"2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1619 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы 

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасында:
      «Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеудің күнтізбесі» деген бөлімде:
      «Қараша – «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» деген 11-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл айда Қазақстанның нақты экономикалық тәуелсіздігі мен табысты қаржылық реформаларының рәмізі – ұлттық валюта – Теңге күні кеңінен мерекеленеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа объектілердің ашылуы болады.»;
      «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн күнтізбесі (2011 жылғы 26 қарашадан – 15 желтоқсанға дейін)» деген кіші бөлімде:
      «Алтын теңге» (7 желтоқсан)» деген 12-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іс-шаралардың негізгі желісі – ұлттық валюта – Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты белгілерінің бірі.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

47.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан саясаттанушыларының конгресін өткізу

ПӘ-не ақпарат

MM

25 желтоқсан

                                                             »;
      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

59.

Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған агроөнеркәсіптік сектор жұмыскерлерінің республикалық форумын өткізу

ПӘ-не ақпарат

АШМ

25 желтоқсан

                                                              »;
      реттік нөмірі 64-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 82-1-жолмен толықтырылсын:
«

82-1.

Жетекші экономистер мен халықаралық инвесторлардың, сарапшылардың, саясатшылардың қатысуымен экономикалық форум өткізу

ПӘ-не ақпарат

ЭДСМ, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша),
ҚР ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

25 желтоқсан

                                                                »;
      реттік нөмірлері 83, 97-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 98-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

98.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің қаржы жүйесінің дамуына үлес қосқан қаржыгерлерге құрмет көрсетуді ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

Қаржымині, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша),
облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

                                                                 »;
      реттік нөмірі 104-жол алып тасталсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      «ӘдМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі»;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
      мыналар:
Майлыбаев                   – Қазақстан Республикасы Президентінің
Бағлан Асаубайұлы             Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                              Комиссия төрағасының орынбасары,

Мұхамбетов                  – Ақтөбе облысының әкімі енгізілсін;
Архимед Бегежанұлы

      М.С. Әшімбаев, Е.Н. Сағындықов, Д.Ж. Нөкетаева, А.С. Соловьева, А.З. Смайыл шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады