Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.09.2018 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2014 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 793 қаулысымен
бекітілген

Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 793 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру, тауардың шығу тегі туралы сертификаты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 40, 361-құжат).

      3. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификаты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1497 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 137-құжат).

      4. "Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификаты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1633 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 11, 219-құжат).

      5. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификаты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 97 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 355-құжат).

      6. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификаты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 843 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 805-құжат).

      7. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификаты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 201 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 314-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат;);

      9. "Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1334 қаулысы (Қазақтан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 71, 939-құжат);

      10. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 221-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады