Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1642 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткiзуді реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1642 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба

Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей
Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Украина Үкіметі,
      2011 жылғы 23 қыркүйектегі Украинада шығарылатын болат құбырлардың кейбір түрлерін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 6-бабының 4-тармағына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Сертификаттың түпнұсқасы кедендік декларациямен бірге Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының кеден органына беріледі.
      Сертификатты Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының кеден органы мынадай:
      сертификаттың нысаны осы Келісімнің 3-қосымшасында көзделген нысанға сәйкес келмейтін;
      сертификатта көрсетілген мәліметтер кедендік декларацияда айтылғандарға сәйкес келмейтін немесе тауарды бір мәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік бермейтін;
      ұсынылған сертификатта компания растамаған түзетулер (тазартулар) және/немесе толықтырулар болған;
      ұсынылған сертификатта Украинаның кеден органының тауардың Украина аумағында кедендік ресімделгендігін растайтын белгісі болмаған жағдайларда осы Баптың 4-тармағында көзделген мақсаттар үшін жарамсыз деп таныуы мүмкін.
      Сертификат Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының не Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес кеден органдарының мұрағатында сақталуға жатады.
      Егер сертификат тауардың шығарылатын күніне дейін жарамсыз деп танылған жағдайда, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімдеріне сәйкес тауар Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағынан дереу шығаруға жатады.».
      2. 7-баптың 1-тармағы «Осы Келісім 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Келісімге 1-қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      4. Келісімге 2-қосымша мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде тауарларды жеткізу көлемі туралы

      Тауар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде:
      Беларусь Республикасының аумағына 72 мың тонна көлемінде,
      Қазақстан Республикасының аумағына 42 мың тонна көлемінде жеткізіледі.
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде тауар Ресей Федерациясының аумағына 150 мың тонна көлемінде жеткізіледі. 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығында тауарды Ресей Федерациясының аумағына жеткізу көлемі 2012 жылғы бірінші жартыжылдықтағы консультациялардың қорытындылары бойынша анықталады.».

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Қазақстан және Украина Тараптары үшін осы Хаттама 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Беларусь және Ресей Тараптары үшін осы Хаттама 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және Беларусь және Ресей Тараптары Тараптарға осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаларды жіберген күннен бастап күшіне енеді.

      2011 жылғы «___» __________ __________ қаласында орыс тілінде төрт данада жасалды.

     Беларусь          Қазақстан           Ресей          Украина
Республикасының    Республикасының    Федерациясының   Үкіметі үшін
   Үкіметі үшін       Үкіметі үшін      Үкіметі үшін

Украинада шығарылатын болат   
құбырлардың кейбір түрлерін   
Беларусь Республикасының,    
Қазақстан Республикасының және 
Ресей Федерациясының аумағына  
жеткізуді реттеу туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар   
енгізу туралы хаттамаға қосымша

Украинада шығарылатын болат    
құбырлардың кейбір түрлерін    
Беларусь Республикасының,     
Қазақстан Республикасының және  
Ресей Федерациясының аумағына   
жеткізуді реттеу туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы хаттаманың редакциясындағы
Украинада шығарылатын болат    
құбырлардың кейбір түрлерін    
Беларусь Республикасының,    
Қазақстан Республикасының және  
Ресей Федерациясының аумағына  
жеткізуді реттеу туралы келісімге
1-қосымша           

Құбыр өнімінің тізбесі1
1-кесте

Тауардың сипаттамасы:

КО СЭҚ ТН кодтары

СЭҚ УТЖ кодтары

1

2

3

Мұнай және газ құбырларына арналған құбырлар:

7304 11 000 1
7304 11 000 2
7304 11 000 9
7304 19 100 1
7304 19 100 2
7304 19 100 9
7304 19 300 1
7304 19 300 2
7304 19 300 9
7304 19 900 1
7304 19 900 2
7304 19 900 9

7304 11 00 10
7304 11 00 90
7304 19 10 10
7304 19 10 90
7304 19 30 10
7304 19 30 90
7304 19 90 10
7304 19 90 90

Обсад, сорғы-компрессор және бұрғылау құбырлары:

7304 22 000 1
7304 22 000 2
7304 22 000 9
7304 23 000 1
7304 23 000 2
7304 23 000 9
7304 24 000 1
7304 24 000 2
7304 24 000 3
7304 24 000 4
7304 24 000 5
7304 24 000 6
7304 24 000 9
7304 29 100 1
7304 29 100 2
7304 29 100 3
7304 29 100 9
7304 29 300 1
7304 29 300 2
7304 29 300 3
7304 29 300 4
7304 29 300 9
7304 29 900 1
7304 29 900 9

7304 22 00 00
7304 23 00 00
7304 24 00 00
7304 29 10 00
7304 29 30 00
7304 29 90 00

Суықтай күйінде деформацияланған, прецизиялық, шойынды құймадан жасалған, жіксіз құбырлар:

7304 31 200 1
7304 31 200 9
7304 31 800 0
7304 51 120 0
7304 51 180 1
7304 51 180 9
7304 51 810 0
7304 51 890 0

7304 31 20 00
7304 31 80 10
7304 31 80 90
7304 51 12 00
7304 51 18 00
7304 51 89 00

Ыстықтай күйінде деформацияланған, шойынды құймадан жасалған, жіксіз құбырлар:

7304 39 920 0
7304 39 930 0
7304 59 320 0
7304 59 380 0
7304 59 920 0
7304 59 930 0

7304 39 92 10
7304 39 92 90
7304 39 93 10
7304 39 93 90
7304 59 32 00
7304 59 38 00
7304 59 92 10
7304 59 92 90
7304 59 93 10
7304 59 93 90

Дәнекерленген құбырлар:

7305 11 000 1
7305 11 000 2
7305 11 000 3
7305 11 000 4
7305 11 000 8
7305 12 000 1
7305 12 000 9
7305 19 000 0
7305 20 000 1
7305 20 000 9
7305 31 000 0
7305 39 000 0
7305 90 000 0
7306 11 100 0
7306 11 900 0
7306 19 100 0
7306 19 900 0
7306 21 000 0
7306 29 000 0
7306 30 110 0
7306 30 190 0
7306 30 410 0
7306 30 490 0
7306 30 720 0
7306 30 770 1
7306 30 770 9
7306 30 800 0
7306 40 200 1
7306 40 200 9
7306 40 800 1
7306 40 800 9
7306 50 200 0
7306 50 800 0
7306 61 100 0
7306 61 920 0
7306 61 990 0
7306 69 100 0
7306 69 900 0

7305 11 00 10
7305 11 00 90
7305 12 00 10
7305 12 00 90
7305 19 00 00
7305 20 00 00
7305 31 00 10
7305 31 00 90
7305 39 00 10
7305 39 00 90
7305 90 00 00
7306 11 10 10
7306 11 10 90
7306 11 90 10
7306 11 90 90
7306 19 11 10
7306 19 11 90
7306 19 19 10
7306 19 19 90
7306 19 90 10
7306 19 90 90
7306 21 00 00
7306 29 00 00
7306 30 11 00
7306 30 19 00
7306 30 41 10
7306 30 41 90
7306 30 49 10
7306 30 49 90
7306 30 72 10
7306 30 72 90
7306 30 77 10
7306 30 77 90
7306 30 80 10
7306 30 80 90
7306 40 20 10
7306 40 20 90
7306 40 80 10
7306 40 80 90
7306 50 20 00
7306 50 80 10
7306 50 80 90
7306 61 11 00
7306 61 19 00
7306 61 91 00
7306 61 99 00
7306 69 10 00
7306 69 90 00

Басқалары:

7304 31 800 0
7304 39 100 0
7304 39 520 0
7304 39 580 0
7304 39 920 0
7304 39 980 0
7304 41 000 1
7304 41 000 9
7304 49 100 0
7304 49 930 0
7304 49 950 0
7304 49 990 0
7304 51 890 0
7304 59 100 0
7304 59 920 0
7304 59 930 0
7304 59 990 0
7304 90 000 0
7306 90 000 1
7306 90 000 9

7304 39 10 00
7304 39 30 00
7304 39 52 10
7304 39 52 90
7304 39 58 10
7304 39 58 90
7304 39 99 10
7304 39 99 90
7304 41 00 10
7304 41 00 90
7304 49 10 00
7304 49 92 10
7304 49 92 90
7304 49 99 10
7304 49 99 90
7304 51 81 00
7304 59 10 00
7304 59 99 10
7304 59 99 90
7304 90 00 00
7306 90 00 00

      Ескертпе:
      1Осы Келісімді қолдану мақсаты үшін КО СЭҚ ТН және СЭҚ УТЖ сәйкес тек тауарлар коды ғана қолданылады. Тауардың сипаттамасы пайдалануға қолайлы болу үшін келтірілген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады