"Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1497 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген және еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерге экспортталатын тауарлардың шығу тегі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көрсетілген негізде айқындалады.";
      23-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) "СТ-2" нысанындағы сертификат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасалған және қолданылатын елдерге Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Оригинал" нысанындағы сертификат - осы тармақтың 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген елдерге шығарылатын тауарларға ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтінім беруші айқындайды);".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2011 года № 1497. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 793

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.07.2014 № 793 (вводится в действие с 12.07.2014).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара" (САПП Республики Казахстан, 2009 г. № 44, ст. 423) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 8 дополнить частью седьмой следующего содержания:
      "Происхождение товаров, производимых и экспортируемых из Республики Казахстан в страны, с которыми заключены соглашения о свободной торговле, за исключением стран Содружества Независимых Государств, определяется на основе указанных международных договоров, вступивших в силу для Республики Казахстан.";
      в пункте 23:
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) сертификат формы "СТ-2" - на товары, вывозимые из Республики Казахстан в страны, с которыми совершены и действуют соглашения о свободной торговле, за исключением стран Содружества Независимых Государств;";
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) сертификат формы "Оригинал" - на английском или русском языке (определяет заявитель) на товары, вывозимые в страны, не указанные в подпунктах 1), 1-1) и 2) настоящего пункта;".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             К. Масимов