Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1754 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1677 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1677 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 613 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 316-құжат) 1-тармағының және 2-тармағының 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен
бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1677 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, кіші түрлер бойынша:
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары:
1) мыналардан:
өндірістік үй-жайлардан (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайлардан (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған жабдықтардан (өтінім берушінің қолымен расталған, өндіруші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарының көшірмелері);
өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген зертханадан (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда техникалық реттеу және метрология жөніндегі мемлекеттік орган берген аккредиттеу туралы куәліктің, зертхананың қызмет көрсету жөніндегі шартының нотариалды расталған көшірмелері) тұратын меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;
3) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінім беруші бекіткен әр пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмесі);
4) ұйым стандартына сәйкес өтінім беруші бекіткен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсіптік) регламенттің;
5) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (химиялық немесе технологиялық) білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 5 жылдан кем емес, мамандар үшін – 3 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (3 адамнан кем емес) білікті құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесінен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары:
1) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайларының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
2) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;
3) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы агрономиялық білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшы үшін – 2 жылдан кем емес, маман үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшының және маманның бiлiктi құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесiнен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық тәсілмен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі арнайы техника мен жабдықтың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда өндіруші зауыт берген арнайы техника мен жабдық паспорттарының, аккредиттелген машина сынау станциясы берген қорытындылардың нотариалды расталған көшірмелері, сондай-ақ өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген арнайы техника мен жабдықтың тізімдемесі);
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдық үшін пайдаланылатын меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі көлік құралдарының немесе тракторлардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген көлік құралының немесе трактордың техникалық паспорттарының тіркелгені туралы куәліктерінің нотариалды расталған көшірмелері, сондай-ақ өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген негізгі құралдардың тізімдемесі);
3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалық үй-жайларының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда құқық белгілейтін құжаттардың немесе тиісті құқығын растайтын өзге де құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері);
4) қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына (қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) берілген лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тиісті лицензияны қоса бере отырып қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметін көрсетуге арналған лицензияның немесе шарттың нотариалды расталған көшірмелері) бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалған қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге арналған шарттың;
5) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім), мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 2 жылдан кем емес, мамандар үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (2 адамнан кем емес) және мамандардың (2 адамнан кем емес) бiлiктi құрамының (өтінім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесiнен және жиынтық кестеден үзінді) болуын қамтиды.