"Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1677 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1754 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1754 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 356-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1677 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен   
бекітілген       

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, кіші түрлер бойынша:
      1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) мыналардан:
      өндірістік үй-жайлардан (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайлардан (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған жабдықтардан (өтінім берушінің қолымен расталған, өндіруші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарының көшірмелері);
      өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген зертханадан (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда техникалық реттеу және метрология жөніндегі мемлекеттік орган берген аккредиттеу туралы куәліктің, зертхананың қызмет көрсету жөніндегі шартының нотариалды расталған көшірмелері) тұратын меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның;
      2) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;
      3) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінім беруші бекіткен әр пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмесі);
      4) ұйым стандартына сәйкес өтінім беруші бекіткен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсіптік) регламенттің;
      5) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (химиялық немесе технологиялық) білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 5 жылдан кем емес, мамандар үшін – 3 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (3 адамнан кем емес) білікті құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесінен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.
      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайларының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
      2) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;
      3) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы агрономиялық білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшы үшін – 2 жылдан кем емес, маман үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшының және маманның бiлiктi құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесiнен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.
      3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық тәсілмен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі арнайы техника мен жабдықтың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда өндіруші зауыт берген арнайы техника мен жабдық паспорттарының, аккредиттелген машина сынау станциясы берген қорытындылардың нотариалды расталған көшірмелері, сондай-ақ өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген арнайы техника мен жабдықтың тізімдемесі);
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдық үшін пайдаланылатын меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі көлік құралдарының немесе тракторлардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген көлік құралының немесе трактордың техникалық паспорттарының тіркелгені туралы куәліктерінің нотариалды расталған көшірмелері, сондай-ақ өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген негізгі құралдардың тізімдемесі);
      3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайларының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
      4) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;
      5) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 2 жылдан кем емес, мамандар үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (2 адамнан кем емес) бiлiктi құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесiнен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2007 года № 757 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к видам деятельности по производству (формуляции), реализации и применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1677. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 1754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2012 № 1754 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).


      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2007 года № 757 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к видам деятельности по производству (формуляции), реализации и применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 32, ст. 356) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами.";
      квалификационные требования, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30 января 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 30 декабря 2011 года № 1677

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 29 августа 2007 года № 757

Квалификационные требования,
предъявляемые к деятельности по производству (формуляции)
пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов
(ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов)
аэрозольным и фумигационным способами

      Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами, по подвидам:
      1. Квалификационные требования, предъявляемые к подвиду деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), включают наличие:
      1) производственно-технической базы на праве собственности или ином законном основании, состоящей из:
      производственных помещений (копии правоустанавливающих документов или иных документов, подтверждающих соответствующие права, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      складских помещений для хранения пестицидов (ядохимикатов) (копии правоустанавливающих документов или иных документов, подтверждающих соответствующие права, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      оборудования для производства (формуляции) пестицидов (ядохимикатов) (копии эксплуатационных паспортов заводов-изготовителей на оборудование, заверенные подписью заявителя);
      аккредитованной лаборатории для проведения контроля соответствия качества производимых (формулируемых) пестицидов (ядохимикатов) техническим регламентам, стандартам и нормативам (копии свидетельства об аккредитации, выданного государственным органом по техническому регулированию и метрологии, договора об оказании услуг лабораторией, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      2) лицензии на право перевозки опасных грузов (при осуществлении деятельности по перевозке опасных грузов) или договора с физическим или юридическим лицом на оказание транспортных услуг по перевозке опасных грузов, имеющим лицензию на право перевозки опасных грузов (нотариально заверенные копии лицензии либо договора на оказание транспортных услуг по перевозке опасных грузов с приложением соответствующей лицензии в случае непредставления оригиналов для сверки);
      3) стандарта организации на производство (формуляцию) каждого пестицида (ядохимиката), утвержденного заявителем в соответствии с Законом Республики Казахстан "О техническом регулировании" (нотариально заверенная копия в случае непредставления оригинала для сверки);
      4) технологического (промышленного) регламента на производство (формуляцию) пестицидов (ядохимикатов), утвержденного заявителем в соответствии со стандартом организации;
      5) квалифицированного состава технических руководителей (не менее 2 человек) и специалистов (не менее 3 человек), имеющих соответствующее образование (для руководителей - высшее техническое или технологическое образование, для специалистов - высшее или среднее специальное (химическое или технологическое образование), опыт практической работы по специальности (для руководителей - не менее 5 лет, для специалистов - не менее 3 лет) (выписка из штатного расписания и сводная таблица, включающая фамилию, имя, отчество, специальность по образованию, должность, стаж работы по специальности, подписанные и скрепленные печатью заявителя).
      2. Квалификационные требования, предъявляемые к подвиду деятельности по реализации пестицидов (ядохимикатов), включают наличие:
      1) складских помещений для хранения пестицидов (ядохимикатов) на праве собственности или ином законном основании (копии правоустанавливающих документов или иных документов, подтверждающих соответствующие права, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      2) лицензии на право перевозки опасных грузов (при осуществлении деятельности по перевозке опасных грузов) или договора с физическим или юридическим лицом на оказание транспортных услуг по перевозке опасных грузов имеющим лицензию на право перевозки опасных грузов (нотариально заверенные копии лицензии либо договора на оказание транспортных услуг по перевозке опасных грузов с приложением соответствующей лицензии в случае непредставления оригиналов для сверки);
      3) квалифицированного состава технического руководителя и специалиста, имеющих соответствующее образование (для руководителя - высшее, для специалиста - высшее или среднее специальное агрономическое образование, опыт практической работы по специальности (для руководителя - не менее 2 лет, для специалиста - не менее 1 года) (выписка из штатного расписания и сводная таблица, включающая фамилию, имя, отчество, специальность по образованию, должность, стаж работы по специальности, подписанные и скрепленные печатью заявителя).
      3. Квалификационные требования, предъявляемые к подвиду деятельности по применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами, включают наличие:
      1) специальной техники и оборудования для применения пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным способом на праве собственности или ином законном основании (копии паспортов на специальную технику и оборудование, выданных заводом-изготовителем, заключений, выданных аккредитованными машинно-испытательными станциями, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки, а также опись специальной техники и оборудования, подписанная и скрепленная печатью заявителя);
      2) транспортного средства или трактора, используемого для специальной техники и оборудования по применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами, на праве собственности или ином законном основании (копии свидетельства о регистрации транспортного средства или технического паспорта на трактор, выданных соответствующими уполномоченными государственными органами, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки, а также опись основных средств, подписанная и скрепленная печатью заявителя);
      3) складских помещений для хранения пестицидов (ядохимикатов) на праве собственности или ином законном основании (копии правоустанавливающих документов или иных документов, подтверждающих соответствующие права, нотариально заверенные в случае непредставления оригиналов для сверки);
      4) лицензии на право перевозки опасных грузов (при осуществлении деятельности по перевозке опасных грузов) или договора с физическим или юридическим лицом на оказание транспортных услуг по перевозке опасных грузов, имеющим лицензию на право перевозки опасных грузов (нотариально заверенные копии лицензии либо договора на оказание транспортных услуг по перевозке опасных грузов с приложением соответствующей лицензии в случае непредставления оригиналов для сверки);
      5) квалифицированного состава технических руководителей (не менее 2 человек) и специалистов (не менее 2 человек), имеющих соответствующее образование (для руководителей - высшее техническое или агрономическое образование, для специалистов - высшее или среднее специальное (техническое или агрономическое образование), опыт практической работы по специальности (для руководителей - не менее 2 лет, для специалистов - не менее 1 года) (выписка из штатного расписания и сводная таблица, включающая фамилию, имя, отчество, специальность по образованию, должность, стаж работы по специальности, подписанные и заверенные печатью заявителя).