көшірмесін;
      4) сынау объектісін тізімдеме бойынша ұсынады.
      3. Ұсынылған құжаттарды қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 25 күннен асырмай қарайды.
      Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар толық ұсынылмаған немесе толық емес ақпарат ұсынылған жағдайда құжаттар қаралмай арыз берушіге күнтізбелік 2 күн ішінде қайтарылады.
      4. Қарудың криминалистік талаптарға сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес криминалистік сынақтар анықтамасы (бұдан әрі – анықтама) ресімделеді.
      Анықтама ұсынылған объектілердің әрбір базалық үлгісіне жеке ресімделеді.
      Бұрын сыналған және оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік кадастрға енгізілген объектілер қайта немесе қосымша сынауды талап етпейді.
      5. Анықтаманың негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды ресімделеді.
      6. Сыналған объектілерге қорытындылар тікелей арыз берушіге беріледі.
      7. Қорытынды жоғалған немесе бүлінген жағдайда арыз беруші күнтізбелік он күн ішінде қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органға қорытындының телнұсқасын беру туралы өтініш білдіреді.
      Қорытындының телнұсқасын алу үшін арыз беруші Қорытындының телнұсқасын беру туралы арыз ұсынады.
      Қорытындының телнұсқасы 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

Азаматтық және қызметтiк
қару мен оның патрондарының
криминалистiк талаптарға  
сәйкестігіне қорытындылар
беру қағидаларына    
1-қосымша       

Қару айналымын бақылау саласындағы
уәкілетті органға сынауға ұсынылған
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

      _______________________ өкілі _______________________________
              (бастамашы)                     (тегі, аты, әкесінің аты)

      20____ жылғы " ____"_________ сынақ жүргізу үшін мынадай материалдарды ұсынғаны, ал сынақ зертханасы оларды қабылдап алғаны расталады:

Р/с

Материалдардың атауы

Саны

Қосымша
мәліметтер













Материалдарды тапсырған: __________________ _______ __________
                               (лауазымы)       (қолы)     (Т.А.Ә)

Материалдарды қабылдаған: __________________ _______ _________
                                 (лауазымы)     (қолы)     (Т.А.Ә)

      М.О.

Азаматтық және қызметтiк
қару мен оның патрондарының
криминалистiк талаптарға 
сәйкестігіне қорытындылар
беру қағидаларына     
2-қосымша       

АНЫҚТАМА

      № _________                        20____ жылғы "___" ________

      Cіз ұсынған шығыс № __________________________________________
                      (қаруды немесе патрондарды сынақ зертханасына жіберу туралы

____________________________________________________________________
           сынақ бастамашысы хатының деректемелері көрсетіледі)
____________________________________________________________________
Бұйым ______________________________________________________________
                 (өндіруші фирманың толық атауы,
____________________________________________________________________
               қарудың моделі, калибрі және нөмірі көрсетіледі)

Жүргізілген сынақтардың нәтижесінде: _______________________________
                                     (негізгі нәтижелер қысқаша баяндалады)

____________________________________________________________________
анықталды.

Сынауды жүргізген: _________________________________________________
                        (сынақ зертханасы криминалисінің Т.А.Ә)
Бастық

____________________________________________________________________
           (сынақ зертханасы бастығының немесе оның орынбасарының Т.А.Ә)

Азаматтық және қызметтiк
қару мен оның патрондарының
криминалистiк талаптарға  
сәйкестігіне қорытындылар 
беру қағидаларына    
3-қосымша         

                 Криминалистік сынақ бойынша
                      № ____ қорытынды

20____ жылғы "____" ________

1. Арыз: 20____ жылғы "____" ______________ кіріс № ________________
Арыз беруші:_________________________________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________

2. Ұсынылған құжаттама:

3. Сынақ объектілерінің үлгілері:

                   Криминалистік сынақ бойынша
                               ШЕШІМ

_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Министрдің орынбасары ____________________ ______________________
                              (қолы)                  (Т.А.Ә)

Азаматтық және қызметтiк қару
мен оның патрондарына   
криминалистiк талаптар мен  
оларды сынау әдiстерiне  
4-қосымша            

Криминалистiк сынақтардың анықтамасына ақпараттық парақ
20 ____жылғы "___"________№ ________анықтама

Сыналған үлгiнiң жалпы түрiнiң
фотосуретiне арналған орын
(өлшемi 9x12)

Бұйым ___________________________________________________________
          (сыналған үлгiнiң толық атауы, каталогтар бойынша нөмiрi, базалық
_________________________________________________________________
            үлгiсiнiң түрлендiру нөмiрi, жасаушы, жасаушы ел көрсетiледi)
Нәтиже __________________________________________________________
                    (қысқаша қорытынды көрсетiледi)
Техникалық сипаттамалары:________________________________________
Қолы ____________________________________________________________
         (сынақ зертханасы бастығының немесе оның орынбасарының Т.А.Ә)

   М.О.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 1146 "Об утверждении криминалистических требований и методов испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 1483. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 821

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2015 № 821 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях приведения в соответствие с Законами Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и от 30 декабря 1998 года "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года № 1146 "Об утверждении криминалистических требований и методов испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 44, ст. 524) следующие изменения и дополнения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении криминалистических требований и методов испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему, Правил выдачи заключений на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Утвердить прилагаемые:
      1) Криминалистические требования и методы испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему;
      2) Правила выдачи заключений на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему.";
      в Криминалистических требованиях и методах испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденных указанным постановлением:
      заголовок раздела 1 изложить в следующей редакции:
      "Раздел 1. Криминалистические требования к огнестрельному, сигнальному, газовому, электрическому, пневматическому оружию, патронам к нему, а также к конструктивно сходным с оружием изделиям";
      заголовок главы 2 раздела 1 изложить в следующей редакции:
      "2. Общие криминалистические требования к огнестрельному, сигнальному, газовому, электрическому, пневматическому оружию";
      пункт 2 главы 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Огнестрельное, сигнальное, газовое, электрическое, пневматическое оружие с дульной энергией свыше 7,5 Джоулей (далее - Дж) и калибром более 4,5 миллиметра (далее - мм) должно иметь индивидуализирующее его маркировочное обозначение (серия, номер), выполненное механическим способом (удар, давление) или с использованием высококонцентрированных источников энергии, в том числе лазером, на глубину не менее 0,2 мм.";
      абзац первый пункта 125 главы 20 изложить в следующей редакции:
      "125. Огнестрельное как нарезное и гладкоствольное, так и бесствольное, сигнальное, газовое, электрическое, пневматическое оружие, патроны к нему, а также конструктивно сходные с оружием изделия отечественного и иностранного производства.";
      главу 21 исключить;
      пункт 130 главы 23 изложить в следующей редакции:
      "130. Испытание объектов проводится в течение 20 календарных дней со дня регистрации поступивших документов.";
      подпункт 10) пункта 165 главы 26 изложить в следующей редакции:
      "10) обязательное сопоставление всех исследуемых объектов с данными на информационном листе к справке криминалистического испытания (представляемых с объектами исследования, либо опубликованных в Сборниках информационных листов или содержащихся в информационно-поисковой системе);";
      дополнить пунктами 166-1, 166-2, 166-3 следующего содержания:
      "166-1. В качестве приложения к заключению оформляются два экземпляра "Информационного листа к справке криминалистических испытаний" (далее - информационный лист) согласно приложению 4. В информационном листе указываются: номер и дата справки, наименование испытанного образца, номер модификации базового образца, изготовитель, страна изготовления, краткий вывод и приобщается фотоснимок его общего вида.
      Информационный лист помещается на оборотной стороне заключения или справки и направляется в орган по подтверждению соответствия.
      Информационные листы по результатам исследований огнестрельного, сигнального, газового, электрического, пневматического оружия, патронов к нему, а также конструктивно сходных с оружием изделий направляются в подразделения административной полиции для решения вопроса о включении испытанного образца в Государственный кадастр гражданского и служебного оружия и патронов к нему.
      166-2. Информационные листы, их копии, заверенные печатью, а также информационные листы, опубликованные в виде сборников за определенный период времени (за год), являются официальными справочно-методическими материалами при производстве исследований и экспертиз.
      166-3. Дубликаты информационных листов к справке, оформленные на отдельном листе, хранятся в архивном деле в качестве контрольных экземпляров.
      Копии информационных листов используются для формирования экземпляров сборника информационных листов за календарный год. Файлы информационных листов сохраняются и формируют базу данных для создания электронной версии сборников в виде информационно-поисковой системы.
      Копии приложений к заключениям хранятся в архиве.";
      главу 27 исключить;
      дополнить Правилами выдачи заключений на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему согласно приложению к настоящему постановлению;
      приложения 12 и 3 к криминалистическим требованиям и методам испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему исключить;
      заголовок приложения 4 к криминалистическим требованиям и методам испытания гражданского и служебного оружия и патронов к нему изложить в следующей редакции:
      "Информационный лист к справке криминалистических испытаний № справки от "__" __________ 20__ года ".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 7 декабря 2011 года № 1483

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 29 ноября 2007 года № 1146

Правила выдачи заключений на соответствие
криминалистическим требованиям гражданского и
служебного оружия и патронов к нему 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи заключений на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и от 30 декабря 1998 года "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" и определяют порядок выдачи заключений на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему.

2. Порядок выдачи заключений на соответствие криминалистическим
требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему

      2. Для получения заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему (далее - заключение) заявитель представляет в уполномоченный орган в сфере контроля за оборотом оружия следующие документы и объекты по описи согласно приложению 1 к настоящим Правилам:
      заявление на проведение испытаний;
      нормативные документы по стандартизации или техническое задание, рабочие чертежи, каталог фирмы, оригинал паспорта на оружие и инструкции по его эксплуатации на государственном и русском языках;
      копия договора о приобретении объекта испытания ввезенного на территорию Республики Казахстан, заверенная руководством фирмы-заявителя;
      объект испытания.
      3. Представленные документы рассматриваются уполномоченным органом в сфере контроля за оборотом оружия не более 25 календарных дней.
      В случае неполного представления документов, предусмотренные в пункте 2 настоящих Правил или предоставление неполной информации, документы возвращаются заявителю без рассмотрения в течение 2 календарных дней.
      4. По результатам испытаний объекта на соответствие криминалистическим требованиям оформляется справка криминалистических испытаний (далее - справка) согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Справка оформляется отдельно на каждый базовый образец представленных объектов.
      Объекты, ранее испытанные и по его результатам включенные в Государственный кадастр, повторного или дополнительного испытания не требуют.
      5. На основании справки оформляется заключение согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      6. Выдача заключения на испытанные объекты осуществляется непосредственно заявителю.
      7. При утрате или порче заключения заявитель в течение десяти календарных дней обращается в уполномоченный орган в сфере контроля за оборотом оружия за выдачей дубликата заключения.
      Для получения дубликата заключения заявитель представляет заявление о выдаче дубликата заключения.
      Дубликат заключения выдается в течение 3-х рабочих дней.

Приложение 1          
к Правилам выдачи заключений   
на соответствие криминалистическим
требованиям гражданского и служебного
оружия и патронов к нему    

ОПИСЬ МАТЕРИАЛОВ
представленных на испытание в уполномоченный
орган в сфере контроля за оборотом оружия

      Настоящим удостоверяется, что ________________________________
                                             (инициатор)
представитель ______________________________________________________
                         (фамилия, имя, отчество)
представил, а испытательная лаборатория приняла "__" ________ 20__ г.
следующие материалы проведения испытания:

№ п/п

Наименование материалов

Количество

Доп. сведения













Материалы сдал: _________________ ___________ _______________________
                    (должность)     (подпись)          (ФИО)
Материалы принял: _______________ ___________ _______________________
                    (должность)     (подпись)          (ФИО)

      М.П.

Приложение 2         
к Правилам выдачи заключений  
на соответствие криминалистическим
требованиям гражданского и служебного
оружия и патронов к нему   

Справка

№ ______                                       "__" _______ 20__ года

Представленные Вами за исх. № _______________________________________
               (указываются реквизиты письма инициатора испытаний о
_____________________________________________________________________
      направлении оружия или патронов в испытательную лабораторию)
Изделие _____________________________________________________________
      (указывается полное наименование фирмы-производителя, модели,
_____________________________________________________________________
                   калибра и номера оружия)

В результате проведенных испытаний установлено, что:
_____________________________________________________________________
             (кратко излагаются основные результаты)

Испытания проводил __________________________________________________
                       (ФИО криминалиста испытательной лаборатории)

Начальник ___________________________________________________________
      (ФИО начальника испытательной лаборатории или его заместителя)

Приложение 3           
к Правилам выдачи заключений   
на соответствие криминалистическим
требованиям гражданского и служебного
оружия и патронов к нему    

Заключение № _____
по криминалистическому испытанию

                                            "__" _________ 20__ года

1. Заявление: входящий № от "__" _________ 20__ года.
Заявитель: _________________________________________________________
Юридический адрес: _________________________________________________

Представленная документация:

Образцы объектов испытания:

РЕШЕНИЕ
по криминалистическому испытанию

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Заместитель министра ___________ ___________________________________
                      (подпись)                   (ФИО)

Приложение 4           
к криминалистическим требованиям и методам
испытания гражданского и служебного 
оружия и патронов к нему      

Информационный лист к справке криминалистических испытаний
№ справки от "__" _______ 20__года

Место для
фотоснимка общего
вида
испытанного образца
(размер 9x12)

      Изделие _______________________________________________________
            (указывается полное наименование испытанного образца,
                            номер по каталогам,
_____________________________________________________________________
                 номер модификация базового образца
_____________________________________________________________________
                 изготовитель, страна изготовления)
      Результат _____________________________________________________
                        (указывается краткий вывод)
      Технические характеристики: ___________________________________
      Подпись _______________________________________________________
       (ФИО начальника испытательной лаборатории или его заместителя)
М.П.