Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығын қараңыз.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1576 қаулысымен
бекітілген
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидалары»; (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сұрыптау – партияның ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелген сынамалардың жиынтығы;
1-1) биологиялық материал – жануарлардың ауруларына диагностика жүргізу мақсатында іріктеп алынған тірі ұлпаның бір бөлігі немесе биологиялық белсенді сұйықтық (қан, шырыш, жұлын сарысуы, өт, ірің, зәр, қи, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар және басқалары);
1-2) патологиялық материал – тірі немесе өлген жануарлардан алынған, құрамында жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары бар немесе болуы мүмкін, ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған биологиялық материал;
2) бақылау сынамасы – зерттеуді жүргізетін зертханада сақталатын, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкес келмеген немесе дау туған кезде қайта зерттеуге арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі;
3) жемшөп – жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында бойға сіңімді қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық өнім;
4) жемшөп қоспалары – жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендер көзі ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық заттар;
5) зертханалық сынама (соңғы сынама) – бақыланатын объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мақсатында нормативтік құжаттарда анықталған зерттеуге жолданатын (зертханаға жеткізілген) тестілік үлгіні жасауға арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі;
6) кварттау әдісі – біріктірілген сынаманы (мұқият араластырғаннан кейін) бірдей төрт бөлікке бөліп, диагональ бойынша екі ширегін алып, алғашқыдай бірнеше рет қайта төртке бөлу жолымен сынаманың мөлшерін азайтып, өнімнің зертханалық талдауға тиісті мөлшерінде ортаңғы сынаманы құрау тәсілі;
7) конверт әдісі – үйіндіде, қатарда, рет-ретімен орналастырылған көліктік ыдыстан немесе онсыз даналанған, ұнтақ күйдегі материалдардан нүктелік сынамаларды іріктеу схемасы. Көлік құралы бірлігінің, көліктік ыдыстың немесе өнім сақтайтын қойманың көлеміне байланысты өнімнің ортаңғы, төменгі және жоғарғы қабаттарынан сынаманы іріктеу үшін бір, екі немесе үш конверт әдісі қолданылады;
8) аспа – өнім сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін бөлінген ортаңғы сынаманың бір бөлігі;
9) біріктірілген сынама – ортаңғы сынаманы құрастыруға арналған іріктемеден алынған нүктелі сынамалардың жиынтығы;
10) сынама – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелетін үлгі;
11) партия – бірдей жағдайда бір өндіруші бір нормативтік құжат бойынша өндірген (дайындаған), өндіру күні бірдей, бір ілеспе құжатпен ресімделген және бір уақытта жеткізілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) бір текті объектінің мөлшері;
12) тұтынушылық ыдыс – тұтынушыға өніммен бірге жеткізілетін және жеке көлік бірлігін құрамайтын ыдыс (бөтелке, банка, пакет, саптаяқ, брикет);
13) жануарлардан алынатын өнімдер – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығы өнімдері;
14) жануарлардан алынатын шикізат – жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
15) ортаңғы сынама – зертханалық зерттеу өткізуге арналған біріктірілген сынаманың бір бөлігі;
16) нүктелік сынама – біріктірілген сынама жасау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден бір партиядан бір қабылдауда бір жерден алынған сынама бөлігі;
17) ыдыс – стандарттарда, техникалық шарттарда көзделген өнімді орналастыруға арналған орама элементі (жәшік, барабан, бөшке, цистерна және буып-түюдің басқа түрлері);
18) көліктік ыдыс – жеке көлік бірлігін (контейнер, қап, қорап, құты) құрайтын, өнімдерді орналастыруға арналған орама;
19) орама бірлігі – оралған орамамен қоса алғандағы тауардың бірлігі;
20) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға бағынысты орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер (бұдан әрi – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсiмдiктердiң сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшiн пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлерi және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдайтын көлiк құралдары.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы Қағидалардың талаптары мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн оларды зерттеу мерзiмi туралы мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, сынамаларын iрiктеуді жүргiзуге арналған.
4. Осы Қағидалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге және биологиялық материалдарға қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу тәртібі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу:
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің өндірістік үй-жайларындағы, аумақтарда, сондай-ақ экспортқа жөнелту алдында жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
2) жануарлардың ауру қоздырғыштарының берілу факторлары болып табылатын ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша барлық көлік құралдарының түрлерінде;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
4) мал айдау трассаларында, маршруттарында, тасымалдау (орын ауыстыру) маршруты өтетін жануарлардың жайылым және суару аумақтарында;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу, сақтау, тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық нормалардың бұзылуы белгіленген жағдайда ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары жоқ объектілерді қоспағанда);
6) ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары бар жерлерде);
7) сою пункттерінде немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің және биологиялық материалдың ыдысын ашу алдында сыртынан тексерiп қарайды және оның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестiгiн анықтайды. Зақымдалған орама бiрлiктерiнен сынама iрiктеу жүзеге асырылмайды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың ыдысы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болған жағдайда сынама iрiктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) шикiзат өнiмi партиясының бiртектiлiгiн анықтау;
2) сұрыптау (сынама) көлемiн жасау;
3) нүктелi сынамаларды iрiктеу және бiрiктiрiлген сынама қалыптастыру;
4) ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргiзу үшiн ортаңғы және бақылау сынамасын бөлiп алу;
5) iрiктелген сынамаларды буып-түйiп, пломбалау, мөр салу.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Микробиологиялық бақылау үшін сынаманы таза, стерильді ыдысқа іріктейді. Органолептикалық, физика-химиялық талдаулар үшін сынамаларды таза, құрғақ, бөгде иісі жоқ, тиісті сыйымдылығы мен пішіні бар сынамаларды талдауға дайындау үшін ыңғайлы ыдысқа іріктейді. Ыдысты қабыршақты, пластмасса немесе фольгаға оралған резеңке тығынмен немесе қақпақпен жабады.
8. Пестицидтердің, антибиотиктердің, уытты элементтердің және радионуклеидтердің, микотоксиндердің қалдық мөлшерін бақылау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) бір объектіден көп сатылы сынамаларды іріктеу жүргізіледі.
Сатылар саны орама түрімен анықталады:
1) 1-саты: көліктік ыдыс бірліктерін іріктеу (жәшіктер, қораптар, қаптар, бөшкелер және басқалары);
2) 2-саты: көліктік ыдысқа салынған орама бірлігін және тұтынушы ыдысының бірлігін (пакеттерді, банкаларды және басқалары) іріктеу;
3) 3-саты: орама бірлігінен (тұтынушы ыдысынан) өнімді іріктеу және біріктірілген іріктемені (сынаманы) құрау. Іріктелген іріктеме бірліктерінен нүктелік сынаманы іріктейді, жиынтық сынаманы құрайды және ортаңғы сынаманы бөліп алады.
9. Бірліктерді (үлгілерді, нүктелік сынамаларды) іріктеу мөлшері мен салмағы біріктірілген сынаманы құрастыру және одан ортаңғы сынаманы бөліп алу үшін жеткілікті болатындай жүргізіледі. Ортаңғы сынаманың шамасы (салмағы, көлемі) одан бақылаушы және зертханалық сынамаларды алу үшін жеткілікті болуы тиіс. Өнім көрсеткіштерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін ортаңғы сынаманың салмағы бақыланатын көрсеткіштердің санына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген зерттеудің қолданылатын әдістеріне тәуелді.
10. Жануарлардан алынатын өнімдерді іріктеуді жүргізген кезде олардың және жемшөптердің ветеринариялық-санитариялық талаптар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің көрсеткішіне ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізуде сынама іріктеуді жүргізетін тұлға осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нормаларды басшылыққа алады.
11. Сынамалар алу үшін тот баспайтын болаттан, қалайыдан немесе тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін рұқсат етілген полимерлі материалдардан дайындалған мынадай құрал-саймандар қолданылады:
1) әр түрлі пішіндегі пышақтар;
2) қайшы, іскек;
3) сұйық, сусымалы өнімдер үшін сүңгі тәрізді сынама алғыштар;
4) қасықтар, сүңгі, шөміш, саптыаяқ, сыйымдылығы 200 граммға дейінгі ожаулар;
5) шыны бойынша қарындаш, пастер пипеткалары, резеңке тығыны бар шыны түтіктер, саптыаяқтар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін диаметрі мен ұзындығы әртүрлі металл және пластмасса құбырлары;
6) жалпы мақсаттағы зертханалық және техникалық таразылар;
7) тиісті сыйымдылығы, герметикалық жабылатын тығыны мен қақпағы бар шыны немесе синтетикалық материалдардан жасалған ыдыстар;
8) полимерлі материалдардан жасалған пакеттер, пергамент қағазы, фольга және тамақ өнімдерін буып-түю және сақтау үшін рұқсат етілген басқа орама материалдары;
9) орақ, пышақ, қалақтар;
10) қиғаш қабырғалы ағаш планкалар.
12. Өнімнің үлгісімен байланысатын орауға арналған материал су өткізбейтін және майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған иіс және дәм бермейтін болуы тиіс.
13. Зерттеу үшін іріктелген сұйық сынамаларды құрғақ таза шыны немесе полиэтиленді ыдысқа, сусымалы сынамаларды тығыз полиэтиленді қаптарға орналастырады.
Шыны, полиэтиленді ыдыстарды, қаптарды пергамент қағазға орайды, жіппен байлайды және мөрлейді.
Сынамалардың оралған үлгілерін арнайы лайықталған жәшікке орналастырады, жөнелтілетін өнімнің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қағазбен жабады.
14. Іріктелген сынамалар жылдам бұзылатын өнімдер үшін 24 сағаттан және басқалары үшін 36 сағаттан аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес объект бойынша ілеспе жазбамен және сынамаларды іріктеу актісімен (бұдан әрі – акт) бірге ветеринариялық зертханаларға жолданады. Акт үш данада жасалады: бірінші данасы сынамалармен бірге ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған, екіншісі сынамаларды іріктеуді жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, сынама іріктеу актісінің үшінші данасы өнімнің иесіне немесе оның өкіліне беріледі.
Биологиялық материалдың сынамаларын іріктеуді және оны ветеринариялық зертханаға жеткізуді, сынама алу туралы актіні еркін нысанда жасап, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүргізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Ағуына, кебуіне, ыдырауына, өзара ластануына қарсы іс-шараларды сақтай отырып, сынамалар ветеринариялық зертханаға жеткізіледі. Сынамаларды тасымалдау үдерісінде үлгілердің бөгде иістермен ластануын, күн сәулесінің тіке түсуін болдырмауға, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық іс-шаралары сақталуы тиіс. Жылдам бұзылғыш өнімдердің сынамалары тоңазытқыш-сөмкеге салынады немесе құрғақ мұзбен қоршалады. Әр сынама өнімнің түрі, сынама массасы, сынаманы іріктеу күні мен орны, сынаманы іріктеуді жүргізген тұлғаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тегі мен аты-жөні көрсетілетін заттаңбамен және жапсырмамен (зерттеулердің соңына дейін сақталатын) қамтамасыз етіледі.
16. Бақылау сынамасы сол орында сынаманы іріктеу үдерісі барысында стерильді контейнерге пломбаланған (мөрленген) күйінде бөлінеді, ол зерттеу жүргізіп жатқан ветеринариялық зертханада сақталуы керек. Бақылау сынамасының сақталу мерзімі зерттеу жүргізіліп болғаннан кейін кемінде 14 тәулік, ал бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін үлгілер үшін зерттеу мақсатына және сараптама бойынша қорытынды алу мен сынау хаттамасына байланысты болады. Тез бұзылатын өнімдер үшін бақылау сынамасының сақталу мерзімі, бірнеше сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздік көрсеткіштері (органолептикалық және микробиологиялық) оның сақталу мерзімінен артық болмауы тиіс.
3. Жануарлардан алынатын өнімдердің сынамаларын іріктеу ерекшеліктері
17. Сойылатын жануарлардың барлық түрлерінің етінен (сиыр еті, қой еті, шошқа еті және үй қоянынан, құстан, балықтан басқа ауыл шаруашылығы мен кәсіптік жануарлардың барлық түрі) сынамаларды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі.
Ұшалар мен жартылай ұшалардан еттің (майсыз) нүктелік сынамаларын стерильді, кесу орнын алдын-ала күйдіргеннен кейін кемінде 200 грамм тұтас кесектермен мынадай орындардың біреуінен – кесілген жерінің жанынан, жауырын маңынан, сан маңайындағы жуан бұлшық еттерден алады.
Еттің балғындығын анықтаудың органолептикалық әдістерін анықтау үшін салмағы кемінде 200 грамм ортаңғы сынама бөлініп алатын іріктелген сынама қалыптастырылады.
Сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау үшін дозиметриялық бақылау сынама алмай дозиметриялық аспаптар көмегімен жүргізіледі.
Радиациялық бақылаудың спектрометриялық аспаптарымен уытты заттарды, антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау үшін іріктелген сынамадан салмағы кемінде 1 килограмм ортаңғы сынама алынады.
Микробиологиялық көрсеткіштерге алдыңғы және артқы аяқтарының иілдіргіш және жазғыш бұлшық еттерінің 8х6х6 көлеміндегі бөлігін, лимфа түйіндерін тұтастай (мойын беткейіндегі және тізедегі оларды қоршаған ұлпаның қатпарынан), түтік тәрізді сүйекті (қажет болған кезде) алады, біріктірілген сынама құрастырады, зерттеу жүргізу үшін 250 грамм ортаңғы сынама бөлініп алынады.
Трихинеллезге зерттеу үшін әр ұшаның диафрагма шетінен екі сынама үлгілерін, ал олар болмаған жағдайда диафрагманың қабырға бұлшық еті бөлігінен, қабырға аралық бұлшық етінен және мойын бұлшық етінен кемінде 60 грамм алынады.
Мұздатылған ет блоктарынан үлгілерді салмағы кемінде 200 грамм тұтас кесектермен алады. Еттің мұздатылған блоктарының сапасына, салмағына және температурасына бақылау тексерісі үшін орама бірліктері орындарының 10 %-на іріктеу жүргізіледі, бірақ әр партиядан кемінде 10-нан орындардағы кеуде және сан бұлшық еттерінің қалыңынан температурасының шкаласы 0-ден 100оС-қа дейінгі сұйықтық термометрлермен (сынаптық емес) температурасын өлшейді.
Ет комбинаттарында, тоңазытқыштарда және уақытша сақтау қоймаларында іріктеуге ірі қара малдың 10%-дан аспайтын ұшаларын (жартылай ұшалары), қой ұшаларының 5%-ы, шошқалардың және мұздатылған және суытылған ет блоктары мен субөнімдерінің 2%-ы енгізіледі. Мұздатылған және тоңазытылған ет блоктарынан нүктелі сынамаларды да кемінде 200 грамм болатын бүтін кесектермен алады.
Алынған нүктелі сынамалардан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ортаңғы сынама қалыптастырылады.
18. Жануарлардан алынатын ерітілген май партиясынан сынамаларды іріктеу үшін партияның 10 %-ын құрайтын, бірақ кемінде 5 орама бірліктерінен іріктеме жасалады. Тұтыну орамасына буып-түйілген май партиясының әр 100 бірлігінен бір-бір орама бірлігі алынады. Кесектердегі, саптаяқтардағы, банкалардағы және басқа да тұтынушы орамаларындағы бір орамадан 50 грамм мөлшерінде нүктелі сынамалар алады. Нүктелі сынамалардан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ортаңғы сынама құралады.
19. Тауық, үйрек, үй қоянының етінен сынама ұшалармен немесе жартылай ұшалармен, қаз және күрке тауықтан ширек ұшалармен алынады. Құс ұшалары сатуға жеткізілетін партиядан кездейсоқ таңдау әдісімен алынады. Нүктелі сынамалардан біріктірілген сынама құрайды, нормаларды басшылыққа алып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес біріктірілген сынамадан құстардың, үй қояндары сынамаларының ортаңғысы құралады.
Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін іріктелген қораптардан үш үлгі (ұша) алады.
Органолептикалық бағалау кезінде: сыртқы түрі мен тұмсығының түсі, ауыз қуысының, көз алмасының, ұша беткейінің, кеуде-құрсақ серозды қабығының кілегей қабығы сынама алмай, сыртынан тексеріп қараумен анықталады. Құс еті сорпасының хош иістілігі мен мөлдірлігін анықтау үшін құстың 70 грамм бұлшық ет ұлпасын, үй қоянының етінен үй қоянының 25 грамм бұлшық ет кесегі алынады.
Біріктірілген сынамалардан микробиологиялық көрсеткіштерге 250 грамм ортаңғы сынама алынады.
Спектрометриялық құралдармен радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелі сынамалардан біріктірілген сынама құрайды, одан кемінде 1 кг-нан ортаңғы сынама бөліп алады.
Радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелік сынамалардан біріктірілген сынаманы қалыптастырады, одан кемінде 1 килограмм ортаңғы сынаманы бөліп алады.
Фермада сынамаларды іріктеу кезінде іріктеме көлемі тауықтар, үйректер үшін кемінде үш ұшадан және қаздар мен күрке тауықтарда кемінде үштен жартылай ұшаларды құрайды.
Қояндар етінің сынамаларын іріктеу тауықтар мен үйректердің ұшаларын іріктеуге ұқсас жасалады, бірақ әрбір көліктік орамадан қоянның бір ұшасынан артық іріктемейді.
20. Сұйық бал сынамаларын іріктеуді диаметрі 10 – 12 миллиметр сынама алатын алюминий түтіктермен, қою балдан – 100 грамм нүктелі сынаманы әр түрлі қабаттардан майға арналған сүңгілермен жүргізеді.
Органолептикалық көрсеткіштерге балды зертханалық зерттеу жүргізу үшін 100 грамм ортаңғы сынаманы іріктейді, радиациялық бақылау жүргізу үшін салмағы кемінде 1 килограмм болатын ортаңғы сынаманы бөліп алады, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес бал партиясынан орама бірліктерінің іріктемесін құрайды.
21. Сынамаларын іріктеудің алдында ыдыстардағы сүтті мұқият араластырады. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылау үшін 250 мл нүктелі сынама іріктейді, ортаңғы сынаманың көлемі 1 литрді құрайды.
Уытты заттардың, антибиотиктердің қалдық мөлшерінің бар болуына радиациялық бақылау жүргізу үшін біріктірілген сынамадан салмағы кемінде 2 литр болатын ортаңғы сынама іріктеледі.
Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің сапасын физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау үшін өнімнің әр партиясынан біріктірілген сынама іріктеледі. Біріктірілген сынаманың көлемі 1,5 литрден аспайды.
Құтыларда шығарылатын сүт, кілегейден құтылардың 5%-ы іріктеуге жатады. Сынама іріктеу алдында сүтті піспекпен араластырады. Сынама құтының түбіне дейін түсірілетін металл түтікпен іріктеледі. Сынама іріктеуге түскен әр құтыдан зерттелетін өніммен шайылатын таза ыдысқа ауыстырылады және араластырғаннан кейін одан көлемі 500 текше сантиметр көлемінде ортаңғы сынама іріктеп алынады.
Көліктік ыдыстағы сүттің, қаймақтың партиясынан іріктеме көлемі өнімі бар көліктік ыдыс көлемінің 5 %-ын құрайды. Партияда кемінде 20 бірлік болған жағдайда бір орама бірлігі алынады.
Тұтынушы ыдысындағы (бөтелкелер, пакеттер) сүт өнімдерінен сынамаларды іріктеу кезінде буып-түю деректері нүктелі сынамалар болып табылады.
Тұтынушы ыдысындағы сүт, кілегей партиясынан іріктеме құрау кезінде біріктірілген сынаманы бөліп алу, ортаңғы сынаманы құрау үшін осы Қағидалардың 5-қосымшасына көрсетілген нормалар басшылыққа алынады.
Май, сүзбе, ірімшік, үйде дайындалған ашытқы сүт өнімдерінен нүктелі сынамаларды өнімнің әр түрлі қабаттарынан: кілегейден – 15 грамм, майдан – 10 грамм, сүзбеден, сүзбе ірімшіктен – 20 грамм, ашыған сүт өнімдерінен – 50 миллилитр мөлшерінде іріктейді.
22. Жұмыртқаның ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін партиядан орама бірліктеріне іріктеу жүргізіледі. Партиядағы орама бірліктерінен жұмыртқа іріктемесін құрау кезінде біріктірілген құрау және одан ортаңғы сынамаларды іріктеу үшін осы Қағидалардың 6-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес нормалар басшылыққа алынады.
Партиядағы даналар санынан жұмыртқа іріктемесін алу кезінде біріктірілген, кейіннен ортаңғы сынама құрау үшін осы Қағидалардың 6-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген нормалар басшылыққа алынады.
Үй жұмыртқаларынан әр түрлі нүктелерден: 50-ге дейін – 4 дана, 100-ге дейін – 6 дана, 1000-ға дейін – 10 дана, 2000-ға дейін – 15 дана, 3000-ға дейін – 20 дана мөлшерінде сынама іріктеледі.
Құрғақ жұмыртқа өнімдерін алу кезінде әр орама бірлігінен алынған кемінде үш-үштен нүктелі сынама іріктеледі, салмағы 200 граммнан аспайтын нүктелі сынама біріктірілген сынаманы құрайды, осы Қағидалардың 6-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген нормаларды басшылыққа алып, ортаңғы сынама бөліп алынады.
23. Балық және балық өнімдерінен сынамалар партияны барынша сипаттайтын әр түрлі жерлерден алынады, іріктемеге орамдардың 10%-ы енгізіледі. Тірі, балғын, салқындатылған партияны бақылау үшін балықтың массасы бойынша 1–2% алады. Зерттеуге балықтың барлық түрлері бөлек-бөлек жатқызылады.
Балықтың ұсақ даналарынан нүктелі сынамалар бүтін ұшалармен:
1) бір балықтың салмағы 100 граммға дейін болса әр орамадан 5 – 7 дана;
2) бір балықтың салмағы 1 килограмға дейін болса әр орамадағы 1 – 2 балықтан 100 граммнан 2 сынама мөлшерінде;
3) бір балықтың салмағы 1 кг-нан артық болса – 3 балықтан әр қайсысынан басынан арқа бөлігіне дейінгі ені 5 сантиметр жеке кесектер алынады, кемінде 1 килограммнан, қымбат балықтар үшін 500 граммнан аспайтын ортаңғы сынама бөліп алынады.
Описторхозға зерттеу үшін әрқайсысының ені арқа бөлігінен 5 сантиметрді құрайтын жеке кесектер алынады.
24. Кептірілген және мұздатылған ұсақ креветкалардың, крильдің, кальмардың, трубачтың біріктірілген сынамасының ортаңғы сынамасы 1 килограмнан аспауға тиіс.
25. Мұздатылған креветкалардың, крильдің, кальмардың, трубачь пен кептірілген омыртқасыздардың біріктірілген сынамасынан іріктеу ортаңғы сынама 1 килограммнан аспауға тиіс.
26. Мұздатылған балықтан сынама іріктеу кезінде – 1С температураға дейін ерітеді. Салмағы 1 килограмнан аспайтын ұсақ балықты талдау үшін мүшелемей алады, ал салмағы 1 килограммнан асатын балықты ұзындығы 5 сантиметрден аспайтын немесе 200 граммнан аспайтын кесектерге бөледі. Көліктік орамалардағы балық және балық өнімдерінен біріктірілген сынама, ортаңғы сынама құрау үшін осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген нормалар басшылыққа алынады.
27. Нетто салмағы 500 грамм және одан кем банкаларға салынған уылдырық үшін өнім партиясынан бес банка алынады. Әр іріктеп алынған банканың әр түрлі жерінен біріктірілген сынаманы құрайтын үш нүктелі сынама іріктеледі, одан салмағы 400 грамм ортаңғы сынама бөліп іріктеледі.
28. Салмағы 5 килограмнан артық бактардағы уылдырықтан бір банка алынады. Әр түрлі жерлерінен біріктірілген сынама, салмағы 400 грамм ортаңғы сынама құралатын нүктелі сынамалар іріктеледі.
4. Жануарлардан алынатын шикізаттың сынамаларын іріктеу ерекшеліктері
29. Сапасын анықтау үшін ішек-қарын партиясынан кемінде 2% тауарлы бірлік (буда, байлам, тізбек) алынады.
30. Бумаларға буып-түйілген жүн партиясынан 10% бума іріктеледі. Біріктірілген сынаманы әрқайсысының салмағы 50 граммнан аспайтын, әр саңылаудан қолмен алынған нүктелі сынамалардан құрайды. Біріктірілген сынамадан салмағы кемінде 1 килограмм болатын ортаңғы сынама іріктеледі.
5. Жемшөп пен жемшөп қоспаларының сынамаларын іріктеу ерекшеліктері
31. Егер жасыл жемшөп тікелей жануарларды азықтандыруға арналса, сондай-ақ улы өсімдіктермен, нитраттармен, пестицидтердің қалдықтарымен уланғандығына күдік туған кезде жасыл жемшөп сынамаларын жайылым, шабындық, жемшөп дақылдарының учаскелерінен алады. Сынамаларды іріктеу учаскесінің кемінде 10 нүктесінен алынады. Алынған нүктелі сынамаларды мұқият араластырады, тегіс қабат және шағын будалар етіп төсейді, кейін сынамаларды біріктіреді және салмағы 2 килограмм (ботаникалық құрамын анықтау үшін және химиялық анализге), радиациялық бақылау үшін кемінде 3 килограмм ортаңғы үлгі алады. Шабындықта үлгілерді әр шабудан алады. Ол үшін әр учаскеден ауданы 1–2 шаршы метр кемінде 10-нан бөлінген бөлімін бөліп алып, одан биіктіктегі жерден 5 сантиметр болатын шөп шабылады. Нүктелі сынамаларды алуды шықтан кейін және күн батқанға дейін құрғақ ауа райында жүргізеді, әр бөлінген бөліміндегі шалғы жолынан кемінде 10 жерден уыстап шөп алады.
32. Шөп маяның әр түрлі деңгейінен 0,5 – 1 метр биіктіктен бастап кем дегенде 10 нүктеден алынады. Нүктелі сынаманың салмағы 200 – 250 граммды құрауы тиіс. Маяланған шөптің әр 5 тоннасынан салмағы кемінде 2 килограммнан біріктірілген сынама іріктейді.
33. Сүрлем, пішендеме сынамаларын сақтауға (консервациялау үрдісі аяқталған соң) қойғаннан кейін кемінде 1 ай өткен соң және азықтандырғанға, өткізгенге немесе басқа шаруашылықтарға сатқанға дейін кемінде 10 күнге дейін сынама іріктейді. Жануарлардың сүрлемнен немесе пішеннен улануына күдік туған жағдайда сынаманы мұндай жағдайлар пайда болғаннан кейін тез арада алады.
Нүктелі сынамаларды қабаттың бүкіл тереңінен сынама алғышпен іріктейді. Сүрлемнен сапалық талдауға сынамаларды іріктеу кезінде негізгі массадан түсі бойынша қатты өзгешеленетін үстіңгі (бүлінген) қабатын алдын ала алып тастайды және үлгіге қоспайды, улануға күдік туған жағдайда жеке алады. Әр қоймадан кем дегенде үш сынама іріктейді. Бүйір тұстары ашық траншеяларда сынамаларды іріктеу нүктелерін бір бірінен тең ара қашықтықта диагональ бойынша орналастыру ұсынылады: біреуі траншеяның ортасында және екеуі қабырғадан (шетінен) 0,5 метр шетінде және бесеуі – құрылыстардың бүйір тұстарында; бүйір тұстары бар траншеяларда – қабырғадан 0,5 метр болуға тиіс. Біріктірілген сынаманы үлдір немесе брезентке орналастырады және мұқият әрі тез араластырғаннан кейін бірнеше жерден салмағы 1 килограмм шамасында ортаңғы сынама іріктеледі. Ортаңғы үлгіні банкаларға салады, хлороформ және толуол (1:1) қоспасын қосады, және оны бірдей бөліктермен 1 килограмм массасына 5 милилитр есебімен ыдыстың түбіне, ортасына және үстіне енгізеді, тығын немесе қақпақтарымен нығыздап жабады.
34. Қоймалар мен алаңдарда 1,5 метрге дейінгі биіктікте сақталатын бидайдан, арпадан, сұлы жармасынан нүктелі сынамалар бұрап кигізілетін штангалары бар қолдық қуыс бұрғымен алынады. Үйіндінің үстіңгі қабатын секцияларға бөледі (әрқайсысы шамамен 200 м2). Сынамаларды қойма қабырғасынан (алаң шетінен) және секцияның шекарасынан 1 метр қашықтықтан алты нүктеден бір-бірінен бірдей қашықтықтан алады. Партиядағы астық аз болғанда 100 метрге дейінгі алаңда партияның бетіндегі төрт нүктеден нүктелі сынамаларды іріктеу жіберіледі.
Нүктелі сынамалар үйіндінің жоғарғы беткейінен 10 – 15 сантиметр тереңдіктегі қабатынан, ортаңғы және төменгі қабаттарынан іріктеледі. Ортаңғы сынама кемінде 2 килограммнан, салмағы кемінде 100 граммнан 20-дан нүктелі сынама іріктеледі.
Егер келісімшартта арнайы ескертпе болмаса, нүктелі сынамалар әрбір тиелген вагондардан немесе автопоездан, 3,5 метрлік ұзындықты кузовтан (тіркемеден): салмағы кемінде 1 килограммнан төрт нүктеден, 3,5-нан 4,5 метрліктен салмағы кемінде 1,5 килограммнан алты нүктеден, 4,5-нан және одан көп метрліктен салмағы кемінде 2 килограммнан сегіз нүктеден іріктеледі. Әрбір топтамадан кемінде 2 килограммнан ортаңғы сынаманы бөліп шығарады.
Вагондарға, кемеге өнімді тиегенде (түсіргенде) тік түсетін ағыстың өзгеретін жерлерінде қиылыстыру жолымен тең уақыт аралығында ожау немесе автоматты сынама алғышпен, бұл ретте өнімнің жылдамдығы негізінде әрбір тоннаға 100 грамм есебінен, партиядан кемінде 2 килограммнан алады.
Тігілген қаптардан нүктелі сынамаларды қаптың қол жетімді үш нүктесінен қап тәрізді сүңгімен алады. Сүңгіні қаптың жіптерін жылжытып, науасын төмен қаратып, қаптың ортаңғы бөлігіне бағыттап енгізеді. Пайда болған тесікті сүңгінің ұшымен крест тәрізді әрекетпен бітейді. Ортаңғы сынаманың жалпы салмағы кемінде 2 килограммнан.
35. Үйінді түрінде сақталатын немесе жеткізіліп берілетін құнарландырылған жемшөп партиясынан нүктелі сынамалар ожау немесе конусты сүңгімен шахмат тәртібімен әр түрлі (үстіңгі, ортаңғы, төменгі) қабаттардан іріктеледі. Нүктелі сынамаларды біріктіреді, мұқият араластырады және салмағы кемінде 2 килограммнан біріктірілген сынама іріктеледі.
36. Сығындыдан, шроттан нүктелі сынамаларды іріктеу кезінде өнімді вагондарға, автокөлікке, кемеге тиеу (түсіру) кезінде тік түсетін ағыстың өзгеретін жерлерінде қиылыстыру жолымен тең уақыт аралығынан кейін ожау немесе автоматты сынама алғышпен іріктеледі. Нүктелі сынамаларды алу мерзімділігін белгілеу өнімнің жылдамдығы негізінде әрбір тоннаға 100 грамм есебінен, партиядан кемінде 2 килограмм болуға тиіс.
Қоймаларда үйінді түрінде сақталатын сығындыдан, шроттан нүктелі сынамаларды конусты сүңгімен күнжара үшін әр 1 шаршы метрден кейін және шроттар үшін әр 2 шаршы метрден кейін шахматты тәртіппен үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан іріктейді. Іріктелген нүктелі сынамаларды таза ыдысқа төгеді, мұқият араластырады және біріктірілген сынама іріктейді. Өнімнің ортаңғы сынамасын біріктірілген сынамадан кварттау жолымен қолмен бөліп алады. Партиядан сынаманың ортақ салмағы 2 килограммнан кем болмауға тиіс.
37. Ұнтақ тәрізді және ұсақ кристалды минералды заттардың, карбамидтің, фосфатты жемшөп қоспаларының ортаңғы үлгілерін іріктеуді астық және ұн тәрізді жемшөптерден сынамалар іріктеуге ұқсас әртүрлі жерлерден сүңгімен жүргізеді. Ортаңғы үлгіні 2 килограммға тең етіп жасайды.
Құрама жемдер, шөп ұны, ағаш жапырағының ұны, кебек, жарма, жемшөп ашытқысы, паприн, эприн және басқа да ақуыз жемшөптері. Қоймаларда, шаруашылықтарда даналанған және түйіршіктелген жемшөптен нүктелі сынамаларды вагонды немесе қамбалық сүңгімен, не әрқайсысы 4-5 шаршы метр алаңды шаршы орталығынан қалақпен іріктейді: үйіндінің 0,75 метрге дейінгі биіктігінде – үстіңгі және астыңғы қабаттарынан, 0,75 метрден жоғарыда – жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Талдау үшін ортаңғы үлгінің салмағы 2 килограммнан кем болмауға тиіс.
38. Бактериологиялық зерттеулер үшін жемшөптің әр партиясынан салмағы 500 граммнан екі ортаңғы үлгі алынады. Үлгілерді стерильді пластмасса немесе шыны ыдысқа немесе полиэтилен қапқа буып-түйеді.
6. Биологиялық және патологиялық материалдың сынамаларын іріктеу ерекшеліктері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
39. Тиісті биологиялық материалдың сынамаларын (қан, қан сарысуы, шырыш, зәр, қи, қырындылар, биопсия тәсілімен алынған материалдар) жануарлар ауруларын тірі кезінде диагностика жүргізу мақсатында жинайды.
Тиісті патологиялық материалдың сынамаларын инфекциялық, инвазиялық ауруға немесе улануға күдік туған кезде жануардың ауруының немесе өлім-жітімнің (құстарды, аңдарды, бал араларын, балықтарды қоса алғанда) себебін анықтау немесе растау мақсатында (патологиялық материал жас өлекселерден алынады) жинайды. Ұсақ жануарлар мен құстардың өлекселері бітеу ыдыста тұтастай ветеринариялық зертханаға жіберіледі. Сынамаларды мұздатылған күйінде жібереді, сондай-ақ жедел жөнелту кезінде құрғақ мұз қолданады. Жылдың жылы мезгілінде мұздатылмаған ағзалардан немесе төлдерден жеке ағзаларды консервілемей жөнелтеді, жоқ дегенде 30% глицерин ертіндісімен консервілейді. Ішкі ағзалардан – паренхиматозды ағзалардың бөлігін (жүрек, өкпе, көк бауыр, бүйрек, бауыр лимфа түйіні бар бауыр немесе өті жоқ өт қабы) стерильді қайшымен кеседі, әрқайсысын пергамент қағазына орайды және стерильді пакеттермен жолдайды. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін патологиялық материалды ұқыптылықпен (жәшікке немесе қораптарға буып-түйіледі) жеткізеді. Тұрып қалған өлекселерден міндетті түрде түтікше тәрізді сүйекті алады. Бактериологиялық зерттеу үшін өлген уақыты анықталмаған патологиялық материалдан жұлынды жібереді. Тұрып қалған өлекседен сібір жарасын анықтау үшін құлақ қуысы немесе басқа материал алынады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
40. Сұйық биологиялық материалды (қан, қан сарысуы, лимфа, жұлын сұйықтығы, өт және басқалар) диагностикалық зерттеулердің барлық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін көлемде бір рет қолданылатын шприц арқылы бір реттік шыны түтікке пункция арқылы жинайды. Пробиркаға малдардың бірдейлендіру нөмірлерін жазып белгілейді.
Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін сұйық патологиялық материалды (қан, ірің, зәр, өт, экссудаттар) жібереді:
1) дәнекерленген пастер пипеткаларында, материалды алу алдында пипетканың екі шетін фламбирлейді, ал жіңішке шетін тік бұрыш етіп иеді, сындырады және күйдірілген жерден ағзаға терең енгізеді, материалды сорып алғаннан кейін пипетканың қызып кетуіне жол бермей, оны екі шетінен дәнекерлейді, кейін әр пипетканы мақтаға орайды және пробиркаға орналастырады;
2) инесі бар қайнатылған шприцтің көмегімен, кейін жиналған сұйықтықты стерильденген пробиркаға құяды және резеңке тығынмен нығыздап жабады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
41. Серологиялық зерттеулер үшін қан сарысуын алу мақсатында қанды таңертең, жануарларды азықтандырғанға дейін алады. Серологиялық зерттеулер үшін ірі қара малдан, жылқыдан, қойдан, шошқадан 5 – 10 миллилитрден қан алады.
Жылқыдан, ірі қара малдан, түйелерден, бұғылардан, қой және ешкілерден қанды асептика ережелерін сақтай отырып мойынның жоғарғы үшінші бөлігінің күре тамырынан алады. Қан алатын жердің жүні мұқият қырқылады, ал терісі дезинфекцияланады. Шыны түтікке қан тамшылап емес, сорғалап ағуы керек. Тамшылап алынған және көпірген қан тез гемолизденеді және зерттеу кезінде бұрыс нәтиже береді. Қанды бір реттік зауыттық шприцпен алған кезде көпіртпей бірден алады және ақырындап шыны түтікшеге ауыстырады. Қанның жерге тамуын болдырмаған жөн. Ол үшін қанның бірінші порциясын жіберетін дезинфекциялық ерітіндісі бар банканы қолдану керек.
Шошқадан қанды құлағынан (шприці бар инемен), құйрығының ұшынан, алдыңғы қанды тері тамырынан (палая вена) (арқасымен жатқаны дұрыс) немесе көз тамырынан алады. Құйрығын алдын ала сабынды сумен жуады және дезинфекциялайды. Қанды алғаннан кейін құйрықтың шетін дезинфекциялық (йод және басқа да) ерітіндімен өңдейді, байлайды және күйдіреді.
Терісі бағалы аңдардан және құстардан 1-2 миллилитрден қан алады, құстардан қанды қанат асты тамырынан немесе айдарынан алады.
Түлкі мен ақ түлкілерден жая тамырынан, қара күзендерден артқы аяғының ортаңғы саусағының жастықшасын немесе құйрығының шетін кесу жолымен алады.
Қан сарысуын тұндыру әдісімен алады. Қанды қоюландыру және сарысуды тұндыру үшін қаны бар шыны түтіктерді 20–300С немесе 37–380С-да 30-60 минут ұстайды, қан ұйындысын ыдыс қабырғаларынан болат шабақпен (құрсау) бөледі, шабақты әр сынамадан кейін спиртовканың үстінде фламбирлейді. Шыны түтіктерді 4-100С-де 20-24 сағат ұстайды. Тұнған сарысуларды құрғақ, стерильді шыны түтіктерге құяды, тығынмен жабады және зертханаға жолдайды. Қанның консервіленбеген сарысуы суық (4-80С) жерде сақтаған кезде алған күннен бастап 6 күн ішінде зерттеу үшін жарамды.
Сарысуды консервілеуді үш әдіспен жүргізеді:
1) химиялық – тек классикалық серологиялық зерттеулер үшін үнемі араластыра отырып, 1 миллилитр сарысуға 5%-дық фенол ерітіндісінің 0,05 миллилитрін (1 тамшысын) қосып (агглютинация реакциясы (АР), комплиментті байланыстыру реакциясы (КБР), роз бенгал сынамасы (РБС), комплиментті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР). Сондай-ақ құрғақ бор қышқылымен (2-4% сарысу көлеміне) қаныққан ерітіндіні алғанға және шыны түтікшенің астында кішкене тұнба пайда болғанға дейін;
2) бір реттік мұздату жолымен. Қан зертханаға алынған күні жеткізіледі. Шыны түтікшедегі қанды алдын ала стерильді пастер пипеткасымен немесе шыны таяқшамен шыны түтікшенің шеттеріндегі қан ұйындысының қабатын алып тастап, бөлме температурасында 1-2 сағат ішінде немесе 37оС термостатта 0,5-1 сағат тұндырады. Ұйындының ретракциясын жақсарту үшін шыны түтікшені 4оС-да 1-2 сағатқа тоңазытқышқа орналастырады немесе минутына 3000 айналымда 10 минут немесе минутында 1500 айналымда 20 минут центрифугалайды. Сарысуды стерильді шыны түтікшелерге (ампула, флакон) немесе қақпағы бар «Эппенфорд» типті полистирол микро түтікшелерге стерильді пипеткалармен сорып алады.
Қан сарысуын тоңазытқышта зерттеуге дейін 2-40С температурада 4-6 күннен асырмай сақтауға болады. Ұзақ сақталған кезде (2 аптадан артық) қан сарысуы мұздатылған күйінде 20-250С температурада сақталуға тиіс, – 700С-ға дейін терең мұздатуға жол беріледі. Сарысуды 1 реттен артық мұздатуға және ерітуге жол берілмейді. Қанды жалпы жинау кезінде, сарысуды ұзақ сақтау кезінде зерттеуге дейін және антиденелердің белсенділігін жоғалтудың алдын алу мақсатында сарысу – 20-400С-дан артық емес температурада терең суықта сақталуға тиіс.
Мұздатылған сарысуды ерітуге жол бермейтіндей температуралық шарттарда (тоңазытқыш сөмкелерде немесе мұзы бар термостарда, құрғақ мұз пайдалануға болады) тасымалдау керек. Сарысуды пайдалану алдында толық еріту және антиденелердің концентрациясын болдырмау үшін мұқият араластыру керек;
3) кептіру (лептоспироз).
Сарысуды (0,4 миллилитр) фильтр қағазына (5х5 см) жағады және толық кепкенге дейін шашыраңқы жарықта ұстайды. Сарысуы бар әрбір бетте жай қарындашпен тиісті жазбалар жасайды, пергамент қағазына орайды (әр сынаманы жеке), конвертке буып-түйеді және сол күйінде құрғақ сарысудың әр сынамасын 2 миллилитр физикалық ерітіндісі бар шыны түтікшеге орналастыратын зертханаға жібереді. 6-10 сағат термостаттайды және 24 сағат бөлме температурасында ұстайды, кейін зерттейді. Құрғақ сарысу антигендік қасиетін 40-130 күн сақтайды. Фенол немесе бор қышқылымен консервіленген сарысу 30 күн бойы зерттеуге жарамды. Лайланған, өскінделген, гемолизденген сарысу зерттеуге жатқызылмайды. Қанның әр сынамасында тізімге сәйкес жануардың нөмірі немесе аты, жануар иесінің тегі көрсетіледі. Сынамалар тізіммен бірге екі данада жолданады.
42. Жануарлардың қан-жынын тік ішектен алады немесе стерильді стақандарға, банкаларға немесе пробиркаларға стерильді пинцетпен жинайды.
43. Ішекті бүтіндей емес, ең көп зақымдалған бөліктері бар кесінділерін жібереді. Кесінділер ішіндегісінен босатылады, стерильді сумен мұқият жуылады және стерильді банкаларға салынады.
44. Жіліктерді тұтастай, шеттері зақымдалмаған, сіңірі мен бұлшық етінен жақсылап тазаланған күйде жібереді.
45. Теріні стерильді, герметикалық жабылған күйінде кесек түрінде (10х10 көлемінде) жібереді. Сынамаларды ең көп зақымданған немесе теріні аз құнсыздандыратын бөліктерінен алады.
46. Бактериологиялық (вирусологиялық) зерттеу үшін:
1) тілмеге – жілікті, бүйректі;
2) сальмонеллезге – өт қабы бар бауыр бөлігін, көк бауырын, шажырқайдың лимфа түйіндерін, түтік тәрізді сүйекті;
3) пастереллезге – лимфа түйіндері бар өкпе бөлігін, көк бауырды, жүректі (қан тамырларын байлап), түтік тәрізді сүйекті және бұлшық ет ұлпасы бар инфильтраттарды;
4) түйнемеге – құлақтың кесілген жерінен, перифириялық тамырдан қанды немесе құлақ қалқанын кесіп жібереді (өлексенің жатқан жағындағы құлағына алдын ала екі лигатура салады, кесіндінің шеттерін күйдіреді);
5) бруцеллезге – түсірілген төлді толығымен (қабығымен) немесе ерекшелік ретінде өңеш пен тоқ ішек жағынан лигатурамен байланған төлдің қарынын қан-жынымен бірге. Шошқалардан бірге туған кемінде үш төлден, жылқылардан абцесстердің іріңі, және төл қабының зақымдалған, екозға ұшыраған телімдері, жоқ дегенде іш тастаған жануарлар жатырларының кілегейін және басқа бөлінділерін; сойылған жануарлардан – паренхиматозды ағзаларын, жұпталған, мезентериалды лимфа түйіндерін;
6) туберкулезге – сау ұлпалары бар өзгерген ағзалардың бөліктерін және белгісіз ошақтардағы аймақтық лимфа түйіндерін, түтікше тәрізді сүйекті;
7) лептоспирозға – бауырдың, бүйректің бөліктерін, нитраттық қанды, ликворды, зәрді;
8) аусылға – ашылмаған афталарды (аусыл вирусының типін анықтау үшін);
9) Ауески ауруына – басын (бас миын), көк бауыр, бауыр, бүйрек бөліктерін;
10) шешекке – везикула сатысындағы шешек зақымдануларын, шешек лимфасын немесе зақымдалған тері бөліктерін;
11) обаға – паренхиматозды ағзалар, бронхиалды, мезентериалды лимфа түйіндерін (бактериалды инфекцияны алып тастау үшін);
12) листериозға – паренхиматозды ағзаларды, бас миын;
13) некробактериозға – некротикалық зақымдануларын: аяқ бастарының, ауыз қуысының кілегейін, ішкі ағзаларын;
14) қарасанға, қатерлі ісікке – крепитацияланатын қабынған ісіктен стерильді алынған экссудатын, сондай-ақ зат шыныларындағы жұғындыларын, жарып-сою жағдайында – көк бауырдың, бүйректің және зақымдалған бұлшық еттің бөлігін;
15) микоплазмозға – өкпенің зақымдалған бөлігін;
16) актинамикозға – ағзалардың түйіндері бар зақымдалған бөліктерін;
17) компилобактериозға – қабығымен және қынап бөлінділерімен бірге, түсік тасталған төлді күпек кілегейін, ұрықты, қосалқы жыныс бездерін;
18) сақауға – лимфа түйіндерінің жарылмаған абцесстерінен стерильді алынған іріңді, мұрын ағындыларынан алынған іріңді. Патологиялық материалдан басты, жүректен және басқа зақымдалған ағзалардан алынған қанды;
19) құтыруға – ұсақ жануарлардың жас өлекселерін немесе ірі жануарлардың басын (бас миы) жібереді.
47. Гистологиялық зерттеулер үшін:
1) туберкулезге – ағзалардың зақымдаған бөлігін және аймақтық лимфа түйіндерін;
2) сальмонеллезге – бауырын;
3) лептоспирозға – жануардың өлімінен 30 минуттан кейін алынған бауырын, бүйрегін;
4) Ауески ауруына – сопақша миын және төрт төбешігін;
5) Тешен ауруына – жұлынның белдегі бөлігін, бас миының сұр затын (базальды бөлігі);
6) шешекке – терінің зақымдалған бөліктерін;
7) микоплазмозға – өкпенің зақымдалған бөліктерін;
8) бруцеллезге – түйіндері бар зақымдалған ағзаларын;
9) актинамикозға – түйіндері бар зақымдалған ағзаларын;
10) жылқының инфекциялық анемиясына (ИНАН) күдік туғанда – жүрегін (жүрек алды және қарыншалар), көк бауырын, өкпесін, 2х2 см мөлшеріндегі бүйрегін жібереді.
48. Химия-токсикологиялық зерттеулер үшін материалды таза, шыны банкаларға орналастырады: қарын мен ішек бір банкада, бауыр мен бүйрек басқа банкада.
Улануға күдік туған кезде өлім-жітімге ұшыраған жануарлардың өлекселерінен материалды:
1) өңештің бір бөлігін және ішіндегісінің 0,5 килограмы бар қарынның зақымдалған бөлігін, ал ірі қара мал мен ұсақ қара малдан өңеш пен ұлтабардың бір бөлігін;
2) аш ішектің ең зақымдалған бөлігінің кесіндісін (0,5 метрге дейін ұзындықта) ішіндегісімен бірге;
3) тоқ ішектің ең зақымдалған бөлігінің кесіндісін (40 сантиметрге – дейін ұзындықта) ішіндегісімен бірге;
4) өт қабы бар бауыр бөлігін (0,5 – 1 килограмм) жолдайды.
Бір мезгілде улану көзін анықтау мақсатында жануарларды азықтандырған барлық жемшөптерді (әр түрінен 1 килограмнан), одан басқа оттықтардағы жемшөп қалдықтарын міндетті түрде жібереді.
Балықтардың улануына күдік туған кезде – су қоймаларының түбіндегі зерттеуге арналған топырақты 2 килограмм мөлшерінде, химиялық талдау үшін суды зерттелетін судың барлық массасына сәйкес келетіндей 2 – 3 литр мөлшерінде тазалап жуылған кішкентай шыны сауыттарға алады. Тірі немесе жақында өлген балықтарды алады және таза ыдысқа буып-түйеді.
7. Судың, топырақтың, ауаның сынамаларын іріктеу ерекшеліктері
49. Топырақтың сынамасын топырақ бұрғысымен алады. Тексерілетін аумақты 16 шаршы метрден артық емес мөлшердегі телімдерге бөледі. Түйнеме қоздырғышы жайылды деген күдік туған аумақтан 15 см-ге дейінгі тереңдіктен топырақ сынамасын алады. Мал қорымдарының аумағынан алдымен топырақтың 2-3 сантиметр жоғарғы қабатын алады, кейін 2 метрге дейінгі тереңдіктен әр 25 сантиметрден сынамалар алады.
50. Судың сынамаларын батомер немесе арнайы бейімдендірілген бөтелкемен алады. Табиғи және жасанды су қоймаларынан су сынамаларын 10-15 сантиметр тереңдіктен және түбінен алады. Түбіндегі тұнбаның сынамалары – жаға жиегінде және оларды топырақ сынамаларындай зерттейді. Әр сынаманың көлемі – кемінде 0,5 литрден, жалпы көлемі кемінде 1 литрден.
Су құбырынан сынама іріктеу алдында құбырды жанып тұрған спирт тампонымен күйдіреді. Құбырды ашып, стерильді ыдысқа 0,5 литр су алады, кейін 10 минуттың ішінде суды жібереді және басқа стерильді ыдысқа тағы 0,5 литр алады.
51. Ауадан сынама іріктеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарынан сору құралы арқылы ауаны нақты бір жылдамдықпен жіберіп отырып немесе шектеулі құтыны толтыру арқылы алады. Орташа тәуліктік шаманы алудың тиімді тәсілі ауа сынамасын 24 сағат бойы үздіксіз алу болып табылады. Ауадан сынама іріктеу үшін электроаспираторлар, шаңсорғыштар мен басқа да ауа өткізетін қондырғылар, сонымен қатар, өткізілетін ауаны тіркеуші құралдар (реометрлер, ротаметрлер басқа да шығыс өлшегіштер) пайдаланылады.
8. Қорытынды ережелер
52. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық және биологиялық материал, су, топырақ сынамаларының зертханалық зерттеулерін жүргізу аяқталған соң ветеринариялық зертханаларда олардың көрсеткіштерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында сараптама актісі (сынақ хаттамасы немесе есебі) беріледі, сыналатын үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін есептен шығаруға және кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Бақылау сынамасы осы сынаманың жарамдылық мерзімі аяқталған соң кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Сынамаларды кәдеге жаратуды ветеринариялық зертхана директорының, бөлім бастығының, бас маманның қатысуымен арнайы құрылған комиссия жүргізіп, кейіннен барлық комиссия мүшелері қол қоятын жою актісі жасалады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
1-қосымша
Жануарлардан алынатын өнімдердегі және жемшөптегі заттардың ветеринариялық-санитариялық талаптар мен қауіпсіздік талаптарының көрсеткіштеріне зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынатын сынамалар сапасының қажетті массасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Р/с № |
Қауіпсіздік көрсеткішінің атауы |
Бір реттік зерттеу кезіндегі аспа салмағы (грамм) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Уытты элементтер: Қорғасын Кадмий Мырыш Мыс Мышьяк Сынап |
150,0 25,0 25,0 10,0 10,0 25,0 40,0 |
2 |
Антибиотиктер |
15,0 |
3 |
Пестицидтер |
15,0 |
4 |
Гормондық препараттар |
100,0 |
5 |
Радионуклеидтер (Сs-137, Sr-90) |
250,0 |
6 |
Микробиологиялық көрсеткіштер |
250,0 |
7 |
Балғындығы |
200,0 |
8 |
Гистологиялық сынақтар |
150,0 |
9 |
ПЦР зерттеулері |
5,0 |
10 |
Бенз(а)пирен |
25 |
Партиядан мал шаруашылығы өнімінің орташа сынамаларының санын іріктеу нормасы
Р/с № |
Партияның массасы, тонна |
Сынама саны, дана |
1 |
2 |
3 |
1 |
0,5 дейін |
1 |
2 |
0,51–3,0 |
2 |
3 |
3,1–5,0 |
3 |
4 |
5,1–10,1 |
5 |
5 |
10,1–15,0 |
8 |
6 |
15,1–20,0 |
10 |
7 |
20,1–50,0 |
11 |
8 |
50,1–80,0 |
12 |
9 |
80,1–100,0 |
13 |
10 |
100,1–500,0 |
14 |
11 |
500,1–1 000,0 |
15 |
12 |
1000,0 жоғары |
Әрбір 1000,0 – 1 сынама |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
2-қосымша
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу актісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
№_____ 20__ жылғы «___»___________
____________ облысы (қаласы) бойынша уәкілетті орган ведомствосының
облыстық (қалалық) аумақтық бөлімшесі
Кәсіпорынның атауы___________________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің материалдың атауы _________________
Сынаманы іріктеу орны _______________________________________________
(объектінің атауы және мекенжайы)
Мен (біз) ___________________________________________________________
(сынамасын іріктеу жүргізетін мемветсанбақылау өкілінің
Т.А.Ә, лауазымы)
_____________________________________________________________________
(орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің, заңды тұлға
өкіл(дер)інің лауазымы, Т.А.Ә
___________________________________________________________қатысуымен
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә) көрсетілсін)
________________________________________________тексеру өткіздім(дік)
(орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы)
Партияның көлемі __________________, келіп түскен күні_______________
(таза салмағы, орын саны)
_____________________________________________________________________
(көлік құралдарының атауы, бірлік саны және нөмірі көрсетілсін)
Ілеспе құжаттар _____________________________________________________
(құжат түрлерін атап өту, № және берілген күні)
Құжаттардың __________________________________________________болмауы
(қандайы көрсетілсін)
Өнім _____________________________________________________дайындалған
(шығарылған ел)
_____________________________________________________________________
Жарамдылық мерзімі __________________________________________________
(дайындаушы, дайындалған уақыты)
_____________________________________________________________________
Өнімді қарау қорытындысы ____________________________________________
(сыртқы түрі, иісі, ораманың бүтіндігі,
таңбалауға сәйкестігі, өнімнің
_____________________________________________________________________
ішкі температурасы және т.б.)
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің өнімдеріне лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін негіздеме:
_____________________________________________________________________
(жоспарлы бақылау және қадағалау тәртібінде; ветеринариялық-санитариялық қатынастар қауіпіне күдік; сапасыздығы туралы ақпарат алу; сақтау шартының бұзылуы; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі өтінген)
_____________________________________________________________________
Сынама ______ сағат ______минутта алынды _______________________________________________________________сәйкес
(құжат атауын көрсету)
саны___________________________________, нөмірленді және пломбаланған
(мөрленді)___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________үшін
(зертханалық зерттеулердің түрін көрсету)
___________________________________________________________жіберіледі
(ветеринариялық зертхананың атауын көрсету)
Сынамаларға іріктеу
жүргізген мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспектор: _______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә)
Өнім иесі немесе оның өкілі: _______________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә)
_____________________________________________________________________Сынамалар алынғаны туралы белгі:
Сынамаларды қабылдаған: _____________________________________________
(зертхана маманының қолы, лауазымы, Т.А.Ә
көрсетілсін)
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
3-қосымша
Құс, үй қояны партиясынан іріктеп алу нормасы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Партиядағы орама бірліктерінің саны |
Орама бірліктерін іріктейді және ашады |
1 |
2 |
10 дейін |
1 |
11–20 |
3 |
21–40 |
4 |
40–60 |
6 |
60–тан жоғары |
10 %, бірақ 7 бірліктен кем емес |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
4-қосымша
Балды іріктеп алу нормасы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Партиядағы орама бірліктерінің саны |
Іріктелетін орама бірліктерінің саны |
1 |
2 |
3–ке дейін |
1 |
4–20 |
3 |
21–30 |
4 |
31–40 |
5 |
41–60 |
6 |
61–80 |
8 |
81 және одан артық |
10 % |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
5-қосымша
Сүт, кілегей партиясынан іріктеп алу нормасы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Партиядағы өнімі бар көліктік ыдыс бірлігінің саны |
Сұрыптамадағы өнімі бар көліктік ыдыс бірлігінің саны |
1 |
2 |
100 дейін |
2 |
100 – 200 |
3 |
201 – 500 |
4 |
501 және одан артық |
5 |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Партиядағы орама бірліктерінен жұмыртқаны іріктеп алу нормасы
1-кесте
Партиядағы орама бірліктерінің саны, дана |
Іріктелетін орама бірліктерінің саны, дана |
Зерттеуге іріктелетін жұмыртқалардың саны, дана |
1 |
2 |
3 |
қоса алғанда 10 дейін |
1 |
20 |
11-ден – 50-ге дейін |
3 |
30 |
51-ден – 100-ге дейін |
5 |
50 |
101-ден – 500-ге дейін |
15 |
75 |
500-ден жоғары |
20 |
150 |
Партиядағы дана санынан жұмыртқаларды іріктеп алу нормасы
2-кесте
Партиядағы жұмыртқалардың саны, дана |
Іріктеп алу көлемі,% |
1 |
2 |
қоса алғанда 360 дейін |
10 |
631-ден – 3600-ге дейін |
5 |
3601-ден – 10800-ге дейін |
3 |
10801-ден – 36000-ге дейін |
0,5 |
36000-нан жоғары |
Жұмыртқа ұнтағын іріктеп алу нормасы
3-кесте
Партиядағы көліктік орама бірліктерінің саны, дана |
Іріктелетін көліктік орамалар саны |
1 |
2 |
1–5 |
1 |
6–50 |
5 |
51–100 |
10 |
101–200 |
15 |
201–300 |
20 |
300-ден жоғары |
25 |
Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектілердің сынамасын
іріктеу қағидаларына
7-қосымша
Балық және балық өнімдерінің көліктік орамаларын іріктеп алу нормалары
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.07 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Партиядағы өнімі бар көліктік ыдыс саны, дана |
Іріктелетін өнімі бар көліктік ыдыс саны, дана |
1 |
2 |
2–25 |
2 |
26–90 |
3 |
91–150 |
4 |
151–280 |
5 |
281–500 |
6 |
501–1200 |
8 |
1201–3200 |
13 |
3201–10000 |
20 |
10001 және одан артық |
30 |