Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасында:
«Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеудің күнтізбесі» деген бөлімде:
«Қараша – «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» деген 11-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл айда Қазақстанның нақты экономикалық тәуелсіздігі мен табысты қаржылық реформаларының рәмізі – ұлттық валюта – Теңге күні кеңінен мерекеленеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа объектілердің ашылуы болады.»;
«Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн күнтізбесі (2011 жылғы 26 қарашадан – 15 желтоқсанға дейін)» деген кіші бөлімде:
«Алтын теңге» (7 желтоқсан)» деген 12-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс-шаралардың негізгі желісі – ұлттық валюта – Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты белгілерінің бірі.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
47. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан саясаттанушыларының конгресін өткізу |
ПӘ-не ақпарат |
MM |
25 желтоқсан |
»;
реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
59. |
Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған агроөнеркәсіптік сектор жұмыскерлерінің республикалық форумын өткізу |
ПӘ-не ақпарат |
АШМ |
25 желтоқсан |
»;
реттік нөмірі 64-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 82-1-жолмен толықтырылсын:
«
82-1. |
Жетекші экономистер мен халықаралық инвесторлардың, сарапшылардың, саясатшылардың қатысуымен экономикалық форум өткізу |
ПӘ-не ақпарат |
ЭДСМ, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), |
25 желтоқсан |
»;
реттік нөмірлері 83, 97-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 98-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
98. |
Тәуелсіздік жылдары еліміздің қаржы жүйесінің дамуына үлес қосқан қаржыгерлерге құрмет көрсетуді ұйымдастыру |
ПӘ-не ақпарат |
Қаржымині, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), |
25 желтоқсан |
»;
реттік нөмірі 104-жол алып тасталсын;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ӘдМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі»;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
мыналар:
Майлыбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің
Бағлан Асаубайұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Комиссия төрағасының орынбасары,
Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі енгізілсін;
Архимед Бегежанұлы
М.С. Әшімбаев, Е.Н. Сағындықов, Д.Ж. Нөкетаева, А.С. Соловьева, А.З. Смайыл шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев