Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды тұлғалары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығының Кеден ісі және шекаралық мәселелері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары лауазымына бекітуге Сәуле Марланқызы Пірімбетованың кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы мақұлдансын.
2. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 шілдедегі № 716 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов