Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткiзуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1642 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей
Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Украина Үкіметі,
2011 жылғы 23 қыркүйектегі Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 6-бабының 4-тармағына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сертификаттың түпнұсқасы кедендік декларациямен бірге Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының кеден органына беріледі.
Сертификатты Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының кеден органы мынадай:
сертификаттың нысаны осы Келісімнің 3-қосымшасында көзделген нысанға сәйкес келмейтін;
сертификатта көрсетілген мәліметтер кедендік декларацияда айтылғандарға сәйкес келмейтін немесе тауарды бір мәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік бермейтін;
ұсынылған сертификатта компания растамаған түзетулер (тазартулар) және/немесе толықтырулар болған;
ұсынылған сертификатта Украинаның кеден органының тауардың Украина аумағында кедендік ресімделгендігін растайтын белгісі болмаған жағдайларда осы Баптың 4-тармағында көзделген мақсаттар үшін жарамсыз деп таныуы мүмкін.
Сертификат Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының не Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес кеден органдарының мұрағатында сақталуға жатады.
Егер сертификат тауардың шығарылатын күніне дейін жарамсыз деп танылған жағдайда, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімдеріне сәйкес тауар Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағынан дереу шығаруға жатады.».
2. 7-баптың 1-тармағы «Осы Келісім 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Келісімге 1-қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Келісімге 2-қосымша мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде тауарларды жеткізу көлемі туралы
Тауар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде:
Беларусь Республикасының аумағына 72 мың тонна көлемінде,
Қазақстан Республикасының аумағына 42 мың тонна көлемінде жеткізіледі.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде тауар Ресей Федерациясының аумағына 150 мың тонна көлемінде жеткізіледі. 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығында тауарды Ресей Федерациясының аумағына жеткізу көлемі 2012 жылғы бірінші жартыжылдықтағы консультациялардың қорытындылары бойынша анықталады.».
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.
3-бап
Қазақстан және Украина Тараптары үшін осы Хаттама 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Беларусь және Ресей Тараптары үшін осы Хаттама 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және Беларусь және Ресей Тараптары Тараптарға осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаларды жіберген күннен бастап күшіне енеді.
2011 жылғы «___» __________ __________ қаласында орыс тілінде төрт данада жасалды.
Беларусь Қазақстан Ресей Украина
Республикасының Республикасының Федерациясының Үкіметі үшін
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Украинада шығарылатын болат
құбырлардың кейбір түрлерін
Беларусь Республикасының,
Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының аумағына
жеткізуді реттеу туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттамаға қосымша
Украинада шығарылатын болат
құбырлардың кейбір түрлерін
Беларусь Республикасының,
Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының аумағына
жеткізуді реттеу туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы хаттаманың редакциясындағы
Украинада шығарылатын болат
құбырлардың кейбір түрлерін
Беларусь Республикасының,
Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының аумағына
жеткізуді реттеу туралы келісімге
1-қосымша
Құбыр өнімінің тізбесі1
1-кесте
Тауардың сипаттамасы: |
КО СЭҚ ТН кодтары |
СЭҚ УТЖ кодтары |
1 |
2 |
3 |
Мұнай және газ құбырларына арналған құбырлар: |
7304 11 000 1 |
7304 11 00 10 |
Обсад, сорғы-компрессор және бұрғылау құбырлары: |
7304 22 000 1 |
7304 22 00 00 |
Суықтай күйінде деформацияланған, прецизиялық, шойынды құймадан жасалған, жіксіз құбырлар: |
7304 31 200 1 |
7304 31 20 00 |
Ыстықтай күйінде деформацияланған, шойынды құймадан жасалған, жіксіз құбырлар: |
7304 39 920 0 |
7304 39 92 10 |
Дәнекерленген құбырлар: |
7305 11 000 1 |
7305 11 00 10 |
Басқалары: |
7304 31 800 0 |
7304 39 10 00 |
Ескертпе:
1Осы Келісімді қолдану мақсаты үшін КО СЭҚ ТН және СЭҚ УТЖ сәйкес тек тауарлар коды ғана қолданылады. Тауардың сипаттамасы пайдалануға қолайлы болу үшін келтірілген